Менің бала кезден есімде қалған алғашқы естелігім
қоныс аударумен байланысты. Бұл ата-анамның өміріндегі
маңызды кезең болатын. Балаларының болашағы үшін
жақсы білім алып, үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізуі үшін
олар
туған
ауылдары
Қамыстыдан
(Қостанай
облысындағы аудан орталығы) облыс орталығы –
Қостанай қаласына көшуге бел буды.
Ол кезде менің жасым небəрі үште еді. Алайда,
отбасымыз үшін маңызды болған осы бір жəйт, менің əлі
де көз алдымда. Ауылдағылар əке-шешемді жақсы көріп,
сыйлайтын.
Сондықтан
бізді
шығарып
салуға
келгендердің қарасы қалың болды. Оның ішінде тек туған-
туыстар
ғана емес, ауыл тұрғындары да бар еді. Күн болса,
мидай ыстық. Бір кезде шақырайған күннен əкемнің
мұрнынан қан кетті. Осы көріністі, қып-қызыл болған бет
орамал мен жанымыздағы бір топ адамды мен өмір бойы
ұмытпаймын.
Ата-анамыз қалаға бірінші болып, өздері көшті. Егде
жастағы зейнеткер кісілердің үйінен бір бөлмені жалға
алды, кейін қарындасым екеумізді ауылдан алып кетті. Ол
заман үшін бұл өте батыл қадам болатын. Ауылдағы
үйлерін, жылдар бойы жинағанын,
ескі достарын,
туыстарын, ақкөңіл көршілерін, бір сөзбен айтқанда жап-
жақсы жағдайдың бəрінен бас тартып, біздің жарқын
болашағымыз үшін осындай тəуекелге бел буды.
Ұрпағының келешегі үшін, білімді азамат болуы үшін
олар осындай қадамға барды. Соның салдарынан алғашқы
жылдары көп қиындықтарға тап болды.
Қырық градустық қақаған аяздар, ата-анамның жеке
қарсы жүріп, бізді балабақшаға
шанамен тасыған кездері
əлі есімде. Үйге келгенде мұздаған саусақтарымды сезбей
қалатынмын. Сонан соң қолдан жасаған жылытқышқа
жылынып, оның оттай жанған спиральдарына қарап
отыратынмын. Тұла бойым біртіндеп жылып, денем
икемге келе бастайтын…
Сол шағын бөлмеден кейінгі біздің келесі тұрағымыз
жатақхана болды. Онда ұзақ уақыт бойы, тіпті мен мектеп
бітіргенге дейін тұрдық. Кеңес заманындағы қарапайым
қызметкерлер (əкем –
элеваторда ауысым бастығы, ал анам
бухгалтер болды) өз пəтерлеріне менің жасым 15-ке
толғанда қол жеткізді. Мұндай өмір салты қазіргі
заманның адамдарына біртүрлі көрінетін шығар. Алайда,
сот уақытта төрт адамның бір бөлмеде өмір сүруі –
қалыпты жағдай еді. Əрине, онда кереметтей жайлылық
болған жоқ. Бүтін бес қабатты ғимаратта бір ғана
жуынатын бөлме, ол аздай ешқашан ыстық су мен жарық
болмайтын.
Сондықтан қараңғыда жуынып, шынығуға
тура келді. Алайда, ең қиыны əжетханаға бас сұғу еді. Бір
қабатта 20 отбасы тұрды.
Дегенмен, тұрмыстың осындай тауқыметтері менің
мінезімді бала кезден «қатайтты». Сондықтан, студенттер
өңірлердегі
қиын
тұрмыстық
жағдайды
айтып
шағымданғанда, мен де хан сарайында дүниеге
келмегенімді айтамын жəне бар артықшылығым осында
деп білемін.
Достарыңызбен бөлісу: