Тәтіқараның толғауы
Қаз дауысты Қазыбек,
Керейден шыққан Жәнібек,
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай –
Абылай, сенің тұсыңда
Сол төртеуі болыпты-ай... –
деп батырларды тізбектей жөнелетін жырау
«Жасыбай батырдың әйелін жұбатуы» толғауының авторы
Көтештің:
Ысқырып келе ме деп биылғы қыс,
Мырзадан сұрап алдым тымаққа тыс.
Бір жерден екі бұйым алып болмас,
Ақын Көтеш, аузың жап, ақылға түс,‒
деп басталатын толғауы қалай аталады?
Берілген үзіндінің авторын тап.
Мен арғын деген арыспын,
Аузы кере қарыспын.
Сен бұзау терісі – шөншіксің,
Мен өгіз терісі – талыспын.
Берілген үзіндінің авторын табыңыз.
Ер жігіттің қадірін
Ағайын білмес, жат білер.
Жорық жолы болуын
Қария білмес, сәт білер.
Берілген үзіндінің авторы кім?
Азамат ердің баласы
Атадан алтау тумас па.
Атадан алтау туғанмен,
Ішінде оның біреуі
Арыстаны болмас па?
Арыстанның барында
Жорғасы болса мінісіп,
Торқасы болса киісіп,
Толғамалы қамшы алып
Толғап дәурен сүрмес пе?!
Берілген үзіндінің авторын табыңыз.
Жақын жерден шөп жиса,
Жердің сәнін кетірер.
Ағайынның аразы
Елдің сәнін кетірер.
Абысынның аразы
Ауыл сәнін кетірер.
«Бұқар – ақын ғана емес, Абылайдың қолшоқпар бітімші биі. Ол XVIII ғасырдағы қазақ елінің жоңғарға қарсы күресін дұрыс жырлағанымен, ішкі қоғамдағы мәселеде Абылайдың жаршысы болды»,‒ деген пікірдің авторы
Достарыңызбен бөлісу: |