НЕГЕ ӘБІЛ КІНӘЛІ БОЛМАЙ,
МАРАТТЫ КІНӘЛАЙДЫ?
Қаракемердің
күнбатыс
жағында Түрген өзенінің ескі арнасы бар. Бұл арнаның толып
аққанын көрген адам жоқ. Өзі сондай терең, ені де әудемжер. Екі ернеуі —
құлама жар. Үлкен сай
іспеттес, көктемде болмаса, су ағар табан арнаның өзі де ала жаздай аппақ боп қаңсып жатады.
Арнаның екі жағы ернеу жарға дейін қалың шым, көк майса.
Балалар көктемгі
каникулға шыққалы бері Әбіл Мараттармен бірге осы көкке жиі шығып
жүрді. Бір күні Әбіл денешынықтыру пәнінің
мұғалімі
Жанғали ағайдан доп сұрап әкелді. Доп
ойнауға Нүскен де ере шықты. Нүскен —
алтыншы сыныпта оқитын ересек бала. Кәдімгі Мараттың
шашын ауыртып алатын Әли атайдың немересі. Шолпан келе жаңадан бүрін жарған майда сары
гүлдерді теріп кетті. Әбіл, Нүскен, Марат иіріліп тұрып доп қағуға кірісті. Бірақ Марат бұл ойыннан
ештеңе шығара алмады. Қолының әлі келмей ме, жоқ, әдісін білмей ме, екі
-
үш рет әуелеп келе
жатқан допты аламын деп, саусақтары қайрылып қала жаздады. Сосын жан
-
жаққа қашқан допты
қуамын деп, ала өкпе болды. Әбден шаршады.
-
Аға, қақпа ойнайықшы, —
деді ақыры.
Әбіл көне кетті. Көнбегенде қайтсін, Марат бұлар үшін бостан
-
бос қара тер болды.
Ойынның шарты пәлендей қиын еместі. Арасын әжептәуір етіп екі жерге тас үйсең, қақпа
болады да шығады. Кезек
-
кезек біреу кақпашы болады. Қалған екеуі екі жағында тұрып алып
қақпаға доп тебеді. Төрешінің түкке керегі жоқ. Доптың өткен
-
өтпегенін барлық ойыншы өзі көріп
тұрғанда, ол не қызмет атқарады.
Бірінші Әбіл қақпашы болды. Әбіл Маратты көңілдендіру үшін:
-
Марат нағыз футболшы екен ғой, —
деп әлденеше
рет ұстай алмаған
болып, допты өткізіп
жіберді.
Марат бұған
масаттанып жүр. Ойын қыза түсті. Енді қақпаға Нүскен тұрды.
Шолпан гүл теруін
қойып, қақпаның бір бұрышына таман тұрып, ойынды қызықтай бастады. Бір уақытта Әбілдің
тепкен добы ауа жайылып барып
Шолпанның бетіне сарт ете түсті. Бейқам тұрған
-18-
-
Бұл ма, бұл оңбайды. Даладан бірдеңе көрсе болды, «пәлен бүйтіп қойды, түген сүйтіп
қойды» дейді де жүреді. Онысы несі, сайтан құсап допты ала қашқаны? Мұның әдеті, балаларға
маза бермейді, тыныштық көрсетпейді, —
деп апасы Мараттың өзін кінәлай жөнелді.
Марат
апасына ренжіп қалды. Бүған ренжімегенде кімге ренжиді? Ренжігендегі ойы мынау: «Апамның
мұнысы несі екен? Одан да «допты неге Шолпанға қарай
тебесің?» деп Әбіл ағаға ұрыспай ма?
Доп ауа ұшты деген де сөз бе екен? Әйтеуір, сол тепкен доп тиді ғой. Бұдан артық көк ала
қойдай ғып сабамақ па? Сүйте тұра неге Әбіл кінәлі болмай, мені кінәлайды? Апам қызық өзі».
Достарыңызбен бөлісу: