Байланысты: Презентация Microsoft Office PowerPoint
Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» туындысын аудару жұмыстары еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде ерекше қарқын алып келеді. 1990 жылдан бері «Диуани хикмет» аудармалары әртүрлі саладағы мамандар тарапынан жыл сайын дерлік жарық көруде. Мұның өзі аталмыш туындының тек әдеби мұра ретінде ғана емес, түркі халықтарының рухани мәдениетіне елеулі ықпал еткен Ясауи ілімінің жазба жәдігері ретінде де маңызы мойындалып, хикмет мәтінін игеруге деген рухани қажеттіліктің артып отырғандығының дәлелі.

«Диуани хикметтің» ғылымға белгілі қазақ тіліндегі алғашқы аудармасы – 1901 жылы Қазан баспасынан жарық көрген Маңғышлау Тынышлықұлының еңбегі. Өз кезеңіндегі қазақ аудиториясының сұранысын қанағаттандыра білген аталмыш туындының аударма тарихында өзіндік орны бар екендігі даусыз. Дегенмен аударма тәжірибесі толыспаған тұста жасалған бұл жұмыстың бүгінгі кәсіби аударма талаптарына жауап бере алмауы да заңды.