Шалекеев Олжас Оралович Мұғалім портфолиосы С есебі
№1 топ Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы
Қостанай қаласы 24.11.2017 ж.
Данышпан ақын Абай Құнанбайұлы : «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!» деген болатын. Әрбір өткен күн, апта, ай атқарған жұмыстарымды ең әуелі өзіміз үшін саралап, жеткен жетістіктер мен кеткен кемшіліктерді салмақтап, есеп жүргіздім. Орындаған жұмыстың кемеліне жеткізе орындалғанына ой жүгіртім.
Орта мерзімді жоспарымның жұмысы бойынша рефлексивтік есеп.
Бүгінгі күнде оқытушының педагогикалық шеберлігі оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі- оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу болып табылады.
Мектептегі тәжірибе кезінде тарих пәнінен алтыншы сыныпқа орта мерзімді жоспарына негізделіп төрт тізбектелген сабақ өткіздім. Сыныпта 11 оқушы оның үздіктері төртеу, сөздік қоры аз екі оқушы бар. Кейде оқып кейде оқымай келетін оқушыларда бар, дегенмен бұл сыныптағы туыстар, көрші тұратын оқушылар бар, сондықтан бұлар бір-бірімен достасып кеткен. Сол себепті топтық жұмыс жасауда кедергілер болған жоқ. Олар бір-бірін тыңдайды, бір-бірінің ой-пікірлерін құптайды. Бірінің жетістіктеріне қуанады, үлгерімі төмен оқушыларға түсіністікпен қарап, үй тапсырмасын орындауына көмектеседі.
Тізбектелген төрт сабақтың жалпы «Қола дәуіріндегі Қазақстан» тақырыбы орта мерзімде жоспарланып алынған болатын.
Негізгі мақсатым: Сабақтың кезеңдерінде жеті модульдің әдіс-тәсілдерін қолдану, жұмыс құралдарын пайдалану; Әрбір сабақтар барысында оқыту және оқу мақсаттарын белгілеп көрсету; Барлық оқушыларды қамту үшін оқытудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін білім сапасының жақсаруын қадағалап, мониторинг жасап отыру болатын.
Күтілетін нәтижем: Оқушылар оқу барысында тақырып туралы сыни ой айтуға, ойларын толыққанды жеткізуге дағдыланады, оқуға деген ынталары артады.оқушылардың сыртқы және ішкі уәждерін ынталандырып жақсарту.
Түйінді ойым: Оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету, метатанудағы өзін оқушы ретінде танып білу, табыс, ұмтылыс барда, табысқа жетесің деп
Өтілген тізбектелген төрт сабақтарыма кері байланыс жасай отырып, алдымен балалардың қалай білім алатынын еске отырып, оқу пирамидасының сатысымен таныстырып, пирамиданың кесіндемесін тақтаға іліп қойып, күнделікті сабақтың басында еске салып отырдым. Әр сабағымда оқушылардың барлығы дерлік оқу үдерісіне белсенді қатысуына жағдай жасап отырдым, тақырып бойынша алған білімдерін, ізденген ақпараттарын ортада талқылауға, дәлелмен келтіріп айтуына уақыт бердім, тыңдадым айтылған пікірлерді қолдап, қолапаштап отырдым, сол себепті үлгірімі төмен оқушыларда өз пікірлерін айтуға дағдыланды. Бағдарламаның 7 модулдің әдіс-тәсілдерін, жұмыс құралдарын қамыта отырып, орта мерзім жоспарды, қысқа мерзімді жоспарды есепке алып, оларды барынша жетілдіріп отыруға барынша тырысып бақтым. Чиксентмихайдің «өзіндік мақсат» кестесін ескере отырып оқушыларға өз мақсаттарын қоюды үйреттім, мақсат қойылғанан кейін оған жетуге ұмтылу керектігі, нәтиже болатындығын ескеріп отырдым, нәтижесінде оқушылар өз оқуын жоспарлау барысында бір нәтижеге жету үдерісін түсінді. Оқушыларға тақырыптың бүге-шүгесіне дейін назар аударса, материалды ұзақ уақыт есте қалатынын айттым. Оқушыларды жұмысқа ынталандырдым, сыныпта болатын жағ-жайларда белсенді қатысуға мүмкіндік бердім. Оқушыларды Картамен жұмыс жасау барысында жұпқа бөлдім, жұптасып, бірлесіп тапсырманы орындады. Оқушылар топтық, жұптық жұмыс болғанда топ ережелеріне бағыну керектігінде ұмытқан жоқ. Топтық жұмыста бірінің ойын бірі жалғастырып ортақ шешімге келіп, тақырыпқа түсініп, оны баяндап беріп жатты.
Оқытуды және оқуды бағалау модуліндегі өзара бағалау, өзін-өзі бағалау әдістерін қолдандым, басында оқушылар қойылған бағаларына қанағаттанбады, көңіл –күйлері болмай жүрді кейіншелік оқуларын жақсартып, тақырыпқа толық түсінік алғасын өзін-өзі бағалай отырып, өз білімдеріне кері байланыс жасап жатты.оқушыларды критериалды (картамен жасалған жұмыстарында есепке алып отырдым) бағаладым. Оқушылардың оқыту үдерісін терең түсінуін қадағаладым, оқыту үдерісін жақсарту және оқушылардың білімін жетілдіру үшін түрлі стратегиялар мен заманауи әдіс-тәсілдерді үйлесімді қолдануға тырыстым. Осылайша сабақ өз мақсатына жетіп, нәтижесінде оқушылар білімдерін жетілдіріп, өзін-өзі танытады, одан әрі оқуға ынталанады.
Қорытындылай келе айтарым, жеті модульдің идеяларын пайдаланғаннан кейін сабақ мақсатына жетеді, оқушылар сабаққа белсенді қатысып, тақырып бойынша білімдерін жетілдіреді. Болашақта жеті модульдің идеяларын сабақтарыма қосып отырамын және өз әріптестеріме сабақтарда пайдалауды ұсынамын.
Тізбектелген төрт сабағымның рефлексивтік есебі
Тізбектелген сабақтарға оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сын тұрғысынан ойлау, дарынды балаларды оқыту модулдерінің әдіс-тәсілдерін енгіздім.
Бірінші сабақ- Қола дәуіріндегі Қазақстан тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіріп, танымдылыққа дағдыланды. СТО модуліндегі пайымдау әдісі бойынша тас мен қола дәуірінің айырмашылықтарын салыстырып талдау барысында мәліметтерге интерпритация жасадым.
Келесі сабақта -Андроновтықтар мәдениеті тақырыбында оқушылар сол кезеңде тұрған адамдардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Үйге берілген тапсырма ашық сұрақтар дайындау, осы сұрақтарға өздері ізденіп оқулықтан жауап таба отырып білімдерін әрі қарай тереңдетуге жағдай жасалды. тақырыптағы маңызды мәселелерді талқылады және ой елегінен өткізді, мұнда «қара жәшік» ішіндегі жұмыс тәсілі қолданып, оқушылар бағаланды. Екі тақырып өтілгеннен кейін Мерсердің дәйектеудің бірі зерттеушілік әңгіме жүргізу барысында дарынды оқушыларды анықтадым. Мұнда дарынды оқушыларды оқыту модулін қолдандым. Сонымен қатар, жас ерекшеліктеріне де көңіл бөліндім. Оқушылардың деңгейлерін ескеріп, жаңа тақырыпқа сай сұрақ-жауаптар, жазбаша тапсырмалар бердім, сонымен бірге олардың жұмыс істеу қабілеттері қадағаладым. Оқушылар өз ойларын жинақтауға үйренді.
Үшінші сабақта: оқушылар археология ғылымы туралы өз білімдерін толықтырады. Сабақта андроновтық мәдениеттің ескерткіштерін кескін картаға түсіру үшін оқушыларға (АКТ модулі) ұялы телефон пайдаланып интернеттен қосымша мәлімет алуға рұқсат етілді. Өз жұмыстарына пайдалануға болатын идеялар ұсынады, бірін-бірі толықтыру барысында өзара ынтымақтастық қарым-қатынаста болды.
Төртінші сабақта: Андроновтықтардың қоғамдық құрылысы мен жеке меншіктің пайда болуы тақырыбында диалогтік оқытудың жабық сұрақ түрін қолдану, қатені табу, сыни тұрғыдан ойлауды үйретуді қолдану арқылы өз ойларын айқын жеткізе алғанын білдім.
Сабақтағы кедергілер:қабілетті оқушылар қабілеті баяу оқушылардың пікірлерін елемей, өз дегендерін мақұлдайды; уақыттың жетіспеушілігі; төмен оқитын оқушылардың пассивтігі, өз ойларын толық жеткізе алмайды; оқушылардың тапсырманы түсініп алмай, асығыстық жасауы.
Жағымды жайттар:оқушылардың тақырыпты түсінуі; мәтіннің мазмұнына қарай тақырыпты ашуы; тапсырма орындауда кезекпе –кезек жауап беруге дағдыланды; жауапкершілікті мойнына алды; 7 модульдің енгізілуі.
3.Коучинг –сессиясы бойынша рефлексиялық есеп.
Бір сағаттық коучинг сабағымның тақырыбы «Мұғалімнің - оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттері» деп алған болатынмын. Себебі, бір мектептің мұғалімдері бір ортақ мақсатпен жұмыс істегендіктен бәрімізге ортақ іс- үйренуге үйрету мәселесі. Мектептегі әріптестердің ішінде бұрын деңгейлік (бірінші, екінші, үшінші) курстардан өткен 7 мұғалім бар, олар бұдан бұрын бірнеше коучингтер өткізген. Жалпы ұжым коучинг сабағының не екенін біледі, түсінеді. Бағдарламадағы 7 модульдің элементтері жайлы әдістемелік бірлестіктердің отырыстарында, әдістемелік ресурстарда көрсетілген, педагогикалық кеңестердің отырысында айтылғандықтан мұғалімдер осы бағдарламаның идеясы жайлы бір шама хабардар болатын. Әріптестерімді жинап, оларға ұсыныс жасап, коучинг сессиясын өткізетінімді айттым. Онда мұғалімдерге оқыту мен оқудың жаңа әдіс-тәсілдері олардың элементтері туралы түсінік бере отырып жаңа әдіс тәсілдердің (диалогтік оқыту, бірлескен жұмыс, оқу үшін және оқуды бағалау, дарынды балаларды оқыту) тиімділігі, оларды сабақтардың мақсатында, оқу барысында қалай тиімді қолдануға болатын жолдары туралы қысқаша мәліметтер беріп, коучингке қатысуға ұсыныс жасадым.
Коучинг сессиясына жиналған 8 мұғалім болды. Ішінде жас мамандар әлі коучингтен хабарсыз екендігінде жасырған жоқ, қызығушылық танытып қатысқандар болды. Өткізілген коучингтің негізгі мақсаты: барлық мұғалімдер үшін балаларды оқытудағы өзекті мәселе, мен коуч ретінде осы коучингке қатысқан мұғалімдердің табысқа жетуіне маңызы мәселелерді қарастыру екенін, олардың оқыту тәжірибесіндегі қызметін одан әрі жақсартатынына азда болса үлесімді қосу.
Коучингтің мақсатына сай міндеттері де белгіленді. Олар сауалнаманың сұрақтарына шынайы, дұрыс жауап беру, өздері сабақта қолданатын әдіс-тәсілдерді толықтыру, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген мативация тудыру, ынта жігерін, қызығушылығын арттыру.
Коучингті өткізудің басты идеясы- білім беру үдерісіне, оқытуға 7 модулді енгізу, қолдану. Қалай оқу керектігін үйренудің қозғаушы күші- Метатану туралы түсінбей, топта Метатану мен өзін-өзі реттеу жайлы дибат әңгіме талқыланды. Жаңаша техологияларды қолдануда «диалогтік оқытудың маңыздылығын» басшылыққа алып, сабақ барысында оны тиімді пайдаланғанда оқушылар өз ойларын, пікірлерін білдіріп, сауатты сөйлеуге үйренеді деп пікір таластырды. Ал «қалай оқу керектігін үйретуде» оқушыға сабақта алған білімдерін есінде сақтауға, өз бетінше ізденуге, өз ісіне жауапты болуға үйретеміз деген ойлар ортаға салынды. Тақырыпқа түсінік берілген соң, әр топ сұрақтар жаудырды. Жауап іздеу мақсатында жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқушыға қалай оқу керектігін үйрету қажеттілігін түсінгендей болды. слайдта - Мұғалімдер үшін маңызды 8 тезистің мазмұны келтірілген, соны оқып, түсініктерін топта талқылап, сөз жарыстырды.
Коучингтің әр кезеңінен соң топтардың жұмысына талдау жасалды. Қорытыды жасауда яғни коучингтің мұғалімдерге берген көмегі немесе әсері туралы әңгімелесу жүргізілді. Байқалғаны: әріптестерімнің тәжірибесіне коучингтің ықпалы зор болды, оқытудың ұтымды жолдарына көруге бағыт алды.
Олар бір-бірлерінің ойларын толықтырып, ризашылығын білдірді.
Коучингте тиімді болды:
Мұғалімдер тез түсініп, бірлесе жұмыс жасағаны;
Оларға коучинг жат болған жоқ;
Өз ойларын жасырмай айтқаны;
Жағымды тілектері мен ұсыныстары;
Тақырыптың өзектілігі, тиімділігі толық талқыланды;
Коучинг тартымды болды.
Кедергілері:
Жоспар бойынша іске асқан коучинг тартымды болды. Кері байланыс: эссе жазып, оны оқып берді, бармақ арқылы өзара және өз-өздерін бағалады. Мұғалімдер, коучинг тартымды болғандығы шығар, келешекте мектеп мұғалімдерінің ұсынысы бойынша критериалды бағалаудағы дискрипторлар туралы тақырыпты қозғап, сол туралы коучинг өткізуімді сұрады. Әрине тақырып өзекті, неге өткізбеске деп ойлап, келесі коучинг тақырыбымды жоспарлауға бел будым. Жаңаша оқытудағы 7 модульдің идеялары–оқу процесіне жаңа оқу жүйесін енгізетін, кез-келген пән мұғалімдерінің жемісті еңбегі.
4.Тәлімгерлік жұмысым бойынша рефлексиялық есеп
Тәлімгерлік жұмысымды бастамас бұрын мен- тәлімгер ретінде тәлім алушымен қалай жұмыс жүргіземін? қандай мақсатпен жүргіземін? қалай жүргіземін? деген үш сұраққа жауап іздедім. Бірінші Тәлімгерліктің жоспарын құрдым. Жоспардағы іс-шаралар ондай ауқымды болмағанмен, менің тәлімгерлік жұмысымның бастамасы одан әрі ауқымы кеңейе беретін болады. Тәлімгерлік жоспардың басты мақсаты- тәлім алушыма кәсіби қолдау көрсетумен қатар сабақ берудің тиімді жолдарын қарау арқылы интербелсенді оқытуды үйрету. Бағдарламаның 7 модулінің идеялармен таныстыру, оқу мен оқытудағы жаңа әдіс тәсілдерді сабақтарда тиімді қолдану жолдарын қарастырып, сабақтың табыстылыққа жеткізу. Мектептегі жас мамандарды және осы деңгейлік курста оқымаған әрітестермен кедесіп, оларды жинап тәлімгерлік жөнінде сұхбат жүргіздім, алға қойған мақсатымды айтып құрған жоспармен таныстырдым. Жүргізген сұхбатым зая кетпеді, жас маман Ескабулов Куаныш Сейдуллаұлы менің ұсынысымды құптап, маған тәлімгер болатынын айтып, өтініш білдірді. Менде қуана кеттім. Мағанда жеңілдеу болатын болды, себебі тарих пәні география пәніне жақын, уақытында менде география сабағын жүргізгенмін. Тәлім алушы ретінде жас маман- Ескабулов Куаныш Сейдуллаұлы өзінің ынтасын білдірді. Соныменн мен жас маман Куаныш Сейдуллаұлымен жұмыс жасадым. Тәлім алушы Куаныш Сейдуллаұлы география пәнінен мұғалімі, білімі жоғары, педагогикалық стажы 3 жыл. Тәлім алушымен сұхбат өткізіп, оның сабағында болып оқушылардың іс-әрекетіне зерттеу жасадым, өтілген сабақ талқыланды, кейінгі аптада Куаныш Сейдуллаұлы менің сабағыма қатысты, жүргізген коучинг сабақта болды. Сабағыма қатыстыру мақсатым- тиімді тәжірибе алмасу, бағдарламаның 7 модулін ықпалдастыра отырып өткен сабақтарымнан азда болса түсінік алып, Қуаныш Сейдуллаұлын қызығушылын тудыру, ынталадыру. Жасаған жоспарым іске асып, тәлім алушы сабақты жоспарлаудан бастап, сабақты талдауға дейін үйрену дағдылары қалыптасты. Ол өтілген сабақтар соңында, менің сабағымды талдап көрді, ұнаған тұстарын, пікірін, ойын ортаға салды. Талдау SWOT cтратегиясын қолдануды ұсындым,
Сол арқылы талдап шықты.
Олар тек қана сабағыма қатысып қана қоймай, сабақты жоспарлауды, сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерді, сабақты талдауды, менің білім алушылармен өзара қарым-қатынасымды байқап, оқушыларға қалай оқу керектігі идеясын түсініп, үйрену дағдылары қалыптасты. Сабақтың соңында оның сабақта ұнаған тұстарын, өзіне не ала алғанын, үйренгенін ортаға салды. Бірлесе талқылап талдауға мүмкіндік берілді. Қазіргі кезде Куаныш өз ойын ашық айтып, көмек сұрап отырады. Олармен бірге іздену жолындамын.
Тәлім алушылармен көбінесе диалог әдісі жүргізілді. Ол оқыту үдерісінің тиімді жолдарын үйреніп жүріп, жақсы нәтижеге жету үшін өздері әрекеттенуі тиіс екенін түсінді. Сондай-ақ, тек тәлімгердің сабағына қатысумен шектелмей, өз бетінше іздену, жаңа идеялар іздеуге бағыттадым. Олар қараша айының басында қоғамдық-гуманитарлық циклының апталығында болған ашық сабақтарға қатысты, өзіде ашық сабақ берді. Болған сабағында топтық жұмыс жүзеге асты, себебі оқушылар топтық жұмыс жасауды біледі, диологтік оқытуда Мерсердің зерттеушілік әңгімесін қолданды, дибаттық әңгімеде болды Сабақты талдауды үйренді, ұсыныс жасай алды. Оқушыларының арасынан дарынды балалардыда ажыратты. Оларға жеке деңгейлік тапсырмалар (жабық сұрақтар) беріп критериалды бағалап отырды. Қара жәшік әдісін қолдануды үйренді.
Ұтымды жақтары:
Қаныш Сейдуллаұлының маған сенімдігі;
Бірге жұмыс жасап достасып алдық;
Сабақта дибаттық әңгіменің тиімділігінің жүзеге асуы;
Бағалауда оқушылардың өзін-өзі бағалауы дұрыс болды;
Картамен жұмыс жасауда жұптасып оқушылардың жақсы нәтиже көрсетуі.
Кедергілер:
Куаныштың ден саулығына байланысты демалыс алуы;
Уақыттың аздығы;
Кабинеттердің жабдықталмауы;
Ресурстардың аздығы;
Куаныштың баяу қозғалауы;
Интербелсенді тақтаның болмауы;
Оқушылардың бір-біріне бағынбауы.
Келешектегі ойым:
Ескабулов Куанышпен Келешекте көп жұмыстар атқарамыз, Мектептің оқу сапасын жақсартуға үлес қосамыз. Мұнда біздің атқарар жұмысымыз сабақтарда бағдарламаның 7 модулінің идеяларын, бағалау стратегияларын қолданып, табысты сабақтар өткізу, қоғамдастық құрамына кіріп семинарларда ашық сабақтар беріп, табысты мұғалім қалыптастыру.
5. Мектептің педагогикалық қоғамдастығы бойынша рефлексиялық есеп
Алғашында менде мынадай: мектептің ішінде қоғамдастық құру артық емес пе? Ол не? мектептің жұмысына қандай тиімділігі бар? сұрақтар пайда болды. Осы қойылған сұрақтарға өзім жауап беруге тырыстым. Бірінші кезекте- қоғамдастықтың мақсаты мен міндетін айқындап алу, одан күтілетін дұрыс нәтижеге қол жеткізу жолдарын білу. Қоғамдастықтың жұмыс жоспарын жасап, сол мақсатта мен мектеп әкімшілігімен, деңгейлікте оқыған әріптестермен кеңестім. Қоғамдастықтағы мұғалімдерден басшылық ететін, үйлестіруші және дамытушы топ мүшелерін сайлап алдық.
Қоғамдастықтың негізгі мақсаты: «Тиімді оқыту мен оқуды» жүзеге асыру, кедергі болатын проблемеларды анықтап, оларды шешу жолдарын қарастыру.
Мектепттегі оқушылардың білім деңгейін көтеру үшін мұғалімдердің өзінің рухани дамуына, біліктілігін арттыруына, кәсіби өсуіне жағдай жасауға көмектесу. Түйінді ой: мектеп мұғалімдерінің тәжірибесін өзгерту мақсатында мұғалімдердің кәсіби қауымдастығын құру.
Міндеті: мұғалімдерді тиімді оқыту мен оқу әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануға бағыт беру. Дарынды балаларды анықтау, нашар оқитын оқушыларды олармен оқуға ынталандыру мақсатында жұмыс жүргізу.
Бағыты: Оқушылардың білім алу сапасын арттырып, қоғамдастық жұмысына арналған, оқу бағдарламасын жетілдіру. Қоғамдастық құру жөнінде мектеп директорың міндетін атқарушы А.С. Баянбаевпен мектептегі тәжірибе басында сөйлесіп алғаным, ол келісті. Қоғамдастық мүшелері: басқарушы топ мен және Жапкараева ЖК, Ибраева ГА, үйлестіруші топ Головчинко РВ, Каримова РК,
Дамытшы топ КурбанбаеваН.М, Ибраева З.М, Утетлеева Ж.А. Қоғамдастық дұрыс жолға қойылуы үшін қоғамдастықтың мүшелері арасында жағымды қарым-қатынас орнаттым, Олар бірлесіп бір-біріне сенімділік білдіріп, толық жауапкершілікті мойындарына алды. Кәсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шара өткізу есепке алынды. Бұл шара басқа мектептердің мұғалімдерін шақырып семинар түрінде өткізіледідеп шештік. Бұл шараға үйлестіруші топ мүшелері жауапты болады, жоспар жасауда барлығы көмектесетін болды. Келесі өткізілетін іс-шара басқа мектептерге барып, олармен ынтымақтық қарым –қатынас орнатып, бірлесіп жұмыс жасау мақсатында, мектепте тиімді және сапалы сабақтар өткізетін болдық. Сапалы сабақтар өткізетін мұғалімдерді соның ішінен тәжірибелі еңбек өтілі көп мұғалімдер алынып тізімдері де түзілді. Келесі қадамым мұғалімдермен жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану барысында қандай кедергілер бар екенін анықтау және одан шығар жолдарды табу үшін дөңгелек стол өткіздім. Бұл шараға қатысқан мұғалімдер осы проблема бойынша ой бөлісті, көпшілікпен талқылады. Жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудағы кедергілерді жою жолдарын анықтап алдық, педагогикалық кеңесте мұғалімдердің білім беру үрдісінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану керектігі айтылды.
Мемлекеттік (қазақ) тілдегі №1 Таран орта мектебі мен Ново-Ильиновка орта мектебінің деңгейлік курстан өткен мұғалімдері бір мектепке жиналып, сол мектептің сыныптарына табысты сабақтар өткіземіз деп шештік. Сабақтар аяқталғаннан соң өзіміз жиналып, сабақтын басымыдылық жақтарын, әлсіз жақтарын талқылап пікір алмасамыз, бір-бірімізге кеңестер береміз, және әріптесіміз өткізген сабақтың басымдылықтарын алып өз тәжірибемізде қолданамыз. Осындай сабақтар өткізу мұғалімдерге өз тәжірибесін жетілдіруге пайдалы және оқушыларға да басқа мұғалім сабақ бергені қызық сияқты болып көрінеді, Сабақ берген мұғалімде жауапкершілікті алады.
Қоғамдастық жұмысының тағы бір бағыты болатын жас мамандарғада көңіл бөлдік. Олармен кездесу өткізіп, олардың жұмысында қандай қиыншылықтар бар, қандай кедергілер кездеседі, оларға қандай көмек керек, кедергілерден шығу жолдарын қарастыруда кеңес беріп, қолдау көрсету болып тұр.
Қоғамдастық мүшелері яғни әріптестердің осы оқу жылында құрылған қоғамдастық жоспары негізінде алған мәліметтерді қорытындылау барысында, нәтижеде әріптестермен кеңесіп қоғамдастық мүшелері арасында «менің үздік сабағым» шебер сынып өткізуді ұйғардым. Оқу жылы аяқталған соң мектептің педагогикалық даму жоспарын қорытындылау мақсатында «жыл бойы біз қандай жұмыстар атқардық? атқарған іс-шараларымыз қандай нәтиже берді?» осындай сұрақтар аясында диспут өткіземін. Мектептегі оқушылардың білім сапасының нәтижесін көріп, құндылықтар мен мәселелерді анықтап, басымдылығымен кемшіліктерін айқындап соларды ескере отырып, ол үшін талдау жасалады.Талдауды SWOT немесе SMART бойынша жасаймыз деп келістік, қоғамдастық мүшелері - басшылық ету топтары, үлестіруші топтар, дамытушы топтар, жүйе көшбасшылары жиналып олардың талаптары мен идеяларын ұсына отырып келесі оқу жылына жаңадан жоспар құру дайындығын жүргіземіз. Сонымен қатар оқушылардың алған білімінің нәтижесін, оған мұғалімдердің қосқан үлесін зерттеп қоғамдастық жұмысын бағалаймыз. Осыны ескере отырып қоғамдастық жұмысының жоспарына өзгерістер енгізе отырып бағдарламаның 7 модулінің идеяларын, тиімді «оқушы үні», «мен» тұжырымдамасы, Сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша құрылған Блум таксономиясы ойлау деңгейлері стратегияларын жүзеге асырамыз. Осы өзгерістерді енгізу арқылы мұғалімдер қоғамдастығымыздың жұмысы болашақта жемісті болып, оқушыларымыз білімді жақсы меңгереді, өз білімдеріне кері байланыс жасай отырып, алған білімдерін толықтыры отырады деп сенемін.
Осы мақсатқа жету үшін мектеп қоғамдастығының шеңберінде қалып қоймай біз келешекте басқа мектептегі әріптестермен ынтымақтасып жүйелік қауымдастықты жалғастыру, жақсы табыстарға жетістіктерге ұмтылуымыз керек. Педагогикалық жаңалықтарды жаңаша игеру барысында кері байланысты күшейту. Қоғамдастықтың басты бағыты 7 модулінің идеяларын қолдануға үгіттеу, қалданған мұғалімдері қолдау болып белгіленді.
Жоспарды іске асыру барысында қоғамдастықтың мұғалімдерге топтық жұмыстың тиімді стратегияларын өз тәжірибесінде қолдануына қолдау көрсету мақсатымды жүзеге асыру барысында кездескен кедергілер: -- қоғамдастықтың тізбектелген жұмыс жоспарын жасауда теориялық негізде жүргізілген тәжірибелік іс - әрекеттердің аздығы -деңгейлік курстан өтекен қоғамдастық мүшелерінің ой - пікірлерінің бір арнада қабыспай жатуы; - мектептегі іс - әректерде жаңашылдықты науқаншылдықтың басымдылығы; - мектепішілік іс - әрекетте оқу үрдісінің ұйымдастырылуындағы жаттанды лықтың басымдылығы; Әрине, аталған кедергілермен қатар жетістіктері де бар. Назар аударар болсақ: - оқыту мен оқудың тиімді Бағдарламасы бойынша деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің іс - әрекеттері мен жүргізілген жұмыстарында жаңашылдық көрініс бар - еркіндік, өз ой – пікірлерін ашық жеткізу, жеке тұлғаны қалыптастыруда нақты жоспарлы жұмыс жасауға бейімділік сезіледі; - мекетеп әкімшілік тарапынан көрсетілгенқодаулар; -қоғамдастықтың жаңа жүйеге бейімделіп қалыптасуы.«Кәсіби қоғамдас тықтар саясатты іске асыру үдерісіне қолдау көрсетеді. Қоғамдастық құру осы байланысты орнату тәсілінің бірі болып табылады. Қоғамдастық ішінде білім беру саласындағы және қоғамдағы әртүрлі бірқатар мүдделі адамдардың өзара іс-қимылдарына, олардың әрекеттеріне және мінез-құлқына енгізетін мәдени және тұғырлы өзгерістер қолдау табады».Қоғам дастықта жаңа форматта жұмыс жасау тәртібінің қалыптасуына сенемін. Педагогикалық кәсіби деңгейдің жоғары болуы кедергілердің болуына қарамастан, өз ісімінің оқыту мен оқу үдерісінде жеке тұлға болмысының қалыптасуына анық іс-әркетте қызмет жасауға мүмкіндік алдым. Мектеп өміріндегі өзгерістеге қосқан үлесім туралы беретін есепті талдау арқылы, өзгеріске түсуге мүмкіндік туғызатын ортаны қалыптастыру жолында нақты іс – әрекеттер қажет. Қорыта келе айтарым кәсіби қоғамдастықтағы мектеп көшбасшылары мұғалімдердің оқыту тәжірибесіне қолдау көрсету және кәсіби дамуын жетілдіруге бағыттап өз жұмысын жалғастырады. Ауданда желілік қоғамдастықты дамыту, яғни жақын көршілес мектептермен коучингтер өткізуді жоспарлау.
Достарыңызбен бөлісу: |