Оқушылардың пәндік құзырлылығы: 1. Техникалық, оқушылардың · Жаттығу ойындарында, мектепішілік, аудандық шахмат сайыстарына қатысуында;
· Ойын барысында шахматтық есептер мен этюдтарды шешу барысында қалыптасатын іс әрекеттері. 2. Интеллектуалдық, оқушылардың
· Ойынға сараптама жасауымен;
· Арнайы әдебиеттерді оқуымен;
· Үздік ойыншылардың ойындарын қарап талдауымен қалыптасатын іс әрекеттері.
Апталық жүктеме бірінші жылы аптасына 1 сағаттан /34 сағат.
Оқу тобында 10-15 оқушы болады.
Оқыту бағдарламасы Оқушылардың білім біліктілігіне қойылатын талаптар. Бірінші жылды аяқтағаннан кейін оқушы білу керек: · шахматы ойнау ережесін;
· ойнаушының құқы мен міндеттерін;
· шахматтың шығу тарихын:
· ойын тактикасы туралы негізгі түсінік.
Орындай білуі керек: · алған білімдерін практикада қолдана білу;
· назарларын, ойларын шоғырландырып, уақытты үнемдеу;
· шахматы құштарлықпен ойнау.