ЕКІНШІ БОЛМА
АРМАНДАУ ЖӘНЕ ҚИЯЛДАУ
АС ПАНН AH ТҮСЕТІН
НӘРСЕЛЕР ЕМЕС
Б із д е қазақта «ұят» деген сөз бар. Соның кесірінен, біз,
көпшілігіміз ұятқа қалудан жэне ұялудан қорқамыз. Ал
осы ұялу бізге армандауға кедергі жасайды.
Армандаудың несі жаман? Ол үшін ақша, салық төле-
мейміз, кез келген жерде, кез келген уақытта армандай-
мыз...
Өкініштісі, адамдардың көбісі өз армандарынан өздері
қорқады. Керемет ойға батып, барлығына қол жеткізуде
қалаймыз, ал шын мәнінде белгілі бір жетістікке жетпеген
соң, қиялға беріліп, армандаудан қорқамыз.
«R um b-ді ашпай жатып, бизнестегі серіктесім Айдос
Телжанмен көп армандайтынбыз, оны кітаптың алғы сөзін-
де де жазғанмын. Оннан астам мейрамханамыз болады,
иарықка енгізетін жаңалықтарымыз, бізде жүмыс істейтін
қызметкерлердің қандай болатындығын, барлығын да ой-
ластырып, қиялға берілетінбіз. Ал осы екі жарым жылда
біз, өз армандарымыздан алда келеміз. Інім Дархан мырза
«Rumi» -дің атқарушы директоры «Қуаныш, армандамай
түра тұршы. Сенің ойыңа бірдеңе келсе, міндетті түрде біз
оны жүзеге асырамыз. Бірақ, күте тұршы, шаршадық, мына
он мейрамхананың тірлігін бітіріп алайық» дейді. Шы-
иында да, менің жоспарларымның, армандарымның бар-
155
лығы орындалады жэне мен армандаудан қорықпаймын.
Керісінше эр ұсақ-түйегіне дейін ойластырамын, елесте-
темін. Оны батыстықтар визуализация деп атайды. Өзіңнің
образыңды, компанияңды елестетесің, қандай болатынын
армандайсың. Бір сөзбен айтқанда, жоғарыға белгі жібе-
ресің. Менің, өзімнің байқағаным, армандаудан, қиялдау-
дан қорықпау керек, олардың көбісі орындалады, мен өзім
де соның дәлелімін!
156
|