Негізі бөлім
I.“Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс» - деп еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаев айтқан болатын. Сондықтан президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдамасының негізі қағидаларын қарастырамыз.
Қоғамның және әрбiр қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бiрнеше бағыттары бар. Олар:
1. Бәсекелік қабілет
Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз- өзгелерге ұтымды дүние ұсына алу.
2. Прагматизм
Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа жол бермеу.
3.Ұлттық бірегейлікті сақтау
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |