Ұлым, саған айтам... Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе. Жүріп келе жатқан адам отырған адамға, атты адам жаяуға, аз адам көпке сәлем беруге тиіс. Үлкендер мен ғалым адамдар алдында көп сөйлемеуге тырыс. Үйге кісі келсе орныңнан тұрып жайдары қарсы ал, киімін іл, төрге шығар. Үлкендерден бұрын тамаққа қолыңды салма. С. Кенжеахметұлы «Жеті қазына»
Ата - ананың қадірін, балалы болғанда білерсің,
Ағайынның қадірін, жалалы болғанда білерсің. Шал ақын.
Үлкен алдында жас қарызы, Ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый. Мұхтар Әуезов
Әрбір шаңырақ ұрпақты болсын, ырысты болсын, ырысы жұртқа жұғысты болсын! Н. Ә. Назарбаев
Балаға берілетін бірінші тәрбие ата - анасын, туған - туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата - анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды. Ы. Алтынсарин
Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды.
Ғабиден Мұстафин
Отбасы өмірді кемеліне келтіреді... бақыт әкеледі.