Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
Міндеттері:
мемлекеттің экологиялық даму саласы бойынша саясатына, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына; экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне деген құрмет сезімін дамыту;
«адам-қоғам-табиғат» жүйесіне; табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр түрлі қызметке баулу;
кәсіби білім мен өнімді еңбекке, нарықтық экономика заңдарына құнтты және позитивті көзқарас қалыптастыру;
экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға; еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге тәрбиелеу;
мамандық таңдауына, үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа саналы қатынас таныту.
«Қоғамға қызмет» жобасы, «Мектеп өмірінің бір күні» жобасы, «Өз жеріңді таны» жобасы, «Еңбек – елдің мұраты» жобасы, «Ерте жастан экологиялық мәдениет» жобаларын жүзеге асыру.