Шахмардан есенов



бет119/123
Дата31.12.2021
өлшемі0,85 Mb.
#107253
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123
Байланысты:
Шахмардан есенов
@ 5 B - 07, Нурканик сііідддііккк, @ 5 B - 07, @ 5 B - 07, Тау - кен кәсіпорын экономикасы пробное тест (2), Конгитивные обучение, Конгитивные обучение, Конгитивные обучение, англ
Нәсіпқали Сейітов,

Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың профессоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Ш.Есенов атындағы арнаулы сыйлықтың иегері

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ-ШАХМАРДАН

Ұлтымның ұлы Шахаңды халық біледі,

Себебі Шахаң ірі еді және дүр еді.

Аталған ылғи Сүлейлер елі-жыр елі

Сыр бойы дейтін аймақтың ол бір түлегі.

Дәлірек айтсақ, туылған жері Шиелі.

Шиелі жері – ол да бір мекен киелі.

Киелі жердің біртуар осы ұлына

Қарыздар халқы қашан да басын иеді.

Тағызым ету себебі Шахқа халқының,

Бойына біткен табиғи мәрттік, жалқылық,

Тұлпарлық нағыз, етектен салса өрге озған,

Көрмеген ешбір қаймығып, әсте тартынып...

...Инженер кезде меңгерген бүкіл тетікті

34 жаста Министр болып бекіпті.

40-жетпей Президент болып сайланып,

Жөндеген талай ғылымда кем мен кетікті.

Жоғары Кеңес төрінде болған кезінде

Жанкешті халқы бодандық жаншып езілген

Төраға төккен терлерден үлкен қуат ап,

Бостандық деген боздақты аз-маз сезінген.

Кеңестік заман қисынды кейде жат қылды.

Сондықтан өмір өзгеше міндет тап қылды:

Маңғыстау жерін Әзірбайжанға қоспақшы

Хрущев –қырттың сұрқия ойын сап қылды.

Бағалар болсақ өмірді: мәрт пе, мәңгі ме?

Ұлтының жоғын жоқтауда жатыр әңгіме.

Тек қана осы ерлігі үшін Шахаңның

Есімі есте қалуы тиіс мәңгіге...

...Өмірдің мәні—өткізбеу уақыт бекерге,

Бәс жетпес байлық өмірде—парыз өтелген.

Ұлылық жолы Ұлытау жақтан басталса,

Маңғыстау жері Шахаңды көкке көтерген.

Тәптештеп жүріп Одаққа дұрыс-бұрысын,

Айтысып кейде, тұратын жерде тұрысып,

Шахмардан бас боп, қосшылар қостап ашылған

Жетібай, Өзен—халықтың бүгін ырысы.

Ол кезде Мәскеу аз ұлтқа мүлде қатал-ды.

Амалсыз бірақ мойындап уәжін Шахаңның

Қимайтын сыртқа сыйлығын берді ең ірі,

Шахаңдар солай лауреат деген ат алды.

Маңғыстау үшін, өткізген бастан көп өткел,

Шахаңның жөні сондықтан мүлде бөлек те.

Ақтау мен Шахаң,Шахаң мен Ақтау—ғашықтар

Біріне-бірі ынтығып ылғи өбектер.

Сондықтан оңды еңбекпен Ақтау өрілсе,

Маңғыстау бүгін кер марал сынды керілсе.

Дұп-дұрыс шешім: Ақтаулық оқу орнына

Жебеуші болған Есенов аты берілсе.

Қасқая тартқан салсаң да қандай қиынға,

Шахаңның бүгін әруағы асқақ қиырда.

Сексен жас дейтін сеңгірін жатқан ұлықтап

Дұп-дұрыс мынау бүгінгі үлкен жиын да.

Мәз бола бермей жүргенге жаппай тойынып

Ел деген жандар рухы биік, ойы нық

Аруағын Шахтың ұлықтау мәнін түсініп,

Дұрыс-ақ болды ескерткіш мынау қойылып...

...Өмірде ылғи адамдық атын бекемдеп,

Жүргендер ғана мәңгілік тірі екен де.

Шахмардан тірі, рухы оның өлген жоқ,

Жатса да тәні әруақтар елін мекендеп!

Ғасырлар бой арман боп жүрген елесі,

Бостандық келіп, жиғандай бүгін ел есін.

Ұлтының ұлы, есінде елдің мәңгілік,

Аруағы оның сол елін желеп-жебесін!

ххх


Ия, мұндай үзік-үзік, бірақ ойлары кесек-кесек пікірлер де ғалым болмысын, тұлғасын ашып беруге аз үлес қосып тұрған жоқ. Осылай ой түйулерді жалғастыра берер болсақ ұзаққа созылары сөзсіз. Өйткені оның бұл өмірде ғалым достары, шәкірттері, әріптестері, тіптен өзін танымаса да сырттай құрметтейтін, сыйлайтын, тұрмыс-тіршілікте араласқан адамдары, жандары аз болмаған. Біз біразының сөзін тыңдап, жазған естеліктерін оқыдық. Сол пікірлер мен естеліктерді және өз зерттеуімізді қорыта келе Шахмардан Есенов бар өмірін, жиған- терген білімі мен тәжірибесін халқы үшін жұмсаған, нағыз басшы, ғұлама ғалым екенін мойындадық. Мойындай тұрып оның ғибратты ғұмырын бүгінгі жастар мен келер ұрпаққа үлгі, өнеге етеуге ұмтылдық.

Бір анық нәрсе бар, ол—тіршілгінде-ақ «Дарабоз» «Кемеңгер», «Тұлға» атанған академик Шахмардан Есенов есімі ғасырлардан ғасырларға ұласып, мәңгіге өмір сүре берері хақ!

***



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет