Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары



бет30/44
Дата10.04.2020
өлшемі10,42 Mb.
#60697
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44

Балмағамбетов Қанат Сұлтанұлы

Филолог, экономист. 1958 жылы 14 ақпанда Жезқазған поселкесінде туған. Жезқазған педагогикалық институтын (1979), Алматы халық шаруашылығы институтын (1987) бітірген. Еңбек жолын 1979 жылы Жезқазған облыстық комсомол комитетінің студент, оқушы жастар мен пионерлер бөлімі нұсқаушысы болып бастады. 1980-1982ж.- Жезқазған облыстық комсомол комитетінің студенттер отряды командирі, 1982 – 1988ж. – халық депутаттары Жезқазған облыстық Кеңесі атқару комитетінің аға референті болды. 1988-1993ж. – «Жезказгансельстрой-1» тресі басқарушысының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары, Жезқазған облысы «Облагропромстрой» бірлестігі бастығының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары, «Жезказганагропромстрой» тресі басқарушысының орынбасары, 1993 жылдан бастап «Жаңа-арқа» коммерциялық орталық директоры болды. 1995 жылдан Жезқазған қаласы әкімінің 1-ші орынбасары, 1999-2008ж.-Сәтбаев қаласы әкімі. 2008 жылдың сәуір айынан бастап Жезқазған қаласының әкімі. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасы, «ҚР-сы Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР конституциясына 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдары және РП «Отан», «Белсенді қызметі үшін» төсбелгілерімен марапатталған.

Лебаев Шамшиден Бегайдарұлы

Инженер-құрылысшы. Еңбек ардагері. 1936 жылы Ұлытау ауданы Қаракеңгір совхозында туған. Қарағанды тау-кен техникумын бітіргенсін «Қазмысқұрылыс» тресіне жұмысқа жіберілді. 1964 жылы өндірістен қол үзбей жүріп Мәскеудің құрылыс-инженерлік институтын бітірді. Шебер, прораб, аға прораб, «Қазмысқұрылыс» тресінің бас инженері, Никольский қаласының бас сәулетшісі (1973-1976), «Қазмысқұрылыс» тресі үйқұрылыс коминатының бас инженері (1976-1979), Никольский коммуналдық кәсіпорындар комбинатының бастығы (1979-1988), бөлім бастығы және жаңадан құрылған «Жезқазғанмонолитқұрылыс» тресінің бас технологы (1988-1990) қызметтерін атқарды. 1990 жылдан бастап «Жезқазғантүстіметалл» АҚ-ның №3 байыту фабрикасында күрделі жөндеу және ғимараттар мен құрылыс нысандарын қадағалау шебері, Сәтбаев №3 байыту фарикасы директорының орынбасары болып еңбек етті.
Нысанбаев Әбушахман

Еңбек ардагері. 1932 жылы 5 қыркүйекте Ақмола облысында туған. Қазақ тау-кен металлургиялық институтын бітіргенсін 1954 жылы жолдамамен Жезқазғанға келіп, тау-кен шеберінен шахта бастығы және кеніштің өндірістік-техникалық бөлім бастығына дейінгі еңбек жолынан өтті. Құрметті демалысқа шыққанға дейін «Қазақмыс» корпорациясы еңбекті қорғау Департаментінің тау-кен шебері болып еңбек етті. Өндірістік қызметін қоғамдық жұмыспен ұштастыра жүріп, кәсіпорын комсомолдық және партия ұжымы хатшысы, кеніш кәсіподақ комитетінің төрағасы, жергілікті Кеңес депутаты болып сайланды. «Еңбек ардагері», «Ұлы Жеңістің 50 жылдығы медальдары» және құрмет грамоталары, «КСРО социалистік жарысының үздігі», «Коммунистік еңбек екпіндісі» белгілерімен марапатталған.
Жарасбаев Әлияр Арыстанұлы

Тау-кен инженері. ҚР-сы Парламентінің мәжіліс депутаты. 1961 жылы 28 қазанда Жезқазған поселкесінде туған. Жезқазған тау-кен техникумын (1980), Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін (2004) бітірген. Әскери борышын өтеген соң (1980-1982) «Қазақмыс» корпорациясы жүйесінде тау-кен шебері, №65 Оңтүстік Жезқазған кенішінде учаске бастығы (1982-1995), директор орынбасары, «Қазақмыс» корпорациясы АҚ-ң әлеуметтік мәселелер жөніндегі директоры (1995-2004) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң әлеуметтік мәселелер жөніндегі директорының орынбасары қызметтерін атқарды. Қарағанды облыстық Мәслихат депутаты болып сайланды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет