Серуен №1
1.Бақылау: Ауладағы қыдырып жүрген мысыққа бақылау жасау.
2.Еңбек. Аула сыпырушыға көмектесу.
3.Жеке жұмыс. Балалармен мысық туралы өлең жаттау.
Ойға батып мысық
Отыр көзін қысып
Әндетіп бір баяу
Дейді мияу,мияу,мияу.
4.Қимылды ойын: «Тышқан мен мысық»
5.Көркем сөз: Бала мысық батыл-ақ,
Тышқан ұстау талабы.
Сылдыр етсе жапырақ,
Дереу бұға қалады.
Серуен №2
1. Бақылау: Жаңбырдың жауғанын бақылату
Мақсаты: Жаңбырдың неден пайда болатыны туралы түсініктерін қалыптастыру. Оның табиғатқа тигізер пайдасын білдіру. Жерге сіңуін көсету.
Ақ жауын ба, нөсер ме? Айыра білуге баулу.
2. Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр»
3. Жеке жұмыс: Жұмбақ шешуге үйрету.
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
4. Еңбек.Телімдегі қағаз,қоқыстарды жинау
5. Көркем сөз: Жау, жау жаңбыр, жау жаңбыр.
Арық суы мол болсын.
Серуен №3
1. Бақылау: Балабақша ауласының тазалығын бақылау.
Мақсаты: тазалыққа, әсемдікке баулу. Еңбек сүйгіштікке, үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
2. Еңбек. Телімдегі қағаз және ағаш қалдықтарын жинастыру.
3. Жеке жұмыс: 1-2 балаға балабақша туралы өлеңдерін қайталату, әңгімелету.
4. Қимылды ойын: «Кім шапшаң?»
5. Көркем сөз. Тазалық-денсаулық кепілі.(мақал)
Достарыңызбен бөлісу: |