«Үш тілдің патшалығы» атты ойын-сауық кеші Мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі129,23 Kb.
#33048
«Үш тілдің патшалығы» атты ойын-сауық кеші

Мақсаты: балабақшадағы қазақ және басқа ұлт өкілдері балаларының қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын оятып, тіл үйренуге деген ықыластарын туғызу. Балалардың сөздік қорлары мен тіл байлығын дамыту. Ана тілі мен өзге тілдерді құрмет тұтуға, достыққа тәрбиелеу. Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау.

Жүру барысы:

Жүргізуші:

О, Адамдар, қадіріне жетіңдер,

Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер.

Әркімнің туған тілі – туған шеше,

Оған бала міндетті сан мың есе.
Армысыздар, құрметті көрермендер !

Елбасымыз Н. Әбішұлы Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын. Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты болсын!



Бүгінгі «Үш тілдің патшалығы» атты ойын-сауық кешімізге қош келдіңіздер!

Добро пожаловать на мероприятие «Королевство трех языков».

Ендеше «Үш тілдің патшалығы» ойын-сауық кешіне қатысушы бүлдіршіндерді ортаға шақырамыз.
- Балалар, біз сендермен бірге қай елде тұрамыз?

- Қазақстанда.

- Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар. Біз сендермен бірге Еуразияның орталығы – Қазақстанда тұрамыз. Міне, біздің ел – Үш тілдің патшалығы болып табылады. Бұл бейбітшілік пен достықтың сиқырлы елі.

Мы с вами живем в центре Евразии - Казахстане. Это и есть Королевство трех языков. Это волшебная страна мира и дружбы.

Біздің патшалықта мынадай бұйрық жарыққа шықты:

В нашем королевстве вышел такой приказ, послушаем:


1-тілмаш: «Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе! Кішкентайлардан бастап үлкендерге дейін, қалалар мен ауылдарда үш тілде (қазақша, ағылшынша, орысша) сөйлеуді үйренетін болыңдар!».

2-тілмаш: «Всем!Всем!Всем! От мала до велика, в городах и селах научиться разговаривать на трех языках (казахском, английском, русском)».

3-тілмаш: «To everybody! The young and the old in the cities and villages should learn three languages-Kazakh, English, Russian!»

Жүргізуші: Ендеше, балалар, ортаға сол Үш тіл патшалығының Патшайымын шақырайық. Тогда пригласим Королеву королевства трех языков. ( Патшайым ортаға шығады).
Патшайым: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сонау Астана қаласынан еліміздің мұнайлы мекені Атырауға ат басын тіредім. Патшалығымыздың ішінен сіздің балабақша-гимназия тіл үйренуде жақсы нәтиже көрсетіп жүрген алғашқылардың бірі болып табылады. Менің көмекшім жарлығымның орындалуын сендерге тапсырма беру арқылы тексеріп көреді. Кәне, көмекшім, баста!
Жүргізуші:Патшайым, гимназияның бүлдіршіндері үш тілге деген құрметтерін өз өнерлері арқылы көрсетуге дайын. Ендеше, құрметті көрермендер, балалардың тілге деген құрметтерін бәріміз бірге тамашалайық!
1.«Балалар cәлемі». Балалар үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) мәнерлеп өлең оқиды.
1. Ангелина:

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!


2. Влад:

Ана тілім – ұраным,

Ана тілім – құралым,

Ана тілім – болмаса

Мықты болмас тұрағым.
Ана тілім – елдігім,

Ана тілім – ерлігім.

Ана тілім – болмаса

Бүтінделмес кемдігім.


3. Арина:

Ақыл-ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілі ардақты,

Ақ сүтіндей ананың.
4. Камилла:

Наш Казахстан-наш край родной

Живем мы здесь большой семьей

Здесь есть родные и друзья,

Учителя-дают нам знанья!

Хотим мы знать, читать, писать,

Ну и конечно поиграть!

Здесь садик милый мой большой,

Гимназия-мой дом родной!
5. Аманат:

Я-казах, в степи рождён,

Знойным солнцем ополен.

Встречаю новую зарю,

Как беркут, гордый, ополен.

Под щедрым солнцем, золотым,

Под ясным небом голубым.

Мой флаг и герб себя вобрали,

Весь мир степной родные дали.

6. Аяна:

We learned our ABC's


And counting 1, 2, 3's.
And now we know all these,
The kindergarten class.

And we learned how to share.


And we learned how to care.
Just ask us if you dare,
The kindergarten class.
2. «Рәміздерім - мақтанышым». Әр елдің мемлекеттік рәміздері туралы айтылып, қорғалуы керек.

Жүргізуші: Әр адам өз халқын, өз Отанын, өз мемлекетін құрметтеуге, мақтаныш тұтуға міндетті. Оны сезінуге мемлекеттік рәміздер көмектеседі. Рәміздер – бір мемлекетті басқа мемлекеттен айырып тұратын белгілер. Ал осы үш тіл патшалығының рәміздері жайлы не білесіңдер?

Экранда не бейнеленген? Кім сипаттап береді?



Айжан

1. Бұл - ҚР мемлекеттік туы. Тудың түсі аспан түстес көгілдір. Туда күн, қыран, ою бейнеленген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың көгілдір түсі ашық аспан мен тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасында бейнеленген күн-өмір сүрудің белгісі. Қыран құс - егемендіктің белгісі. Ою-өрнек - қазақ халқының мәдениетінің көрінісі. Тудың авторы суретші Шәкен Ниязбеков.



Света

2. Это - герб республики Казахстан. Шанырак - часть юрты, это символ семейного благополучия, мира, спокойствия. Тундык -зернистое отверстие юрты-яркое солнце на фоне мирного голубого неба. Уыки - купольные опоры. Они изображены в виде лучей солнца – источника тепла и жизни. Кульдреуши – символизируют единство трех жузов. Тулпары – мифические кони, означают бесстрашие льва, силу быка, хитрость и находчивость лисы в борьбе против врагов. Золотые крылья тулпара напоминают снопы золотых колосьев являющихся признаком труда, изобилия, благополучия. Звезда – наши сердца и обьятия открыты всем пяти континентам. Внизу надпись «КАЗАХСТАН». Голубой - цвет небо едино для всех народов мира. Авторы Жандарбек Малибеков и Шота Валиханов.

3. Әділ

4. ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Әнұранның мәтіні бекітілді. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов.Әнұранның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік аңғарылса, сөзінен жан – дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттер басшыларының ресми кездесулері, салтанатты жиындар Әнұранның орындалуымен ашылады.



Әнұран айтылады.

Күй «Әке толғауы». Орындайтын оркестр.

Патшайым: Жарайсыңдар, балалар! Мен сендерге үлкен сыйлық әкелдім. Ол-«білім кілті». Қане көмекшім, білім кілті салынған қорабымды беріп жіберші.
Жүргізуші: Ойбай Патшайым, кілт орнында жоқ, білім кілті жоғалды. Бұл кімнің ісі екен?
Патшайым: Бұл кілтті ұрлаған кім екенін ішім сезіп тұр ғой деймін. Жақында жалмауыз кемпірдің елді бір дүрліктіріп жүргендігін естігенмін. Түбі бізге жеткен ғой!

Жүргізуші: Патшайым Жалмауыз кемпір тікелей эфирде. Тыңдайық! (экраннан жалмауыз кемпір шығады).

Жалмауыз кемпір: «Патшайым және балалар! Сендердің жоғалған кілттерің менде. «Білім кілтін» алып, одан әрі білімдеріңді шыңдайын деп отырсыңдар ғой, бірақ бұлай болмайды. Мен ол кілтті сендерге ешқашан бермеймін. Ж-о-о-о-қ! Егер сендер өте білімді, үш тілге жетік болсаңдар сендерді уысыма қалай түсірем? Сендер менен қашып, шетелге асып кетесіңдер ғой! Мен болашақта балалардың білімді болғандарын қаламаймын. Ал, ендеше, батылдарың жетсе алып көріңдер!» - деп мысқылдап күледі (ха-ха-ха).

Патшайым: Қорықпаңдар, балалар! Бұл кедергіден құтылудың амалын табуға болады. «Білім кілтінің» екінің бірі біле бермейтін қасиеті бар. Бұл кілт кім білімді, соның қолына өзі еш кедергісіз келетін болады. Бұған жалмауыз кемпір де кедергі бола алмайды.

Жүргізуші: Ендеше, «Білім кілтін» жалмауыздың қолынан алу үшін үш тілді үйренуді жалғастырайық! Балалар, «Мақал-сөздің көркі» дегендей, осы үш тілде мақал-мәтел білесіңдер ме?

3.«Мақал – сөздің көркі». Балалар мағыналас мақал-мәтелдерді үш тілде айтулары керек.

1. Ештен кеш жақсы. Камилла

Лучше поздно, чем никогда.

Better late, than never.


2. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын. Айжан

Не имей сто рублей, а имей сто друзей.

Having friends is better than having money.
3.Еңбексіз өнбек жоқ. Влад

Без труда нет плода.

No pains, no gains.
4.Жылтырағанның бәрі алтын емес. Ақерке

Не все то золото что блестит.

All is not gold that shines.
5.Денсаулық – зор байлық. Ангелина

Здоровье – дороже денег.

Good health is above wealth.

6.Білімі саяздың адымы тар.

Незнание приносит вред.

Little knowledge is dangerous thing.


7.Қанағат қарын тойғызар. Алимхан

Хорошенького помаленьку.

Enough is as good as a feast.

4. «Ұйқас тауып, тіл үйрен!». Жүргізуші: Ал, балалар, енді мына сөздерге қазақша-орысша ұйқас тауып көріңдерші!

1. Үйірме – кружок,

Секіру – прыжок.


2. Бала – мальчик,

Саусақ – пальчик.



3. Сладкий – тәтті,

Твёрдый – қатты.


4. Горох – бұршақ,

Кукла – қуыршақ.


5. Мальчик – boy,

Ойыншық – toy.


6. Красный – red,

Плохой – bad.



5. Жүргізуші: Енді мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуін қазақша, орысша және ағылшынша айтып бересіңдер. Жарай ма?!

1. Үш тілі бар,

Тықылдаған үні бар. (сағат-часы-clock)

2. Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (күн-солнце-sun)

3. Сумен кірді ашады,

Өзі судан қашады. (сабын-мыло-soup)

4. Зверь я горбатый

А нравлюсь ребятам. ( верблюд-түйе-camel)

5. Голодная- мычит,

Сытая- жует,..

Всем ребятам

Молоко дает. (корова-сиыр-cow)

6. Сто одежек,

Все без застежек. (капуста-қырыққабат- cabbage)

6. «Өнерлі өрге жүзер». Балалар қазақ, орыс, ағылшын ұлттарына тән бір өнер түрін көрсетеді.

Қазақ биі, орыс биі, ағылшын биі.


Жүргізуші:

-Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?

- Иә.


- Енді «Ертегілер еліне саяхатқа» барамыз. Сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

- «Бауырсақ», «Шалқан», «Жеті лақ», «Ешкі мен түлкі».

- Өте жақсы.
7. «Ерте, ерте, ертеде...». Балалар үш тілде белгілі бір ертегі желісін шағын сахналап, көрініс көрсетеді.

1. «Бауырсақ» ертегісі (орыстілді топтары қазақ тілінде).


2. «Курочка Ряба» ертегісі (қазақтілді топтары орыс тілінде).
3. «Шалқан» ертегісі (ағылшын тілінде).
Жүргізуші: Патшайым, қораптың ішінде бір нәрсе жылт-жылт етеді. Кәне, ашып көрейікші! Ой, Патшайым, қорап ішінде «Білім кілті» тұр. «Білім кілті» жалмауыз кемпірдің қолынан қалай келген?

Патшайым: Міне, балалар, мен сендерге айтып едім ғой, «Білім кілті» білімдінің қолына өзі-ақ келеді деп. «Білім кілті» сендерді адаспай тапқан екен.(Жалмауыз кемпір есік соғады).

Жүргізуші: Біреу есік қағып тұрған сияқты, есікті ашайын! М-м-м, жалмауыз кемпір, сізді мұнда кім шақырып еді? Балаларға тағы да қиянат жасамақшысыз ба?

Жалмауыз кемпір: Жоқ, менің балалар мен патшайымға айтар сөзім бар. Балалар, сендер үш тілге де жүйрік екенсіңдер ғой. Сондықтан «Білім кілті» менің қолымда ұзақ тұра алмады. Мен кілтті бекер ұрлап алған екенмін. Ай, ақымақ басым-ай! Сендерден және патшайымнан мың рет кешірім сұраймын. Балалардың үш тілге жетік екеніне көзім жетті. Енді мұндай жамандық жасамаймын. Мені кешіресіз бе, патшайым?

Патшайым: Алдымен, мұны балалардан сұрайық. Балалар, жалмауыз кемпірді кешіресіңдер ме?

Балалар: Иә, кешіреміз!

Патшайым: Балалар кешірсе, мен де кешіремін сені. Тек енді адамдарға ешқашан жамандық жасамаймын деп уәде бер!

Жалмауыз кемпір: Иә, патшайым, иә, балалар, мен енді ешкімге қиянат жасамаймын. Мен елімізде бейбітшілік пен білімді ұрпақ көп болсын деп тілеймін! Сау болыңдар, балалар!

Патшайым: Міне, балалар, енді «Білім кілті» сендердікі! Осы кілттің атына сай білімді де тілге жүйрік болыңдар! Әлі де алатын асуларыңыз алда. Сол асулардан сүрінбей өтіңдер дегім келеді.

Жүргізуші: Рахмет, патшайым, айтқаныңыз келсін! Ендеше,

Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер,- дегендей, гимназия бүлдіршіндерінің дайындаған өнерлерін тамашалайық!

Осымен «Үш тілдің патшалығы» атты кешіміз аяқталды. Барлық қатысушы бүлдіршіндерге үлкен рахметімізді айтамыз. Благодарим всех детей за участие!



Балалар «Алғыс хатпен» мадақталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет