Сәрсенова Перизат Иманәліқызы



Дата06.07.2018
өлшемі120,5 Kb.
#47531
Сәрсенова Перизат Иманәліқызы,

Дінмұхамед Қонаев атындағы

№19 мектеп- гимназиясы

бастауыш сынып мұғалімі




Қазақстан таулары
Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың бұрын алған білімдеріне және өмір тәжірбиесіне

сүйене отырып, қазақстан таулары,олардың пайдалы қазбалары жайлы бағыт беру.

2. Тақырыптың мағынасын ашып өздері талдау жасап, дұрыс-бұрыстығына көздерін жеткізу. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы жаңаша ойлау дағдысын қалыптастыру.

3. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі. Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап ,топтық жұмыс, түсіндіру,ойландыру,салыстыру,баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, бейне көрініс, суреттер.

Сабақтың барысы:


  1. Психологиялық дайындық

Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық:

Амансыздар ма, қонақтар,

Амансыз ба , алтын күн,

Амансыз ба ,Жер ана,

Амансыз ба ,достарым

Сендерді көрсем қуанам.

Балалар бүгін біз үш топқа бөліндік. Ендеше жұмбақ шешу арқылы тобымыздың атын белгілейік.


  1. Шыққанда шығыны жоқ,

Жауса жауын бүйірі жоқ

Қыста жылтыр қақ болар,

Түртініктеп тынымы жоқ.

(Өзен)


  1. Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем.

(Жер)


  1. Үлкен, үлкен түйені

Тастапты атам мөгеріп,

Өркені бұлтқа тиеді

Бауыры жатыр көгеріп.

(Тау)


2.Үй тапсырмасын сұрау.

Сабит Мұқановтың «Есіл» романынан үзінді

Автор туралы айту (жалпы)
1топ.Тақырыптың мазмұнын айту (тізбектеп)

2-топ.Жоспар құру

3-топ. Сурет салу

Үй тапсырмасын қорытындылау.

Әр топ бір-біріне сұрақ қою арқылы қорытындылау.

1-топ. Тоғай ағаштарын ата.

Жауап: үйеңкі,қабықты қайың,қалайы қабықты терек, мыс қабықты мойылы, теңселген тал,шиборбай шілігі, шымшымпаз шеңгел,кірпі түкті тікен мен долана, торы тобылғысы.

2-топ.Тоғайдағы құстар мен жануарларды ата.

Жауап: Саңқұлдаған аққу,Қаңқылдаған қаз, шағқылдаған шағала, безектеген қазғыш,барқылдаған үйрек, сайраған бұлбұл, шықылықтаған сауысқан, қарқылдаған қарға,шырылдаған шегіртке.

3-топ. Есіл туралы не білесің?

Жауап: Есіл өзені Астананың қақ ортасын алып жатыр.Ертеректе Есіл өзені «Ишим» деп аталған.Ұзындығы 2450 км, ал ауданы 177 мың км.кв.

3.Қызығушылығын ояту

1.Сөз жұмбақ шешу



Ж
























У













А



















Л



















Ы






1) Табиғат құбылысы

2) Үй құсы

3)Жеміс


4)Бауырымен жорғалаушы

5)Ұлттық ойын

2.Жуалының Табиғатын сипаттап өту( Видеоролик көрсету)

Біздің туған жеріміз-Жуалы. Алатау мен Қаратаудың тоғысқан жерінде Бөкейтау орналасқан. Қазақстандағы басқа қандай тауларды білесіңдер? (Оқушылар жауап береді)

Ендеше бүгінгі біздің сабағымыз: Қазақстан таулары

1.Автор туралы айту

2. Өлеңді мәнерлеп оқу

Қазақстан таулары

Әр ауылы-ән отау,

Жетісу-жер жаннаты.

Асқаралы Алатау,

Құшағында –Алматы.
Кәмнен қуат аламыз,

Тау болмаса, сән қайда?!

Жатыр ұлы даламыз

Арқа сүйеп Алтайға!


Көкке жеткен түндігі

Тауларыммен мақтанам.

Ұлытау-жер кіндігі,

Ұлт бірлігін сақтаған!


Көкшетауда мүсін көп,

Көрген адам тамсанған.

Әрбір тасы сыр шертіп,

Аққайыңы ән салған!


3.Тізбектеп оқыту

4.Сұрақтарға жауап беру

5.Дәптермен жұмыс

Таудың бәрі тағдырлы-кез келген таудың өзіндік тарихы, басынан өткен оқиғасы бар деген сөз.

6.Сергіту сәті

7.Топпен жұмыс

1-топ.Эссе жазу

2-топ Мақал-мәтел

3-топ Ұйқасын тап (Өлең шумағы)

8. Қорытындылау .Туған жерге тілек жазу

9.Бағалау.

10. Үйге тапсырма Қазақстан таулары жаттау.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет