Шахмардан есенов


ххх                                                             Кенес Нұрпейісұлы



бет121/123
Дата31.12.2021
өлшемі0,85 Mb.
#107253
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123
Байланысты:
Шахмардан есенов
@ 5 B - 07, Нурканик сііідддііккк, @ 5 B - 07, @ 5 B - 07, Тау - кен кәсіпорын экономикасы пробное тест (2), Конгитивные обучение, Конгитивные обучение, Конгитивные обучение, англ
ххх

                                                            Кенес Нұрпейісұлы,

      Ғылым академиясының корреспондент-

мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың  иегері,

профессор 
Тұлға

      Кезкелген адамның  өмірі  өзінше бір әлем. Өмірге келген әрбір  жұмыр басты пенденің одан озар кезінде  өткеніне көз жібере отырып, «менің өмірім босқа өтіпті» деп һкінетіні  некен-саяқ, керісінше олпрдың басым  көпшілігі мәнді де мағыналы өмір кештім деп санайды. Мұндай сезім  қоғамдағы ең ірі лауазымды қызметті атқарып, ел ағасы дәрежесіне жеткендерге  де, белгілі зиялы қауым өкілдеріне де, қатардағы қарапайым еңбеккерге де ортақ.

      Алайда  тарих барлығын өзі өлшеп , әркімге лайықты орынды түптеп келгенде ерте ме, кеш пе әділеттілікпен анықтайтыны бұлжытпас шындық.

      Басқаға бармай-ақ туған республикамыздың кеңестік кезеңіндегі тарихына көз жіберсек, соған көптеген дәлелдер табуға болады. Міселен, күні кеше ғана кеңес мемлекетінде, оның ішінде Қазақстанда да жоғарғы  лауазымды қызмет атқарған адамдарға  «көрнекті» немесе «аса көрнекті мемлекет және партия қайраткері» сияқты марапаттау сөздер оңды-солды айтыла беретін. Осыған мазмұндас сөздер облыс пен аудан «көсемдеріне» де арналатын. Жекелеген наңыз қайраткерлер және зиялы қауым өкілдерін қоспаңанда, бұл сөздердің көпшілігі жалған айтылатын. Сондықтан да осындай мадақтау сөздер арналңан адамдар өмірден озған немесе қызметінен түскен  күннің ертеңінде-ақ олардың есімдері халық зердесінен өше бастап, біраз уақыттан кеін түгелдей ұмыт болатыны да заңды құбылыс.

      Ал, ондайларға қарама-қарсы тағдыр иелері халқымыздың сан ғасырлық тарихында, оның  ішінде кеңестік кезеңде де аз болмаған.

      Осындай биік тұлғалардың бірі мемлекеттік  қайраткерлік қызметті ғылыми, ғылыми – ұйымдастырушылық және ұстаздық жұмыстармен шебер ұштастырып жүргізген Шахмардан Есенов еді. Ол 1949 жылы Қазақ кен-металлургия институтын бітіргеннен кейін өмірінің соңғы күндеріне дейін 45 жылдан астам уақыт туған республикасының экономикасын, ғылымы мен мәдениетін дамытуға ерекше еңбек сіңірді. Шахмардан Есенұлының атқарған  қызметтерін еске алсаң оның ерте есейіп, кемелденгенін, өз қатарластарынан оза шауып, үлкен парасат иесіне тән үлкен істер тындырғанын көреміз. Ол он бір жыл бойы (1949-1960 жылдар) Жезқазған геологиялық барлау экспедициясында инженер-геолог, аға геолог және бас геолог болып еңбек етіп, өзінің сүйікті ұстазы академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев негізін қалаған Үлкен Жезқазғанның мыс өнеркәсібінің шикізат базасын анықтау және бағамдау жқмыстарына жетекшілік жасады. Жалпы алғанда, Қаныш Сәтбаев пен Шахмардан Есеновтің өмірі мен қызметтерінде көптеген ұқсастық бар: екеуі де алып тұлғалы , кең мағдайлы – мар қасқалар, екеуінің мамандығы да геолог, екеуі де геолог ретінде еңбек жолдарын Жезқазған өңірінде бастаған, екеуі де Ұлттық ғылым академиямызға Президент, геологиялық ғылымдар институтына директор болған, екеуі де КСРО-нің ең жоғарғы марапат белгісі Лениндік сыйлықтың иелері атанған. Біріншісі халқымыздың өміріндегі – ұлы құбылыс, екіншісі – ірі тұлға...

      Алайда  Шахмардан Есенов республикалық  басқару жүйесі мен ғылыми-рухани өміріне жетекшілік жасау ісіне  жас жағынан салыстырғанда Қанекеңнен ерте араласты. Өйткені оның алдында  үлгі тұтар, ақыл айтар, қолдау көрсетер Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сияқты аяулы ағалары болды. Шахмардан соларға қарап бойын да, ойын да түзеді.

      Табиғат берген жан жақты дарын және нысыналы түрде табанды еңбек ету Шахмардан  Есеновті орда бұзар отыздан жаңадан  асқан шағында ірі лауазымды  қызметкер тұғырына көтерді. Ол 33 жасында (1960 ж.) Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауына қорғау министрінің орынбасары, бір жылдан кейін министр болып тағайындалды. 1965-67 жылдар Қазақ ҚСР Министрлер Кеңесі  төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. Ал жігіттіктің ауылынан ұзай қоймаған қырықтағы кемел кезінде Республикамыздың  ақыл-ойының ордасы Ұлттық ғылым академиясының Президенті болып сайланып (1967 ж.), оны 1974 жылға дейін абыроймен атқарды. Одан соң қайтадан геология министрі, Қазақ политехника институтында (қазіргі Ұлттық техникалық университет) кафедра меңгерушісі, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы парламентінің мүшесі, т.б. көптеген  қоғамдық жұмыстар Шахаң атқарып кеткен жемісті еңбектердің негізгілері ғана...

      Ол 1927-ші жылғы ғ-ші тамызда Қызылорда  облысының Шиелі ауданындағы  Тартоғай ауылында қызметші отбасында  дүниеге келген. Абыз ақын Әбділда  Тәжібаев «Жанымыз жарасқан еді» атты естелік мақаласында: «бойы екі метрден асатын Шахмардан палуан денелі, өз түлғасы өзіне жарасымды, сөйлескен кісілеріне лебінің жылылығы үнемі сезіліп тұратын ақ пейіл жан еді. Мен Шахмарданға қарап отырғанда есіме оның әкесі, біздің ағамыз Жорабек Есенов түсуші еді. Неге екенін білмеймін, Шахмардан Жорабекұлы болмай Есенұлы болып дүниеден өтті», - дей келіп, Жөкеңнің кезінде ташкенттегі гимназияны алтын медальмен бітірген зиялы адам болғандығы жөнінде, тіпті ол кісінің бертінге дейін А.С. Пушкиннің «Евгений Онегинін» жатқа айтатындығы туралы мәліметтер келтіреді. Міне, осындай өз заманы үшін оқығаны мен тоқығаны мол әке тәрбиесін көріп өскен  Шахмардан өз кезегін де оған артқан ата мен әке үмітін толығымен ақтаған ел ағасы дәрежесіне жетті.

      Институт  бітіріп инженер – геолог мамандығын алған соң табаны күректей он бір  жыл ол Жезқазған өңірінің кен  байлықтарын барлау және оларды өндіріске  енгізу ісімен табандылықпен  үлкен  қажыр қайрат жұмсап еңбек етті . Ол Үлкен Жезқазған мыс-руда өнеркәсібінің  шикізат негізін ашу және бағалау  жөніндегі бүкіл барлау жұмысына жетекшілік жасады. «Бұл кезеңде, - делінген Қазақ Совет энциклопедиясының  ң-ші томында (Алматы, 1947 ж.) – Ш. Есенов Жезқазған ауданы геологиясының  неғұрлым күрделі теориялық және практикалық мәселелерін шешуге тікелей қатысты, родусит-асбест сияқты маңызы пайдалы қазыналарды іздеу  мен барлаудың әдіс-тәсілдерін анықтау  жөніндегі жұмысты басқарды. Осы жұмыстардың нәтижесінде Жезқазғанда мыс кенінің барланған қоры бұрыңғыдан бірнеше есе артты, химия және қорғаныс өнеркәсібіне өте қажетті шикізаттың ірі кені ашылды, ол қысқа мерзімде барланып, өнеркәсіптік игеруге берілді. Осы ауданның марганец. Ниель-кобальт, темір рудалары, құрылыс материалдарының кендері ашылып зерттелді».

      Сол кезінде өзінен бастап Шахмардан  Есенов бүкіл Жезқазған өңіріндегі басты барлаушы геологтық қызметімен шектелмей, өзінің кәсіби білімін үзбей жетілдіру ісімен , геология ғылымының теориялық мәселелерімен де жан – жақты әрі терең айналысы бастады. Осының нәтижесінде ол бүкіл Қазақстанда жүргізілуге тиісті геологиялық іздеу және барлау жұмыстарына қатынасы бар идеялар айтып, нақтылы ұсыныстар жасады. Бір сөзбен айтқанда, сол кездің өзінде-ақ кейін оның мемлекеттік және ғылыми-ұйымдастырушылық іс-әрекетке тән басты ерекшелік болған мемлекеттік тұрғыдан ойлау, мемлекеттік өлшеммен ой қорытып, нақтылы істі  басқару қасиеті қалыптаса бастаған еді. Белгілі философ ағамыз Досмұхамед Кішібеков дәл басып айтқан Шахаңның «табиғатынан ауқымды, кең шеңберде ойлайтын қайраткерлігі» («Ақиқат», 1995, № 2) «Жезқазғандық кезеңнен» бастау алған болатын.

      Алпысыншы жылдардың бірінші жартысы (1960-1965 жылдар), жоғарыда айтылғандай, Шахаңның Республикамыздың геология және жер қойнауын қорғау министрлігіне жетекшілік жасаған жылдары, бұл кезеңде ол бүкіл республикада жүргізілген барлық геологиялық іздеу және барлау жұмыстарына басшылық етті. Жас министр бұл жылдары Қазақстанда пайдалы қазбалардың бүкіл әлемді таңдандырған бірқатар ірі кен орындарын ашып, оларды игеруге еліміздің геологиялық қызметінің көш бастаушысы ретінде ерен үлес қосты. Шахаңның замандастарының мәліметтеріне жүгінсек, сол жылдары бір аптаның ішінде оны аралығы үш мың шақырым алшақта жатқан Алтай кен орындарынан да, кәрі Каспий жағалауларынан да, Маңғыстау жарты аралынан да кездестіруге болар еді , өйткені сол шақта қазыналы Қазақстанның осы өңірлерінің бәрінде геологиялық іздеу мен барлау жұмыстары ауқымды түрде жүргізіліп жатқан еді. Жарғақ құлағы жастыққа тимеген геология министрі Шахмардан есенов қиыншылықтарға толы Республикамыздың экономикалық күш – қуатын арттыруға тиістіосы жасампаз еңбектің басы – қасында болуды өзінің бірінші кезектегі парызы деп санады.

      Геология-минералогия  ғылымдарының докторы, ҚСРО Мемлекеттік  сыйлығының иегері Садуақас Құрманов өз естелігінде Шахмардан есеновпен 1963-ші жылдан бастап геология саласында қызметтес болғандығын айта келіп, былай дейді: «Біз біле бастаған кезде ол Республиканың Геология және жер қойнауын қорғау министрі қызметін атқарып жүрді. Шахаңнан кейін талай министр болды, талайлармен қызметтес болдық, бірақ Шахаңа тең түсетін министр болған жоқ десем, артық айтқан болмаспын деп есептеймін. Ол түсі, түрі, тұлғасы қандай болса, оның іші мазмұны, іскерлігі, жауапкершілігі, қайырымдылығы, адамгершілігі, шапағаттылығы, тағы да басқа оң қасиеттері сондай адам болып еді».

      Одан  әрі қарай С. Құрмановша айтсақ, сол  алпысыншы жылдардың басында  ашылған Маңғыстаудың мұндай-газ  кен орындарын тездетіп барлап, игеруге  Шахаң білек сыбанып жан тәнімен  кірісті. Өзінің төл мамандығы мұнайшы  болмаса да, мұнай іздеу, барлау, оны өңдіруге дайындау қызметтерін  тез ұғынып, мұнайшылардан қалыспай қызмет етті. Маңғыстаудың негізгі кен орындары – Жетібай, Өзен, Теңге, Тасболат, Қаражамбас Шахмардан Есенов министр болып тұрған уақытта барланып, ашылды. Әсіресе Жетібай мен Өзен мұнай кен орындарының ашылуы және олардың қысқа мерзімде барланып, іске қосылуы аса зор жетістік болды. Осы жұмысқа тікелей қатысқаны және басшылық еткені үшін бір топ ғылымдармен бірге 1966 жылы Шахмардан Есеновке Лениндік сыйлық берілді.

      Жоғарыда  естелігінен үзінді келтірілген  профессор Садуақас Құрмановтың, академик Григорий Шербаның естеліктеріне сүйенсек, Шахмардан Есенов тек Маңғыстау  ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның басқа да мұнайлы-газды кен орындарының ашылуына тікелей қатынасты немесе оған пәрменді түрде ықпал жасады. Ол 1974 жылдың басында қайтадан (екінші рет) геология министрі болып тағайындалғаннан кейін осыған дейін ашылған Маңғыстау кен орындарынан кем түспейтін Қаражамбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы мұнай-газ көздері топтасқан Бозащы мұнай-газ көздері топтасқан Бозащы мұнай-газ ауданының барланып, ашылуына айтарлықтай ықпал етті. Бүгінгі күндері атағы жер жарып тұрған Теңіз мұнай-газ алып кенін ашу ісі де Шахаң геология министрі болып тұрған кезде қолға алынған еді...

      Шахмардан Есенов геология саласындағы практикалық және басшылық қызметін ғылымның осы арнасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар жүргізді. Сондықтан да ол екі жылдай (1965-1967 жылдары)Қазақ ҚСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарғаннан кейін 40 жасында өзінің ұлағатты ұстазы негізін қалап, оның тұңғыш президенті болған Қазақ ҚСР Ғылым академиясының басшысы болып бір ауыздан сайланды. Ғылым ордасының президенттігі қызметімен қатар Шахмардан Есенов ҒА-ның Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының директоры болып сайланды.

      Қазақстанның  ғылым академиясының басқарған  жылдары шахмардан Есенов ғылыми-зерттеу, ғылыми-ұйымдастыру, жоғары сапалы ғылым  кадрларын даярлау, жаңа ғылыми зерттеу  мекемелерін ашу, ғылым мен өндірісті  тығыз байланыстыру, халқымыздың  ғылыми және рухани мұрасын халық  игілігіне асыру т.с.с. салаларға  біліктілікпен жетекшілік жасап, көптеген жақсы істерге мұрындық болды.Шахаң  президент болған кезеңде ғылымның зәру салалары бойынша бірнеше ғылыми зерттеу институттары, лабораториялар мен бөлімдер ашылып, кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғылыми экспедициялар жасақталды, Әл-Фараби сияқты ғұламаларымыздың, Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсарин сияқты ғылым мен білім саңылақтарының еңбектері том – том болып жарияланып, олардың ғылыми, әдеби мұраларын тиянақты зерттеу жұмыстары қолға алынды.

      Шахаңның  кемел басшылығымен және Қазақ ҚСР  Ғылым академиясының сол кездегі  қоғамдық ғылымдар бойынша вицеөпрезиденті  Ақай Нүсіпбековтің тікелей жетекшілігімен, көптеген көрнекті ғалымдарымыздың  үлгі аларлық белсенділігі нәтижесінде 1973 жылғы 9-шы қыркүйек күні ұлы бабамыз, әлем таныған Әбу-насыр Әл-Фарабидің  туғанына 1100 жыл толуына орай Алматыда Халықаралық ғылыми конференция  табысты өтті. Осы үлкен ғылыми бас қосуда Шахмардан Есенов терең мазмұнды, адами сезімге толы баяндама жасады. «Әл-Фарабидің мерекесін өткізу, - деді Шахаң өз баяндамасында, - халқымыздың өзінің ұлы бабаларына деген зор қадір-құрметінің куәсі, сондай-ақ қазақ халқының ғылымының және мәдени өмірінің өсіп-толысуының да белгісі».

      Ғылым академиясының президенті болған жылдарында Шахмардан Есенов өзінің мамандығы  геолог болғандығына қарамастан, қоғамдық ғылыдар саласынан мол хабары бар басшы екендігін нақтылы  іс-әрекетімен дәлелдеді. Әдебиет пен  өнер жөнінде ой толғауларын республиканың мерзімді басылымдарына жиі-жиі жариялап тұрды. Ол әсіресе фольклор, тарих, археология және этнография мәселелеріне көп көңіл бөлді. Академия президенті Шахмардан Есенов пен вице-президенті Ақай Нүсіпбеков Қазақстан археологиясының белгілі көшбастаушыларының бірі Кемел Ақышев басқарған Оңтүстік Қазақстандық кешенді археологиялық экспедицияның жемісті жұмыс істеуіне жақсы мүмкіндіктер туғызып, Шәуілдір еслді мекенінде оның тұрақты базасын жасап, оны нығайтты. Осы экспедицияның атқарған сан қырлы жұмыстарының нәтижесінде ширек ғасырдан астам уақытта көне Отырарда және оның ақабында археологиялық қазба жұмыстар жүргізілді, олардың негізінде ондаған монографиялық еңбектер жарық көрді және белгілі ғалым, қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков дәл басып анықтағандай, «Отырар өркенияты» (цивилизациясы) деген ұғым Қазақстан тарихнамасынан орын алды.

      1972 жылы (6-7 маусым) Шахаң жыр алыбы  Жамбылдың туғанына 125 жыл толуына  арналған Ғылым академиясыныңжалпы  жиналысының сессиясын басқарды. Келесі (1973 ж.) жылы осы сессияның  құжаттарын Қазақ ҚСР-ның «Ғылым»  баспасы «Жамбыл және қазірге  қазақ поэзиясы» деген тақырыппен кітап етіп жариялады. Бұл жинақ «Шаң жұқпайтын жүйрік» деп аталған Шахаңның қысқа да нұсқа алғы сөзімен ашылды. Онда Шахмардан Есенов Жамбылды қазақ ақындарының «қынаптан қылыш суырғандай, табан аузында ойдан шығарып айтатын, суырып салма ақындық өнерінің» ұлы өкілі, дей келіп, өз ойын былай деп түйіпті: «Алатаудың өркешті ақбас шыңдарына көз жіберсек, өзі қатарлас өнерлі, дарынды ақындар арасында, сол Алатаудың ең биік, ең еңселі шыңындай болып жамбыл тұрады. Тау мүжіледі, темір тозады, бірақ халық мұңын мұңдаған , халық қуанышын жырлаған шынайы, көркем жыр мүжілмек те, тозбақ та емес, Жамбыл жыры – осындай жыр».

      Шахмардан Есеновті ғылым мен әдебиет, ғылым  мен жазушылық өнердің, тарих  пен көркем әдебиеттің арақатынастары әрқашан қызықтырып, толғандырып отырған. Бұған оның қаламынан туған мақалалар, олардың ішінде бірінші кезекте «Қазақ әдебиеті» газетінің 1971 жылғы 10-шы желтоқсандағы санында жарияланған «Өнегелі әдебиет үрдісі» атты мақаласы дәлел болды. Осы мәнді мақаладан кейбір толғаныстарды оқырман назарына қайтадан ұсынсақ, оның авторы Шахаңныі ой-өрісінің кеңдігіне тәнті боламыз: «Ғылым – инемен құдық қазғандай», - дейді халық. Рухани ойдың осы бір қиын саласында еңбек етіп жүрген ғалымдаржазушыларды ең жақыны қимасы санайды. Өйткені... ғалымдар табиғат пен қоғамның сан-салалы ғажайып сырларын ашып, ғылыми ойдың өсуіне көмектессе, жазушылар халықты эстетикалық талғаммен тәрбиелеуге жәрдемдеседі... Ғылыми жетістіктер ең алдымен әдебиетіміздің шеңберін кеңейтуге, оның проблемалық мәселелер қозғауына мүмкіндік береді... Ғылыми ортада ғалымдар өмірінен романға да, драмаға да, тіпті комедиға даматериал табылады... Тек өкініштісі, біздің жазушыларымыз ғалымдар өміріне көп бара бермейді, зәуімде бара қалғандары тақырыпқа тереңдеп кірмей, көбінесе сыртқы көріністерді қанағат етеді... Тарихты зерттеу, тарихи тақырыпқа көркем шығарма жазу қажет – ақ... дей тұрсақ та, жалпы тарихи және бүгінгі деген тақырыптарды бәр-бәрәне қарсы қойғанымыз жөн». Шахаңның осыдан ширек ғасыр бұрын айтқан бұл сөздері бүгін де өз маңызын жойған жоқ...

      Шхаң  өмірінің соңғы жылдарында (1978-1994 ж.) 1949 жылы өзі бітірген Қазақ кен-металлургия  институтының (кейін политехникалық ал қазір Қазақ ұлттық техникалық университеті) пайдалы қазбалардың кен көздерін іздестіру және барлау әдістері кафедрасының меңгерушісі болды, ол салиқалы үстаз ретінде Қазақстанның халық шаруашылығы үшін жоғары білімді техникалықинтеллигенция кадрларын дайындауға қомақтыүлес қосты. Сонымен қатар Республикамыздың қоғамдық – саяси өміріне де белсене араласты, ол парламент мүшесі ретінде тәуелсіздікке жаңадан қолы жеткен жас мемлекетіміздің керегесінің берік, шаңырағының биік болуы үшін күресті. Ол елінің ертеңін ойлайды, оның жарқын болашағына сенді. Өркениетті ел қатарына жету үшін саяси тәуелсіздікті жариялау жеткіліксіз екендігін, оны экономикалық тәуелсіздікпен бекіту қажеттігін айтып та, жазып та кетті. Ол қандай өрелі пікір айтпасын әр кез өзінің ұлы ұстазы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевты есіне алып отырды. Ата-бабадан қалған қасиетті мұрамыз – жер байлығын тиімді пайдалану, оны көздің қарашығындай сақтауды өсиеті етіп қалдырды. Ол өзінің соңғы ақалаларының бірінде «ертеңін ойламаған ел болмас» дей келіп, былай деп баса жазыпты: «Қазақстан геологтары жерімізден мол минералды шикізат қорын тауып отыр. Бұл арада ғұлама ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еңбегі ұлан-ғайыр. Ендігі міндет – жаңа экономикалық саясатқа сай, сол мол қазынаны есепсіз оңды-солды шаш бермей, бір түйірін де шашау шығармай, орнымен жұмсап, ұқсатып, ел кәдесіне жарату. Ол үшін ең алдымен технологияны барынша жетілдіріп, қалдықсыз өндіріс дәрежесіне дейін жетуді діттеген жөн.» («Қазақстан коммунисі» - «Ақиқат», 1990, № 10).

      Фәни  дүниеде 68жыл ғұмыр кешкен шахмардан  есенов көзі тірі кезінде халық пен  мемлекет алдындағы сан қырлы  мәнді қызметі үшін үлкен марапат  пен қошаметтерге ие болды: ол Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтарды иеленді. 1970-1974-ші жылдары ҚСРО Жоғарғы Қеңесінің депутаты және Жоғарғы Кеңес төрағасының орынбасары болды, төрт мәрте Қазақ ҚСР-і Жоғарғы Кеңесінің, бір рет ҚазақстанРеспубликасы парламенттік депутаттығына сайланды, омырауына көптеген ордендер мен медальдар тақты.

      Шахаңныі  іші тар, көре алмаушы тоғышарлар тарапынан жәбір де көріп, жазықсыз жапа шеккен кездері де болмай қалған жоқ. Алайда ол болдым деп тапсады, жазықсыз жазаға ұшырағанда да саспады. Қандай жағдайда да болмасын ардың жүгін  көтерген нардай бойын биік, ойын сергек ұстады. Кіммен болса да жылы жымиып амандасып, салиқалы әңгіие-дүкен құрды. Үлкеннің алдында ізет сақтап, кішіге қамқор аға бола білді. Ол өзі Әбділда ағасына (Тәжібаевқа) соңғы кездесуінде айтқанындай, «жаманның көңілін ауласа да, дауын дауламай» өтті дүниеден. Сондықтан ол бойына ойы сай тұлға ретінде оны білетіндердің жадында қалды. Шындығында да Шахаң Қазақстанның ғылыми және қоғамдық-саяси өміріндегі ірі тұлға еді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет