«шапағАТ» балабақшасының меңгерушісі: Татишбаева ж ашық оқу



Дата27.12.2016
өлшемі256,38 Kb.
#5587
түріСабақ
БЕКІТЕМІН.

«ШАПАҒАТ» балабақшасының

меңгерушісі: Татишбаева Ж

Ашық оқу

іс- әрекеті

Тақырыбы: «Ана – өмір тірегі»

Тәрбиеші : Искандарова Д

Тақырып: «Ана – өмір тірегі»
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Отбасына, бір нарсеге деген сүйіспеншілік, кешірімді болу, шыншылдық, аяушылдық сезімі т. б.
Тәрбиеші: Искандарова Д

Қатысқандар саны:
Сабақ мақсаты: Балаларға ананың қоғамдағы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беру.
Міндеттері:
- Балаларға әлемдегі бар жақсылық пен игі істердің ең асыл сезім - ана махаббатынан тарайтындығын түсіндіру;
- Балалардың жүрегіне анаға деген сүйіспеншілік, қадір – құрмет сезімдерін дамыту
- Адамзат баласының алдындағы үлкен парыз – ананы сүюге, ана еңбегін ақтай білуге тәрбиелеу; Ресурстар:
(күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. 5 жұмыс құралын түгендеу, күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.
Тыныштық сәтi.(баяу әуен)
- Қандай әсер алдыңыз?
- Көз алдарыңа қандай бейнелер елестеді? Сабақ барысын талқылау:
Дәйек сөз.
Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.
Н. Назарбаев.
1. Ана өмір тірегі дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Баланың анаға деген қарым - қатынасы қандай болуы тиіс?
3. Анаға деген сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?
Әңгiмелеу.
Ертегі
«Ана – өмір тірегі»
Қазақ халқының ауыз әдебиеті (кітабынан)
Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
- Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтайын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңізді тоғыз ай абақтыға жапса, одан шыққан соң аузына өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса сол адамға не істейсіңдер? Осы сұрақ жөніндегі өз ойларыңды ортаға салыңдар.
Тұңғыш баласы: Оның басын балтамен шабар едім,- депті
Екінші баласы: Оны мылтықпен атып тастар едім,- депті
Ал үшінші баласы: Оның кеңсірегін бұзар едім.
Ал кенже баласы былай депті:
- Жоқ, ана мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі, ал мен болсам, ол адамды аялап өлгенше алақаныма салып бағар едім,- депті.
Ол мені жаратушы, жарық дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқымнан шыққаннан кейін таза жатсын деп ағаш бесікке бөледіңіз,- депті.

- Осы әңгіменің идеясы неде деп ойлайсыңдар?
- Анамыздың алдындағы парызымызды қалай өтеуіміз керек?

Шығармашылық топпен жұмыс.
Балалардың аналарына деген көз қарасы қандай екенін білу үшін. «Ашығын айтсам» деген жаттығуды орындайық. Аяқталмаған сөйлемдерді аяқтаймыз.
- Ашығын айтсам, кейде анам маған ұрыса береді, себебі.........
- Ол үшін не істеуім керек
- Ашығын айтсам, анам ауырып қалса..................
- Ашығын айтсам, мен анама көп өтірік айтамын........
- Ашығын айтсам, мен анама ренжімеймін...........
«Менің күнім» атты энерджайзер өткіземін. Балалар күннің шуақтарына аналарын сипаттап жазады.

Ана - өмір тірегі тақырыбын қорытындылау мақсатында алдарындағы парақтарға өз фантазияларына байланысты сурет саласыңдар.

Топпен ән айту.
«Анашым қартаймашы»
Сөзі:
Үй тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс
«Ана» туралы эссе жазып келу!


Каталог: uploads -> doc -> 0cd6
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cd6 -> Мектептегі бірыңғай орфографиялық ережелер тәртібі Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет