құшақтап алды. Енді екеуі еш алаңсыз ойынға берілді. Менің оларға мүлде керегім жоқ сияқты.
Өздерімен
-
өздері. Мен де өзіммен
-
өзім болып, суретті кітапшаларымды ақтаруға кірістім.
Бір уақытта аяқ астынан күтпеген жағдай болды.
-
Мишка —
баласы, мысық апасы болсын. Мишка жылайды, апасы емізеді. Міне, қазір. Ал,
Мишка, жыла, —
деп Алтын мысықты Бауыржанға қарай
жақындатты.Сол сол
-
ақ екен,
Бауыржан жылап қоя берді. Мен алғаш
ойындары екен дедім. Алтын да солай ойлапты.
-
Бауыржан, сен емес. Мишка жылайды, —
деп жатыр.
Бауыржан шынымен жылапты. Бәрін тастады.
-
Апа, апа, —
деп есікке қарай еңбектеп барады.
-
Қайда барасың? Қайт, ей, қайт, қарағым!Мен кітап қызығын қимай самарқау сөйледім.
Қайтпады.
-
Бауыржан, міне
-
міне. Мишка жыламайды. Өзің алшы, мә.
Мен енді Бауыржанды көтеріп әкеліп, қалың ойыншықтардың арасына қойдым. Сөйттім де,
тып
-
тыныш отырған баланы жылатқан Алтынға ұрыстым.
-
Басқа ойын құрып қалғандай! Шешесін еске түсірген сен. Мишкаң құрығыр. Мишка
-
пишкамен қуып шығайын ба үйден?
-
Апама айтам.
Алтын да жылап есікке беттеді.
-
Қайт
,
—
деп қолынан тартып едім, тыртысып көнбеді.
«Апалап» жылап, еңбектеп
Бауыржан келеді, шыңғырып, жұлқынып Алтын тұр. Ашуым келіп, еденді тарс дегізіп бір тептім.
Бауыржан аңқайып
отырып қалды. Алтын қоймай жұлқынады. Өзімді
-
өзім ұстай алмай кеттім.
Жағына шапалағым шарт ете түсті. Алтын шыңғырып отыра кетті.
Сол сәт
төрде ілулі түрған тобылғы сап, он екі таспа дырау қамшыға көзім түсті. Аяқ асты
қуанып кеттім.
Жүгіріп барып жұлып алдым.
-
Үңдеріңді шығарыңдаршы, кәне!
Екеуі де демдерін тартып үнсіз қалды.
-
Бар, бұрышқа. Ойнаңдар!
Ешқайсысы қозғалмады.
Бақырайып
-
бақырайып отыр.
-
Барыңдар деймін мен сендерге!
Қамшымен
Алтынды жасқай бердім.
Достарыңызбен бөлісу: