Шанханай ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқарған жұмысы туралы есебі



Дата18.03.2017
өлшемі95,26 Kb.
#11876
Шанханай ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқарған жұмысы туралы есебі.

Шанханай ауылдық округіне қарасты 3 елді мекендегі 734 аулада 3964 адам тұрады (Шанханайда 430 аула – 2377 адам, Қоянкөзде 226 аула – 1237 адам, Майтөбеде 78 аула – 350 адам). Округте жалпы – 759 отбасы бар.

Жалпы зейнеткерлер – 368 адам (Шанханай -213, Қоянкөз -120, Майтөбе – 35). Мүгедектігі бойынша -116 , мүмкіндігі шектеулі 9 бала, асыраушысынан айырылғандар – 26 адам,батыр аналар саны -172 оның ішінде «Алтын алқа» иегерлері – 104, «Күміс алқа » иегерлері -68, көпбалалы жанұя -65, тұрмысы төмен отбасы -4 , жалғызбасты -10 адам бар.

Ұлы отан соғысының ардагерлері -1,

Ауған соғысының жауынгерлері – 2,

Чернобль апатына қатысушы – 2 адам.

Округ бойынша атаулы әлеуметтік көмекті - 4 отбасы алады. 18 жасқа толмаған балалар үшін 38 жанұя, 118 балаға жәрдемақы алады.Аудандық еңбек және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 1 адам , жұмыспен қамту -2020 бөлімі арқылы 4 адам кәсіптік білім алып ,толығымен ұжымдарға жұмысқа орналасты .

Биылғы жылы «жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында 1жанұя /Закиров Ғалымжан / 2млн 600мың теңге көлемінде несие алып,мал басын өсірумен шұғылдануда.

2014 жылы округ бойынша 49 адам жаңадан жұмысқа тартылды.

Округтегі 196 шаруа қожалығында 211 адам, 1өндірістік кооперативте - 18 адам,үш мектеп, 2дәрігерлік амбулатория, 1 ФАП, 3 почта , 1 музей, 15 дүкен , 1 монша, 1 наубайхана ,2 клуб, 2 кітапханада барлығы 232 адам жұмыс істейді.

Барлық жұмыспен қамтылған адам саны - 1601. Шаруа қожалықтарының – 17 ірі , ал 179-ы жеке жанұялы.

Ауылшаруашылық жерінің жалпы көлемі 52257 га ,оның ішінде

егістік көлемі – 11230 га

Аудандық жер бөліміне жерін өткізген (10 адам) - 313,8 га

көшіп кеткендер (19 адам) -4802 га

Қайтыс болғандар 16 адам -1125,4 га

Жерінен бас тартқандар – 4 адам 153,7 га.

Мемлекеттік акт алмаған - 15 адам 1883,4 га.



Ауылшаруашылық саласы бойынша
Шанханай ауылдық округі бойынша егілген күздік – 2314 га,алынған өнім 3232 тонна ,14,8 ц/га.

оның ішінде шаруа қожалықтары бойынша 2014 га,алынған өнім 3222 тонна,16,0 ц/га.

Өндірістік кооператив 300 га ,алынған өнім -210 тонна ,0,7 ц/га.

Арпа -3669 га ,алынған өнім -5944 тонна ,16,2 ц/га.

оның ішінде ш.қ 3118 га ,алынған өнім -5744 тонна,18,4 ц/га.

ӨК -551 га ,алынған өнім -220 тонна ,0,4 ц/га.

Көпжылдық шөп шаруа қожалықтары бойынша 110 га,алынған өнім 143 тонна ,13 ц/га.

Егілген көкөністер 23,5 га,алынған өнім 599 тонна.Арбуз 9 га,алынған өнім 157 тонна.Шаруа қожалықтары бойынша картоп 13 га,алынған өнім 273 тонна.

2013 жылмен салыстырғанда егістік көлемі 841 гектарға ,алынған өнім 1603 тоннаға артты.

Жеке шаруашылықтар, ауыл тұрғандары 2014 ж 9500 т. шөп, 1820т. сабан,1300т. жем дайындады.


01.01 .2015 жылға мал басы :
Округте ірі қара саны – 3582 , оның ішінде сиыры- 1606 бас, барлық қой –ешкі – 22282, оның ішінде аналығы – 14177 бас, барлық жылқы – 2187 бас,оның ішінде бие -957 бас, құстар - 3582 бас.

2013 жылмен салыстырғанда мал басының өсу деңгейі ірі қара 206 басқа,аналығы 86 басқа,қой-ешкі 154 басқа,жылқы 6 басқа көбейген.

Малдың барлық түрін ветеринария заңнамаларына сәйкес есепке алу,дәрілеу,егу жұмыстары жүргізілуде.

Округ бойынша 2014 жылы алынатын күздік бидай және арпа себуге субцидия 10047,0 теңге.

Шанханай ауылдық окугі бойынша ауылшаруашылық техникалары 143,оның ішінде тракторлар -88 ,комбайндар- 20,жүк тасымалдау машиналары -35.

2014 жылғы салық мәліметі




Салық түрі

болжамы

орындалу

%

1

Мүлік

29410

29410

100 %

2

Жер

241000

241000

100 %

3

Автокөлік

1403781

1430800

102%

4

Барлығы

1674191

1701210

102%


Оқу мәселесі
Округ көлеміндегі үш мектепте 572 оқушы оқиды, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте -306 оқушы, Т.Құлыбеков атындағы орта мектепте 206 оқушы, Шанханай орта мектебінде 60 оқушы оқиды, 96 мұғалім сабақ береді, оның ішінде 73-і жоғары білімді, 17 арнайы орта білімді, 6-ы сырттай оқиды, Мектептерде 103 компьютер бар , үш мектепте интернетке қосылған. Округ бойынша 2014 жылы 11 сыныпты 42 бала бітіріп, Ұлттық біріңғай тестілеуге 30 бала қатысты, оның ішінде Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінен 15 бала қатысып орташа 69,5 бал , Т.Құлыбеков атындағы орта мектебінен 18 бала қатысып ,орташа 70,5 бал , Шанханай орта мектебінен 4 бала қатысып орташа 67,9 бал алды.

2014 жылы грантқа түскен балалар саны 5 , оның ішінде Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінен 2 , Т.Құлыбеков атындағы орта мектебінен 3 бала түсті.

Еліміздің бәсекелестік қуатының басты белгісі-білім.Сапасы жағынан жоғары білімі бар ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана еліміз бәсекеге қабілетті мемлекет бола алады. Осыған орай оқушылардың жеткен жетістіктері аз емес.

Округке қарасты Ш.Уәлиханов және т.Құлыбеков орта мектептерінде шағын орталықтар бар.Екеуінде де 25 баладан 50 бала тәрбиеленуде.Шағын орталықтарда балалардың жас ерекшеліктеріне қарай күнтізбелік жоспар,сабақ кестесі бекітілген.

Мектептерге қажетті мамандар Ш.Уәлиханов орта мектебіне математика ,Шанханай орта мектебіне математика,ағылшын,мектеп медбикесі,Т.Құлыбеков орта мектебіне орыс тілі,технология пәнінің мұғалімдері қажет.

Мектептер қажетті сұйық отынмен толық қамтылған,балалардың оқуына барлық жағдай жасалған,үш мектепте де электр жарығы болмаған кезде пайдалануға арналған генераторлар бар.



Денсаулық саласы
Округ қарамағында екі дәрігерлік амбулатория, бір фельдшерлік пункт бар, онда екі жоғарғы білімді дәрігер, арнаулы орта білімді 14 медбике қызмет істейді.

Екі дәрігерлік амбулатория ,ФАП қысқа көмірмен,био отынмен толық қамтылған.



Округ бойынша 2013 ж

Елді-мекен

бруцеллез

туберкуллез

гепатит

Шанханай

Қоянкөз


Барлығы :

1

-

1



2

3

5



1

2

3





2014 жылы






бруцеллез

туберкуллез

гепатит

Шанханай

Коянкөз


Барлығы :

2

-

2



2

3

5



-

-

-




Округ бойынша туған балалар саны -59/ Шанханай -34,

Майтөбе -8,Қоянкөз -17/.

Қайтыс болғандар - 21 / Шанханай- 13,Қоянкөз-7,Майтөбе -1/.

Қылмыс жағдайы
2014 жылы тіркелген қылмыс саны 25,оның ішінде ашылғаны 18,ашылмағаны -7./негізінен ашылмай отырғаны мал ұрлығы -6, мүлік ұрлығы 1/.

Өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны көбейгенімен,қылмысты ашу былтыр 58,8 пайыз болса,биылғы жылы 68 пайызға көтерілген.

Жастар арасында қылмысты болдырмау,алдын алу мақсатында дөңгелек үстелдер,баяндамалар оқылды.

2014 жылы ауыл әкімдік тарапынан 21 шешім ,21 өкім қабылданды,барлық құқықтық актілер әділет басқармасы арқылы тексерілді,заңсыз деп табылғаны жоқ.


Көлік ,байланыс және жол
Округ көлемінде үш байланыс бөлімшесінде 4 адам жұмыспен қамтылған. Майтөбе ауылында байланыс бөлімшесі орналасқан үй ескі, күрделі жөндеуді қажет етеді.Халықтың зейнетақысын ,газет-журналдарын уақтылы алуға жағдай толық жасалған.Ауыл тұрғындарынан байланыс қызметкерлеріне арыз-шағым түскен жоқ.

Инвестиция
Инвестиция: 24млн 892мың теңгеге төмендегі техникалар алынды :

1 комбайн «Essil КЗС - 740» - 183000 000,0

2 тіркеме «НЕФАЗ» -8560-182-02 - 6592000

Кіші және орта бизнес
Округ көлемінде 2 тойхана ,15 дүкен халыққа қызмет көрсетеді.

Күнделікті халыққа қажетті азық-түлік ,қажетті киімдер,мектепке қажетті құрал жабдықтар толығымен дүкендерде бар.Округ тұрғындарын нанмен қамтамассыз етуге наубайхананың толық жағдайы бар.



Қоғамдық ұйымдармен жұмыс
2014 жылы 4 ауыл тұрғындары жиыны өтіп , онда ауыл округі тұрғындарының әлеуметтік жағдайы, ауылшаруашылығын дамыту, тәртіп мәселесі сөз болды.

Округте құрылған Әйелдер кеңесі (төрайымы Л.Толыбаева) 5 отырыс өткізіп, онда ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысуы, жекелеген азаматшалардың тәртібі қаралып отырды. Әйелдер Кеңесі жылға жасалған жоспары бойынша жұмыс жасайды. Кеңес мүшелігіне беделді, сыйлы адамдар жұмыс істейді. Олар ауылда шағын аудандар бойынша бекітіліп, сол ауданның жағдайына жауапты болады.

Ақсақалдар алқасы да ауыл әкімдігімен тығыз байланыста жұмыс атқарады (төрағасы Қ.Бақбергенов ). Ақсақалдар жекелеген тәртіп бұзушылармен әңгімелесіп, тәртіпке шақырып отырады.

Әр жылдың 1-қазаннан 10-қазан аралығындағы карттар күні декадасына ат салысып, ардагерлерге көрсетілетін көмекке ықпал етеді.

Жастар ісі жөніндегі және спорт жөніндегі нұсқаушылар жұмысын округ әкімімен тығыз байланыста жүргізеді.Бүгінгі таңда округте 14 жастан 29 жасқа дейінгі 1046 жас бар. Жастар ісі жөніндегі және спорт жөніндегі нұсқаушыларға жұмыс жасау үшін жағдай жасалынған, жұмыс бөлмесімен қамтамасыз етілген Округ бойынша әр аптада жұма , сенбі күндері жастармен би кештері өтіп отырады. Сонымен қатар мереке және сенбі, жексенбі күндері учаскелік полиция уәкілімен бірлесе отырып кезекшілік ұйымдастырылған , соған басшылық жасайды.

Округтегі 2 кітапхана,2 мәдениет үйінде 9 адам халыққа қызмет көрсетеді.Барлық мәдени іс-шаралар округ көлемінде өздәрежесінде өтуде.Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында әр мереке сайын спорттық іс-шаралар өтеді.


Мұражай жұмысы
Округімізде аты әлемге әйгілі Шоқан атамызға арналған «Алтынемел» мұражайында 9 адам халыққа қызмет көрсетеді.Музейдің жалпы көлемі 856 шаршы метр,оның ішінде 456 шаршы метр экспозицияға бөлінген,қор сақтауға арналған бөлменің көлемі 17 шаршы метр,музейлік материалдардың жалпы саны -909,музейлік материалдар саны -727.Ш.Уәлихановты еске алу,ғылыми мұраларын насихаттау мақсатында түрлі тақырыптарды конференция,әдеби-саздыкеш,сахналық көріністер,көрмелер,дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Биылғы 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай мұражай директоры Абишева Сауле Елбасының Жарлығымен «Құрмет орденімен» марапатталды.Бұл округіміз үшін үлкен қуаныш.


Санитарлық тазалық, абаттандыру.
Округ бойынша санитарлық тазалық айлығына 2772 адам тартылды. Барлық аулалар мен көшелер ақталып , күл-қоқыстар арнаулы орындарға шығарылды.

Жұмыссыздар есебінен 11 адам жұмысқа тартылды.

2014 жылы көктемде әкімдік алдында 100 түп тюльпан гүлі ,150 түп сирень отырғызылды.Ш.Уәлиханов атындаға орта мектебі алдына 130 түп әртүрлі гүл, Шанханай орта мектебі -100 түп әртүрлі гүл, Музей -150 түп роза гүлі, СВА-де 40 түп тюльпан. 60 әртүрлі гүл , Ш.Уәлиханов зираты басына 30 түп роза гүлі отырғызылды. Құлыбеков орта мектебі 150 түп әртүрлі гүл отырғызды.Екі мәдениет үйі және әкімдік маңына қосымша абаттандыру жұмысы жүргізілді. Жол бойындағы 1,5 шақырым арық тазаланды,бардюрлер әктелді орталық парктегі ағаштар , көше бойындағы талдар түбі әктелді.Көрнекі насихат құралдары (бильборд)жаңадан жасалынды. Әкімдік, мәдениет үйі қоршаулары сырланды.

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мақсатында округ бойынша «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Қоянкөз ауылының ауыз суы жасалып,іске қосылды.



Құрметті ауылдастар !

Атқарылған істерді саралап,келешекте жоспарлаған межелерді орындау үшін барлықтарыңызда өз үлестеріңізді қосады деп сенемін.



Келешекте ауызбірлік –ынтымақпен,тың серпінмен еңбек ете берейік.


Шанханай ауылдық

округінің әкімі Б.Мақұлбеков
Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет