Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Білім» факультеті ҚТ 21-1 топ мәжілісінің №1 хаттамасы
05.09.22ж Тараз қаласы Қатысқандар:куратор, топ студенттері
Күн тәртібінде: 1.Топ студенттерімен жүздесу,жоғарғы оқу орнымен таныстыру,топтың 2022-2023 оқу
жылына арналған тәрбие жұмыстарының жоспарын бекіту
2.Топ белсенділерін сайлау
Тыңдалды: Топ кураторы Сарсенбаева Майра Бекбосынқызы сөз алып,студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтай отырып биылғы жылғы жаңалықтармен таныстырды Жоғары оқу орнында жүзеге асырылған құрылымдық өзгерістер туралы қосымша ақпараттар берді.Сабақ кестесімен таныстыра отырып,топ студенттерінің сабақтан қалмауы, оқу орны талаптарын сақтау қажеттігі қатаң бақылауда болып, қадағаланатынын атап айтты.
Бұған қоса, куратор Сарсенбаева.М 2022-2023 оқу жылына арналған топтың тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттыры мен жоспарланған іс-шараларға түсінік бере келіп, бекіту қажеттігін атап айтты.
Бұдан кейінгі сөзді топ студенті Мұратов.Д сөз алды. Өз сөзінде тәрбие жұмыстарының жоспары 8 бағыттан тұратындығын әрбір аптада өтетін куратор сғаттары үшін қосымша жиналу қажеттігін жоспарланып отырған әдеби кештер мен тәрбие сағаттарына топтың жауапкершілікпен қатысуы қажеттілігін айтты Топ студенттері жаңа оқу жылына арналған топтың тәрбие жұмыстарының жоспарына да оң көзқарасын білдірді.
Басқа топ студенттері де куратор сөзіне бірауыздан оң пікірлерін білдіріп жаңа оқу жылына қатысты ізгі тілектерін білдірді.
Шешімі: 1.Куратор М.Сарсенбаеваның мәліметі назарға алынсын
2.Топтың 2022-2023 оқу жылында атқарылатын тәрбие жұмыстарының жоспары назарға
алынып, бекітілсін
3 Топтын оқу орнының ішкі талаптарын сақтауы, қалыпты киім үлгісін сақтауы сабаққа
қатысуы т.б, тұрақты қадағалансын.
Тыңдалды: Топ кураторы Сарсенбаева Майра Бекбосынқызы сөз алып, топтың белсенділерін қайта
сайлау қажеттігін білдірді. Ол үшін топ старостысына қатысты топ студенттерінің өз
пікірлерін білдіру қажеттілігі айтылады.
Сөз алғандар: Мұратов.Д: Топ старостысы ретінде Балтабай Бифаризаны ұсынамын,ол белсенді
студент Әрине Бекетай Дилара өткен оқу жылында өте жақсы жұмыс жасады.Мен Балтабай Бифаризанытоп бірлігін сақтау мен қоғамдық жұмыстарға қатысуына белсене қатысуына сене отырып он бағамды беріп жоғары бағалаймын Осы оқу жылында топ старостасы боладыдеп сенім артамын.
Бұдан кейін сез алған топ студенттері топ старостасымен қоса, баска да белсенділерге атап айтқанда староста орынбасары, мәжіліс хатшысы Рысбек Әсем төлемақы мен қоғамдық белсенділік ұйымдастырушысы Сапарғали Бағдатқа катысты өз пікір ұсыныстарын көзқарастарын білдірді.
Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша аталған белсенділер сайланды
Шешімі: 1. Топ кураторының мәлімдемесі назарға алынсын
2. Топ белсенділеріне берілген студенттер көзқарастары назарға алына отырып, топ
басшылығына Б.Балтабайды, орынбасарлығына Ә.Рысбек сайлансын.