4. Еңбек.Сынған ағаш қалдықтарын жинау
5. Көркем сөз.
Көкек – мақтаншақ құс.
Бұлбұл - әнші құс,
Көгершін – бейбітшілік құсы
Серуен №7
1. Бақылау: Құстарға бақылау жасау.
Мақсаты: Олардың түрлерімен жақынырақ таныстыру. Балалардың аяушылық, қамқорлық сезімін дамыту. Құстар біздің досымыз, құстар қалықтап төбемізде ұшып жүр айналаны бағдарлап бақылау.
2. Еңбек: Құстарға жем шашу, нан қиқымын салу.
Жемсауыттарын жем жеп болғаннан кейін тазалап қою.
3. Жеке жұмыс: 2 – 3 балаға асфальт үстіне сурет салдыру. (құстың ұясы, құстар т.б)
4. Қимылды ойын: «Көкек»
5. Көркем сөз: Көкек – мақтаншақ құс.
Бұлбұл - әнші құс,
Көгершін – бейбітшілік құсы.
Серуен №8
1. Бақылау: Бақбақ гүліне бақылау жасау.
Мақсаты: Гүлзарда өсіп тұрған бақбақ гүлінің жапырағын, гүлін қарап басқа гүлден өзгешелігін ажыратып айта білуге үйрету.Гүлдер ауламызды көрктендіріп тұрғанын айту әңгімелеу.
2. Қимылды ойын: «Ғарышкерлер мектебі»
3. Жеке жұмыс: 2-3 балаға бақ-бақ гүлінің емдік қасиеті туралы мәлімет беру.
4. Еңбек: гүлдерге су құю, түптерін қопсыту.
5. Көркем сөз: Қырға кілем жайдым.
(қызғалдақ)
Тал басында тамаша үй.
(ұя)
Серуен №9
1. Бақылау:Жаңбырды бақылау.
Мақсаты: Жаңбырдың жауғанын бақылату арқылы жерге түскен су тамшыларының оған сіңіп кетуінің мәнісін түсіндіру, жаңбырдың пайдасын білгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |