ШАҒын радиоақпараттардың тілі оңалбек Аида 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет4/8
Дата15.09.2017
өлшемі2,07 Mb.
#33154
1   2   3   4   5   6   7   8

Пайданылған әдебиеттер:

1. А.Байтұрсынұлы «Тіл құралы» , Алматы – Сардар баспа үйі, 2009 ж. 62-68 б.

2. А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі», Алматы, Ана-тілі, 1991ж. 166-190 б.

3. Ғ.Мұсабаев «Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары» , Алматы – Қазақ ССР ҒА баспасы, 1951 ж. 25-40 б.

4. Г.Сыздықова «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» Алматы, 2012 ж.

5. Н.Оралбай «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» Алматы, 2007 ж.

6. «Жұмсалымды грамматика» (монография-оқулық) , Алматы, 2016 ж.

\

 




ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ» СЕКЦИЯСЫ

ТАҢЖАРЫҚ ЖОЛДЫҰЛЫНЫҢ РЕАЛИСТІК ЖЫРЛАРЫ
Мұратбекұлы Нұрбол -5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығының 1-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., проф. Темірхан Тебегенов
Әлем халықтарына ортақ жанрлық және мазмұндық үндестігі бар әдеби циклдың бірі –түрме шығармашылығы. Қай заманда, қай елде болсын жазықсыз жаза басып,қайғы жұтып, тағдыры тас түрмеде өткен зиялылар аз емес. Олардың ішінде әлемнің классиктеріне айналған Италияның көрнекті ойшылы, Италия коммунистік партиясының негізін қалаушы Грамши Антонио (1891-1937) 1926 жылы саяси қызметі үшін жиырма жылға бас бостандығынан айырылып, абақтының азабын көрсе де түрмедегі әр күнін қағазға түсіріп, өлмес мұра қалдырған.Ақынның өлеңдері «Түрме дәптері» деген атпен 1948-1951 жылдары Турин қаласында жарық көріп, 1959 жылы орыс тіліне аударылған екен.

Ағылшынның ұлы ақыны Байронның есімі өз тұсында және кейінгі заманда да жер жүзіне аса бір қадірлі беделмен тараған.Өзінен кейінгі талай әлем ақындары «ой-пікірді билеуші» деп өздеріне ұстаз тұтқан. Поэзия кемеңгерлері Пушкин мен Лерментов жоғары бағалап, шығармасындағы әлеуметтік асқақ, қайсар үндерді өздеріне өнеге санаған. Алайда, әлемді өзіне қаратқан ақынның

«Жасым жетпей қартайыппын,

Маған жұртым қараңыздар.

Шашты ағартқан, қорқыныш түн-

Емес иесіз қараңғы ызғар.


Әжім түсті маңдайыма,

Жаншылдым мен, қаңғырды ми.

Ауыр жұмыс күндері емес,

Жаныштаған бір қараңғы үй.


Тәтті күнім тарқап кетті,

Шегеленді сорлы маңдай.

Су алдым мен, секілденді

Жолым алыс, өмір шалғай.» [4,263] деген өлеңінен тас түрменің тауқыметін сезіну қиын емес.

Түрік әдебиетінің кассигі Назым Хикмет 1938 жылы 28 жылға сотталып, 17 жыл түрмеде отырады. Абақтыда «Адам панорамасы» тарихи дастанын, «Түрмеде жазылған хаттар» атты өлеңдер жинағын, «Махаббат туралы аңыз» пьесаларын жазды. 1951 жылы отанын тастап кетуіде осыған байланысты болса керек. Әлем әдебиетіндегі түрме шығармашылығының классиктерінің бірі татар ақыны - Мұса Жәлел.Оны екінші дүние жүзілік соғыста фашистер тұтқынға алады, аяусыз қинау көріп абақтыдан қашудың қамын жасаған Мұсаға одан бетер зорлық көрсетеді, бірақ жолдастары туралы ауыз ашпаған Мұса ақыры дарға тартылады. Витнамның саяси қоғам қайраткері Хо Ши Мидің «Түрме күнделігі» кітабы да 1942 жылдары қуғын сүргіннің қиын-қыстау кезінде оңтүстік қытай даласында айдауда жүріп жазған еңбегі. [4,6]

Әлем әдебиетінен көрініс тапқан түрме шығармашылығы XIX- XX – ғасырдағы «Елім» деп еңіреген қоғам қайраткерлерінің солақай саясаттың құрбаны болып,саяси қуғынға ұшырап, темір торға қамалуымен даласында түрме болмаған қазақ қоғамында түрме шығармашылығы тууына себеп болды.

«Баласы мен Бақтының, атым – Сары,

Құрысын мендей болса жұрттың бәрі.

Он екі ай абақтыда жатқанымда,

Қара шай бір қайнатым болды дәрі» - деп жырдаған Сары батырдың зарынан басталған қазақ әдебиетіндегі түрме шығармашылығын екіге бөліп зерттеуге болады. Бірі кеңестік жүйе, оған Мәди Бапиұлы, Иманжүсіп Құтпанұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев бастаған қазақ зиялыларының шығармаларын мысалға алуға болады. Екіншісі Шығыс түркістан өкілдеріндегі жүйе. Шыңжаңдағы қазақ түрме шығармаларының негізін қалаушы-Таңжарық Жолдыұлы. Ол жеті жыл бойы (1940 – 1947ж ж) Үрімші түрмесінде азап шекті, солай бола тұра шығармаларының 70 пайыздан астамын тас түрмеде жазды. Шыңжаңдағы түрме шығармашылығына қатысты халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов «Таңжарық қалаған түрме әдебиетін араға жарты ғасыр салып Қажықұмар Шабданұлы жалғастырды. Өлеңнің жолы жеңіл болғандықтан жатқандар жаттап алып халыққа жеткізіп отырған, ал, қара сөзден тұратын романдарды тілдей қағазға ұсақтап жазып, ұрлап сыртқа шығарған, ондайды басқа салмай – ақ қойсын. Әрине Қазақстанда да атылып шабылған, абақтының дәмін татқан қаламгерлер аз болған жоқ.Көбі айдаудан қайтбай жендеттер қолынан мерт болды, өкініштісі олардан қалған әдеби мұра жоқтың қасы» деп пікір білдірген еді. Шынында да, Иманжүсіп пен Мәдидің мұңлы өлеңдерінен басқа шығарма шамалы, неге олай? Осындайда бабаларымыз айтқан «Орыс – темір ноқта, қытай – қайыс ноқта» деген сөзінде үлкен астар бар ма деп ойлайсыз.

Түрме шығармалары да проза және поэзия деп екіге бөлінеді. Түрмедегі проза жанрның Қабдеш атамыз айтқандай жазылуы мен тас түрмеден шығуы оңай болған жоқ. Әлемдік әдебиетте түрмеде жазылған прозадан Алекс Ла Гуманың «Тас ғалам» романын атап айтуға болады. Ал, қазақ әдебиетінде бұл шығармамен терезелес Қажықұмар Шабданұлының көп томдық «Қылмыс» романын атауға болады.

Шыңжаң өңіріндегі түрме поэзиясының бірден-бір өкілі, реалистік ақан Таңжарық шығармаларын өз өмірінен бөле қарауға болмайды, Таңжарық тағдыры қорлық пен жауыздықтың небір ирелең сойқанды жолдарынан өткен жанкешті халықтың күрделі тағдыры деуге болады. Ұлтының көкейтесті ізгі арманы, асқақ мұраты жолында жастық дәуренінің қызықтарын, жарқыраған жазын құрбан еткен, басын байгеге тіккен ақынның шығармашылық мұрасында өз заманының қиын-қыстау тұстары, саяси бұрылыстар жантүршігерлік азаптаулары шоқтай күйдірер шынайы шындықпен кемел көркемдікпен кестеленген.

1922 жылы ауылдағы озбыр байға егескен албырт жас «Сетіккөк» деген тұлпарын ұрлап мініп,шекара асып қазақ даласына келіп шынайы білім жолына түседі.Алаш арыстарының істерімен жақын араласып Ахмет Байтұрсынұлының, Мыржақып Дулатұлының шығармаларымен танысады. Алайда, 1925 жылы туған жеріне қайтуға мәжбүр болады. Бұл туралы Б . Тышқанбаев былай дейді: «Көкірек көзі ашылып, қоғамға, халыққа қызмет етуді мақсат тұтқан Таңжарық жалғасты мұнда қалуына мүмкіндік болмады, өктем бай үй-ішіне тыныштық бермей, тұлпарымның көзі тірі келмесе әкесін қара жерге тірі көмемін» деп қаһар төгеді. Осыдан кейін Таңжарық амалсыз туған жеріне оралады, бай сонда да «шетелге шығып келді» деп ушығып тұрған саяси жағдайды ұтымды пайдаланып қаматып жібереді. Әрине есіл ерін қимаған халық кешікпей босатып алады. Бірақ 1939 жылы Шыңжаң өлкесін басқарып тұрған Шыңщисай саясатын шұғыл өзгертіп террорлық жолға түседі.Совет одағына ниеттес, азаматтық бостандықты жақтайтын 150 мыңдай адамды тұтқынға алады. 1940 жылы ақпанның 3 күні Таңжарықта қамауға алынады.

Таңжарықтың заман шындығын айна қатесіз ашып көрсеткен «Түрме тарихы», «Түрме халы» деген екі ұзақ дастаны бар. «Түрме тарихы» дастанында тұтас Шыңжаңның жер-жерінен жалған жаламен топ-тобымен адам ұстау тарихы, тұтқындау тәсілінің қанқұйлы тарихы, түрмедегілердің итқорлық тұрмысы мен олардың аты-жөні тарихы және түрмедегі жазықсыз жандардың жантүршігерлік азапты өлімінің тарихы баяндалады. Сондықтан «түрме тарихы» дастанын сол замандағы саяси өзгерістермен байланыстыра отырып арнаулы тақырып көтеріп зеріттеуді қажет ететін құнды да күрделі шығарма.

Ал, «Түрме халы» дастаны туралы сөз қозғамас бұрын «хал» сөзі туралы аз-кем талдау жасау біздің тақырыпты ашуымызға негіз болмақ. Себебі , бұл сөз қазіргі таңда «Армысың» деген қазақ сөзінің орнын басып амандық сұраудың бірден-бір үлгісіне айналды. Алайда бұл сөз адамның жақсы жағына қаратылып қолданылмайды, «Халы қандай», «хал үстінде», «хал сұрау» деген тіркестерді байырғы жыраулар заманынан бергі әдебиеттерден көптеп кездестіреміз.Мысылы: сөздік қорымызда «сәлеметсіз бе?» деген амандық сұрауға арналған сөз бар. Бір қарағанда ерекше сыпайы, мәдениетті айтылғандай сезіледі, алайда «сәлеметсіз ба, апа» дегенен гөрі «амансыз ба, апа» деген құлаққа жағымды естіледі. Сол секілді «хал сұрау» сөзі де ауру адамның жағдайын біліп, көңілін сұрау жағына қаратылады, мысалы: Кердері Әбубәкірдің:

Ауыру көңілін кім ашар?

Хал сұраған тең ашар.

Шерленген ердің қайғысын,

Әлдилеп сүйген бала ашар,

Басқа қонған бақ ашар- деп келетін өлеңдерінен кейін дені сау адам үшін түрме халы қандай сүркейлі? Сондықтан Таңжарық осы сөзіді түрмеге қолданып отыр, өйткені, ақын өз басынан «түрме халын» өткізді. Оның үстіне, ол қан құмар, қара ниеттілердің түрмесі болды. «Таңжарықтың «Түрме халы», «Түрме тарихы» дастандары гоминдаңшылардың жауыздығын тайға таңба басқандай етіп көрсете алды, ол біздің келешегіміз үшін өлмес құжат, ешқандай адам зұлымдардың тұтқындарға істеген қаталдығын Таңжарықтай етіп көрсете алған емес,”_ дейді Ыз – Ари (Таңжарық туралы зеріттеулер,I том).

Шыңжаңдағы Таңжарықтанушы Шайтқазы Зейнолқазыұлының зерттеулерінің негізінде Таңжарықтың «Түрме халы» дастанындағы жантүршігерлік аянышты халды тұп-тура отыз түрге бөліп қарастыруға болады.


  1. Жарым түнде екі-үш адам келіп, басыңа бітеу қалта кигізіп, тұншықтырып, дірілдетіп, дырылдатып бір үйге сүйреп апарып бетіңді ашқанда қаны қашып, заһар шашып, қарныңды жарамын деп төрт-бес адам отырады. -Қазақтың үкіметке қарсылығын, құрған ұйымын жасырмай айт! Өзің қандай артық сөз сөйлеп жүрсің? – деп, «Түрме халы» сұрағы осылай басталады:

Жылайсың, зарланасың, жалынасың,

Тер ағып, қара суға малынасың.

Болмасаң егер мықты өзіңе-өзің.

Бәлеге айықбайтын қалынасың.


Білем деп «білмегенді» айта алмайсың,

Сөзіңнен жалған айтсаң қайта алмайсың.

«Өлесің, қиналасың» деген сайын,

Жауырдай ер қажаған қайқаңдайсың.


Мың жылып, қарамайды жалынғанға,

Боялып қызыл қанға боялғанға.

Істейтін ісі мынау әуел баста-

Қинауға алғашында алынғанда. [1,46]



  1. Екі қолды қайырып тік тұрғызып, аяққа кісен, қолға көзір салып, неше сөтке нәр татырмай екі бетке тас ұлтанмен соғады, шөлден өкпе – бауыр етке жабысып, екі көзден еріксіз жас парлап, шыбын жаның шырқайды.

  2. Екі қолдан көкке созып көтеріп, табаннан темір сүмбе сұққанда қаның қозып басыңа бір-ақ шығады.

  3. Тік тұрғызып қойғандықтан екі аяқ ісіп, сарысу кернеп тамшылып, балбырап балтыр етің сасып өлексеге ұқсап кетеді. Екі көз ұйқы көрмей іріңдеп, жүректің ебі кетіп дірілдеп, сұрақшы аюдай гүрілдейді.

  4. Жіңішке, ортасы ой, жан – жағы тар, темірмен қаптаған төсекке жатқызып алып сабағанда даусың көкке жетеді.

  5. Орындықты үш жерден тесіп, оған ілмекті кендір жіпті өткізіп, төрт елі қалыңдықтағы қамыс қасықтың екі басын тұжырып алып, әлгі кендір жіпті білегіңнен іліп, тақтайдың ұшын жүрекке тіреп тұрып, алақанға соққанда ақыл – қайрат, тілегіңнен бірақ адасасың.

  6. Қып-қызыл адам қанымен боялған дөңгелек қалың тақтайға ұшын жоғары қаратып шеге қағып, жалаңаш құйрықпен отырғызып-тұрғызғанда денеңнен жаның кетіп, даусың тәңірге жетеді.

  7. Ұсақ қара көмір шағылына жалаңаш май құйрықпен отырғызып тұрғызғанда қан судай ағады.

  8. Үрпіңе ши жүгіртіп боздатып, шыбын жаныңды шырқатады.

Көмірге отырғызады ұсақ шағып,

Қан деген май құйрықтан судай ағып.

Үрпіңе ши жүгіртіп зарлатқанда,

Шыбын жан шығып кетпей тұрсың нағып.



  1. Тырнағыңның көбесінен ине шаншиді.

  2. Кендірмен бақайыңнан байлап, басыңды төмен қаратып асып қояды.

  3. Денедегі жанды жерлерді тырситып қысып тұрып шерткенде қояндай қолға түскен шыңғырасың.

  4. Ащы бұрышты суға езіп алып, кеудеңнен табанмен басып тұрып, танауыңнан құйып жібергенде енді шықшы жаным деп қыстығасың.

  5. Басыңа қырсау темір салып қысқанда, екі көз сыртына ойнап шыға келеді.

  6. Ақ етіңді талқандап салған жараға тас пен көмір жабысып, бара-бара асқынып, шіріп кетеді.

Есепсіз міне осылай өлген жандар,

Бар қазір өлгендерді көмген жандар.

Күз болса неше мыңдай көр даярлап,

Көзімен бәрін істеп көрген жандар.



  1. Жазда тірі барғандар күзге жетпеді, күніне төрт-бестен адам өлді, өлгендерге бір жапырақ мата да бұйырмады, Қардөң деген жердегі қазып дайындап қойған жердегі жерошақтай шұңқырға көме салады. Күніне бір қорадан төрттен өлсе, түрме ішінде өлгендер толып жатыр.

Қорлықпен қор боп өлді нелер сері,

Адамды күйдіретін осы жері.

Жем болды қарға,құзғын, ит пен құсқа,

Елімнің амал бар ма есіл ері.

Қылығы міне осы бізге қылған,

Қосылып қалың қайғы күнде тыңнан.

Түрмеде тоғыз жылда өлген адам,

Асыпты орта есеппен алпыс мыңнан. [2,36]



  1. Дәретхана мен дәретін тазалатады, жатқан жерің сасық үй, сабан төсек қаптаған бит пен бүрге, басыңа жастанғаның көк кірпіш.

  2. Қолына алты қырлы таяқ алып, қолға көзір аяққа кісен салып, таң сәріден еңбекке айдайды, жарты минут кешіксең ұрып соғады.

  3. Жер қазып, кірпіш құйып, топырақ көтертеді, тас тасытады, жазғырып жарамын деп қолына пышағын жалаңдатып тұрады.

  4. Табаның дүңкіп, қолың ойылып іріңдеп, буындарың ісіп, шықпаған құр сүлдерің ғана қалады.

  5. Ауырғаныңа сенбейді, гоң фан қатарынан қалмайсың деп сексендегі селкілдеген шалды да ауыр жұмысқа айдайды.

  6. Қырылып шетінен өліп жатады, өлгендерді тірілеріне көмдіреді.

  7. Адамды әдейі қастап өлтіретін арнаулы екі есікті сұмдық үй бар, ол үйдің оңаша екі есігінде екі тесік бар болып, тұтқындарды сұрақ қыламыз деп жалаңаш сол үйге бастап апарып, кірерде әлгі тесіктен тосып тұрып басын кесіп алады.

  8. Кейбір тұтқандарды қолын артына қайырып байлап қойып, найза салып сұққылыап, сүйреп жүріп өлтіреді.

  9. Киізбен жауып қойған кесілген қол мен санды, ішек-қарны шұбатылып, басы кесіліп жатқан адамды көресің.

  10. Он метр, жеті метр зынданда аштан өліп, сасып кеткен өлікті тазалатады.

  11. Қаланың шет жағына неше жерден қазылған ұраға апарып қырғындап, қарға-құзғынға жемтік қылады.

  12. Сұраққа апарып, аспанға аяқтан асып қойып, отқа қақтап, суға салып, түтінге ыстап қинайды.

  13. Ағашқа қол-аяқты таңып тастап, буындырып, тұншықтырып, тарсылдатып там тескендей сабайды.

  14. Екі кісі басын қосса «не айттыңдар» деп қырып-жойылып қаптап тағы да сабайды.

Таңжарықтың түрмеде жазылған барлық реалистік шығармасы - заман мұңы, халық айнасы бола алады. Түрмеге түскен жазықсыз жандар күн сайын өміршеңдік күшінен айырылып бара жатса да Таңжарық қаһарлы үкіметке “Қосылдым дұшпаныңның қатарына деп” өзі айтып отырса, Шың Шы Сай суретін көргенде:

«Отырсың қара залып түсің қашып,

Біз жүрміз айдауыңда асып-сасып.

Армансыз дүниеден өтер едім,

Қаныңды бір ұрттасам жалғыз қасық.
Қамауда жатыр ерлер жан таласып,

Бірге өскен, бірге туған қан жаласып.

Япырым-ай, өйстіп жүріп кетеміз бе,

Арман не өліп кетсек найзаласып » [1,48]- деген өлеңінде қандай ыза- кек жатыр. Оны қалай реалистік төңкерісші демеске?!

Оның шындыққа ұмтылған арманы, табиғи таланты қарапайым адамдар жасай алған ортаға сыйғызбады. Қоғамның қайнаған ортасына бармауға сабыр еткізбеді. Осыдан кейін Таңжарық азапты түрмеден қалай аман қалды деген сұрақ туады, тірі шығуына не себеп болды?

Жыр меннен сарқылмайды жырлай берсем,

Сыр менен сарқылмайды тыңдай бер сен.

Түрмеде көргенімді жазам тынбай,

Білмеген оқып білсін қинай бер сен.
Танбаймын, тіл тартпаймын, дұшпанмын шын,

Тарихтың тарихына қаламыз шын.

Бөгелмей жазып өлем, сен оқып өл,

Тартамын ақыр жаза соным үшін.- [2,28] деп өзі жырлағандай тірі шығуының себебі осы еді. Осындайда Германияның психологы Виктор Фыранкл еске түседі. Оны да азаптан құтқарған болашақ үшін күрескен арман, шындық үшін шытынанған сенім еді.

Қысқасы, ақынның абақты дастаны - халық тағдырының қапысыз бетін қапысыз бейнелеген, өзінің ажар айшығымен, көркем қуатымен, тәрбиелік құндылығымен, өткен күннің ғана емес, бүгінгі және ертеңгі күннің ғана талап тілегіне сай келетін өміршең, реалистік қуаты мол, деректі туынды. Ақын асқан шыншылдықпен өз заманындағы қанқұйлы зұлымдықты таңдап таңбалай білді. Заман мұңы үшін күрескен ақын шығармалары әлі де зеріттелуі тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Таңжарық Жолдыұлы шығармалары. – Алматы, Жазушы, 1992.

2.Таңжарық Жолдыұлы. Арман – тау. – Алматы, Жазушыы, 1974.

3.Тұрлыбек Мамесейіт, Таңжарық. – Алматы, 2003.

4. Хо ши мин, Түрме күнделігі, - Алматы, 1980, 10б.

5. Байрон таңдамалы шығармалары, - Алматы, 1960.

6. Қытай қазақтар әдебиеті туралы зеріттеулер, - Алматы, қазақ университеті, 2013.

7. Іле газеті, (Қытай) №3, 2015.




ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ЖАНР
Мансурова Эльнара – 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығының 4-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Асқарова Гауһар
Хат… Хат дегеніміз көне заманнан бері адамдардың қарым-қатынас жасау құралдарының бірі болған. Ел билеушілері арасында жазылған хаттардан, тарихи деректерді білуге болатыны айтпасақ та түсінікті. Хаттарды жекелеген адамдар да жиі жазатыны белгілі. Әйгілі адамдардың жазған хаттары, олардың өмірлерін тереңірек танып-білуге болатын нақты құжат болмақ. Ағайын-туғандар, дос-жарандар арасында жазылған хаттар, олардың ұрпақтары үшін асыл мұра ретінде сақталатын оқиғалар да аз ұшыраспайды. Мұндай хаттарда, жеке тұлғалардың ауызша айтыла бермейтін көңіл-сырларын білдіретіні, сол кездегі өмір мен өмір-тірліктерін сипаттайтынын ұғыну қиын емес. Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданнан ата-анасына, туыстарына жауынгерлер жиі хат жолдайтын еді. Мұндай хаттардың кейінгі кезде құнды дүниеге айналғаны да мәлім. 1980-90 жылдары «Майданнан жазылған хаттар» деген жауынгерлердің жазған хаттары кітап болып шыққаны осының айқын дәлелі болса керек. Сондай-ақ, қыз-жігіттер арасында жазылған ғашықтық сезімдерін білдіретін хаттардан, олардың таным-түсіні­гін, ой-өрісін, тіл байлығын білеміз. Тіпті, ақындардың кейбір өлең-жырлары хат ретінде жазылған. Ал, әйгілі адамдардың бір-біріне жолдаған хаттарында ауызша айты­ла бермейтін көңіл сырларын ашып айтатын көрінеді. Осындай хаттарды оқып отырғанда әдеби шығармаларда, естеліктерде, баспасөзде жарияланған мақалаларда айту­ға болмайтындай құпиялы жәйттердің өзін, хат арқылы білдіретінін аңғару қиын емес. Осы тұрғыдан қарастырғанда хаттар дегені­міз, зерттеуге лайық өз алдына бір жанр (эпистолярлық) деп тұжырауға да болады. Бұлай дейтініміз жазысқан хаттары арқылы әйгілі адамдардың ішкі жан-дүниесін, болмыс-бітімін, оның нақты тұлғасын тереңірек білуге хаттардың көмегі зор болмақ. Өйткені, олардың айтылмаған сырлары, ашылмаған құпиясы хат жолдарында өрнектеліп, олардың адам ретінде қандай болғанын, шынайы мақсаты мен мүддесі, ойы мен арманы, күйініші мен сүйініші, өкініші, өмірге, саясатқа деген көзқарасы да бүкпесіз ақтарыла айтылады. Мұны ешқандай естеліктерде, әдеби шығармаларда, не болмаса мақалаларда қамтылмайтын, шынайы ақиқатты көрсететін нақты құжат деп тануға болады. Демек, хат дегеніміз, нақты шындықты бұлтартпай көрсететін құжат. Осы тұрғыдан қарастырсақ, хатты өз алдына жеке жанр (эпистолярлы) деп зерделегеніміз жөн болар. Көптеген ғалымдар хатты «Эпистолярлық стиль», «Эпистолярлық әдебиет», «Эпистолярлық жанр» деп атап жүр. Эпистолярия сөзі гректің «эріstole», яғни «хат» деген мағынадан шыққан ұғымды білдіреді. «Эпистолярлық» - «хатқа тән»; «хат түрінде жазылған»; «хаттан тұратын» деген ұғымдарды береді [1, 603-б]. Қазақ Совет энциклопедиясында: «Эпистолярлық әдебиет, эпистолография (грекше жолдау, үндеу) – сан алуан хат түрінде жазылған шығарма. Эпистолярлық әдебиетке жеке адамдардың бір-біріне жазған, мәдени маңызы бар, әдеби мұраға айналған хаттары да жатады» деген түсінік беріледі [2, 453-б]. Хаттың жанрлық сипатына келер болсақ, оның эпистолярлық жанрдың бастау көзі екендігі дәлелденген. Ал хаттың тек қана қара сөзбен емес, өлең түрінде де, аралас та жазылатындығын ескерсек, оның өзіне ғана тән ерекшелігі болатындығы да – заңдылық.

Хаттың қара сөзбен жазылатын түрінен бөлек өлең түріндегі нұсқалары да ежелден (алғашқы грек оқымыстылары, шығыс шайырларының хаттары, т.б. мен халықтық көне жазбалар (Орхон-Енисей, Тоныкөк, Күлтегін, т.б.)) қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді шешуде зор рөл атқарғандығы белгілі. Мәселен, ақын-жазушылардың бір-біріне өлең және қара сөз түрінде жазысқан хаттары түрлі мәселелерді көтеріп, баспасөз беттерінде жарияланып, қала берді түрлі баспалардан кітап болып шығуда. Осыдан-ақ эпистолография саласының өмірдің түрлі жағдаяттарын сөз етіп, адамдар арасындағы небір сауалдарға жауап тауып, салиқалы ой айтуға түрткі болғандығын көреміз. Ал негізгі хат тарихының сонау бағзы заманнан (тасқа қашалған жазулар, талдардың діңіне ойылған белгілер, т.б.) бастау алғандығын ескерсек, оның қоғам өміріндегі байланыс құралының ең негізгісі екендігіне шүбә келтірмейсіз. Осы ретте баспасөз теоретигі, ғалым Е.Прохоров: «Хат – адам сана-сезімі мен жүрегіне әсер ететін бірден-бір қатынас құралы»,- десе [3]. , ғалым Б.Жақып: «Ежелгі замандардағы жазба мәдениеттің көп таралған ертедегі көріністерінің бірі – шаруашылық, дипломатиялық, және жеке жолдаулар мен хаттар болды. Бұл тарихи ескерткіштердің бір тобы – ресми сипаттағы қызметтік құжаттар болса, енді бір парасы – тұрмыстық, отбасылық, достық сипаттағы жеке адамдар арасындағы хаттар болды. Кейбір хаттарда қоғамдағы маңызды мәселелер қозғалып, саяси көзқарас, әлеуметтік идеялар көрініс тапты. Міне, дәл осындай жолдаулардан келіп, публицистикалық эпистолографияның алғашқы көріністері туды», [4]. Эпистолярлық әдебиетке ірі қоғам қайраткерлерінің өзара жазысқан, тарихи мәні бар, әдеби мұраға айналған хаттары жатады. Эпистолярлық әдебиет жанр ретінде көне дәуірден басталады. Цицеронның, Горацийдің, Сенеканың хаттары эпистолярлық публицистиканың негізін қалады. Кейін хатпен жазылған роман пайда болды. Мысалы, орыс жазушысы Н.М.Карамзиннің «Орыс саяхатшысының хаттары» (1789–1792) – эпистолярлық әдебиеттің тамаша үлгісі. Қазақ әдебиетінде Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің орыс достарына, Абайдың өз туыстарына жазған хаттары – эпистолярлық қымбат мұра [5].. Ал осы ойымызды қуаттау үшін ғалым К.Қамзиннің де пікірін тілге тиек еткіміз келеді: «Хат жанрында ежелгі тегінің, байырғы стандартының, ақындар айтысының, тұрмыстық санаттағы хаттың сыртқы пішіні сақталып қалған. Екі жақтың жауаптасуына (контактқа) негізделген публицистикалық хат жанры тақырып аймағының шекарасында комбинация жасайды, айтылған ойды шешімге ұластыруға тырысады»,- деген тұжырымы хаттың публицистикалық мазмұнын аша түседі [6].

Қазақ әдебиетіндегі эпистолярлық әдебиеттің қымбат мұраларының бірі – Ы.Алтынсарин орыс достарына жазған хаты екендігін айтып кететін болсақ, мысалы : (Ыбырайдың соңғы хаты 1889 жылы 15 июльде жазылып, В.В. Катаринскийге арналған). Онда: «Аса қадірлі Василий Владимирович! Сізге соңғы хатымды жазғаннан кейін мен тағы да ауырып қалдым. Бұл жолы бұрынғыдан анағұрлым қатты ауырдым, жүрт мені жаны қалса болар еді деп қауіптенеді. Әлі де аурумын, ұйқым жоқ десем де болады, тамақ ішпеймін, жүрегімнің соғуы күшті, ентіге беремін. Троицкіден үшінші доктор шақыртқанымнан кейін, қазір тәуірірексің деседі, ол маған 10 июльге дейін ішетін дәрі беріп кетті. Өзімді бір құдайға тапсырдым, тағдырда жазылғаннан артық ештеңе болмайды ғой...» [7,2]. Осынау қысқа ғана хат иесінің сабырлығы, салмақтығы, дос-жаранға мейірбандығы, әр нәрсеге байыппен, ерекше ықыласпен, ыждағаттылықпен қарайтыны, парасаттылығы, байқампаздығы, өмірге қүлшынысы, тіршілік, халық үшін күресі байқалып тұр. Бұл хат эпистолярлық жазбалар болып табылады, яғни эпистолярлық жазбаларда қазақтың хан, сұлтан, болыс, билерінің орыс империясының әкімшілік орындарына жазғн хаттары мен белгілі қоғам қайраткерлері, ақын – жазушы, оқыған азаматарының хаттары. Осы мысалдан біз эпистолярлық жанр арқылы біз белгілі бір кезеңнің әлеуметтік жағдайын көре аламыз, әсіресе тарихи жағдайларға куә болып, сол заманның тыныс- тіршілішімен тыныстай алатын жанр деп те айтсақ қателеспейміз, сондықтан да біріншіден сол XVII-XVIII ғасырлардағы болған тарихи оқиғаларды қазақ зиялылары мен сұлтан, болыстардың әдеби немесе саяси хаттарын негізгі бағыт етіп алуға болады.

Қазақтың көркем шығармаларынан эпистолярлық стильдің үлгісін кездестіруге болады. Қазақ әдебиетінде де эпистолярлық жанрға жататын көркем туындылар кездеседі. Ы.Алтынсариннің «Балғожа бидің баласына жазған хаты» деген өлең түрінде жазылған хаты бар.



Үміт еткен көзімнің нұры балам,

Жаныңа жәрдем берсін құдай тағалам.

Атаң мұнда енеңмен есен-аман,

Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.

Атаңды сағындым деп асығарсың,

Сабаққа көңіл бөлсең басыларсың;

Ата-анаңды өнер білсең асырарсың,

Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың [8, 9-б]

Өлеңнің «үміт еткен көзімнің нұры балам» деп басталуынан хаттың эпитетті тіркестер арқылы жазылу мәнерін көреміз. Хат эпистолярлық стильге тән сөз қолданыстар арқылы басталады. Жазушы кейіпкерінің кез келген жерде аша бермейтін ішкі сырын хат арқылы ашқызады. Ілияс Жансүгіровтың «Баласынан анасына хат», «Ертістен хат» деген шығармалары эпистолярлық стиль үлгісінде жазылған. «Баласынан анасына хат» өлеңінде қалаға оқуға кеткен баласының елдегі анасына жолдаған сәлемі бейнеленеді. Өлеңнің тілі жеңіл. Ауызекі сөйлеу стиліне жақын жазылған. Туындыда антонимдер, тұрақты тіркестер, теңеу, эпитет, метафора сияқты тілдің айшықтау құралдары көп қолданылмайды. Дегенмен, эпистолярлық стиль үлгісіндегі бұл шығармаларда тілдің көркемдік құрал тәсілдері мүлде қолданылмаған деуге болмайды.



Қорғаным, анам, қамқорым,

Қолыңа тисе осы хат.

Құлының жазды қолынан,

Қуан да хатқа қыл қуат [9, 244-б].

Берілген шумақта аллитерацияға құрылған дыбыстық анафора тәсілі қолданылған. Синтаксистік құрылысында да эпистолярлық стильге тән белгілер, кездеседі. Сөйлемдері көбінесе қысқа қайырылып, бірдей тұлғаға аяқталады. Сондай-ақ, Ілияс Жансүгіровтың хат түріндегі келесі өлеңі – «Ертістен хат» деп аталады. Бұл өлең де осы үлгіде жазылған. Мұнда негізінен Ертіс өзені бойының табиғат сұлулығы, байлығы сипатталады. Мұнда ауызекі сөйлеу стиліне тән белгілер де орын алған. Бұл өлең алдыңғы өлең тәрізді қысқа қайырылған, құрылысы бірдей сөйлемдерден тұрады.



Журналыңның бетіне,

Жұртым, жаздым сәлем хат.

Жүзгенім Ертіс өзені,

Мінгенім «Алтай» - пароход [9, 306-б].

Шығарма тілінде көркемдегіш, көріктегіш құралдар, астарлы бейнелеулер өлеңнің табиғат әсемдігін бейнелеуге арналған шумағында бейнелі суреттер кездеседі.



Төбем аспан – торғыннан,

Маужыраған кең майдан.

Астым ағыс толқыған,

Сылдыр-сылдыр су ойран[9, 306-б].

Жалпы халықтық сауат кезеңдік саясатқа байланысты тоқыраған сәтте ауызекі өлеңге түседі. Ақын мен ақын өлеңмен есендеседі, шалқар сахараның екі шалғайында жатып бір ауыз өлең айтып сәлем жолдайды. Өлең – хат құлақтан құлаққа өтіп, жатталып адресатына жетеді. Ынтызар жүректі ғашық жандар тілегін өлеңмен айтып жеткізеді. Қазақ қыздары жігіт тілегіне ықыласты болса- оған өрнек шеккен жібек орамал сыйлаған. Бертінге дейін сақталып келген бұл дәстүр де хат сипатын беретін, хабарласу міндетін атқаратын символдық мән-мағынаға ие салт. Ертеде ұзатылған қыз ата-анасына өзінің есендігін, қандай көңіл күйде жүргендігін орамалға шегілген өрнек арқылы астарлап, ишаралап жеткізетін болған.

Халық әні- «Әпитөкте»:

Тіл хат жоқ.

Ақша маңдай, қаракөз,

Өзіңдей бекзат жоқ,

Тым болмаса,

Хат пенен хабар сөзің жоқ.

деген жолдар бар. Хат – кестелі орамалмен жеткізілер хабар, берілген уәденің символы. Қорыта айтатын болсақ, эпистолярлық жанр – жан-жақты зерттеуді қажет ететін сала. Яғни қай кезеңнің болсын жазушы, сыншы, ғалымдар, өнер иелерінің хаттары жүйелі зерттеуді қажет етеді. Ол хаттар эпистолярлық мұраның мол көзі болып табылады.


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет