Стандарттаудың негізі Еуропаның дамыған елдерінде 18
- ғасырдың аяғы мен
19
- ғасырдың басында өнеркәсіп революциясының басталуының негізінде пайда
болған. Үлкен мөлшерде бұйымдар мен тауарларды шығаратын ірі фабрикалар
мен зауыттардың пайда болуы өзара ауыстырымдылықты, өнімнің бір
нұсқалылығын, өлшемдік реттілікті жүргізуді талап етті.
Ресейде 1715 жылы 1 Петрдің тұсында Туланың зауыттарында қару
жарақтар өндірісіне өлшемдік тұрақтандыруды енгізу жұмыстары жүргізілген
болатын (өзараауыстырымдылық, калибрлер).
1856 жылы Лондонда өткен реттік халықаралық өндіріс қызметкерлерінің
съезінде қатысушылардың бірі: «кез келген шамды әрдайым шам қойғышқа
диаметрі бойынша тура келетіндей етіп жасау мүмкіндігіне қол жеткізуге
болады ма?»