Шардара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің 2017 жылы қаңтар-шілде айлары аралығында атқарған жұмыстары туралы мәлімет



бет2/2
Дата06.07.2018
өлшемі61,29 Kb.
#47298
1   2

Жастар саясаты туралы мәліметі. Бүгінгі күнде ауданымызда 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 21087 адамды, яғни аудан халқының 26,6 пайызын құрайды. Олардың 7194-і (34,1%) қалада, 13893-і(65,8%) ауылдық округтерде тұрады. Олардың мектеп жасындағылары 7285, мектептен тыс жастағылары - 13802. Жалпы жұмыспен қамтылғандар – 9407, оның тұрақты жұмыспен қамтылғандары 7130, медицинада 151, білім саласында 634, мәдениетте 29, спорт саласында 134, басқа салаларда-2348, шаруа қожалықтарында-3834, өзін-өзі қамтығандар- 1934, кәсіпкер-240, өнеркәсіп саласында – 103, жұмыссыз жастар саны – 3.

Шардара ауданында жалпы білім беру мекемелеріндегі жастардың саны-7285, кәсіптік білім беру мекемесінде /№16 колледж/ 699 жас білім алуда.

Тұрғын үй кезегінде тұрған жастар саны – 59.

Жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін ояту, оларға салауатты өмір салтын насихаттау, өнерлерін шыңдау, рухани тәрбиелік маңызы бар мәдени шаралар мен акциялар қала, ауыл әкімшілігі, аудандық ІІБ, білім, медицина, мәдениет, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік т.б бөлім, мекемелермен бірлескен әр түрлі бағытта 455 іс-шара ұйымдастырылып, 16960 жас қамтылды.



Мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 25 қаңтар күні Қазақстан халқына конституциялық реформаға өзгерістер енгізу жөніндегі үндеуі мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жастарға кеңінен түсіндіру мақсатында 29 қаңтар мен 18 шілде күндері аралығында барлық ауылдық округтерде 12 кездесу, 21 семинар, 3 дөңгелек үстел мәжілісі ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жастар назарында» жобасы бойынша 20 ақпан күні Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде 1 кездесу өтті.



ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіру мақсатында 21-20 шілде күндері аралығында мекеме қызметкерлері арасында, Жаушықұм, Көксу, Ұзын ата, Алатау батыр, Достық ауыл округтерінде 6 кездесу өтті.

«Серпін» бағдарламасы аясында Солтүстік облыстардағы жоғары оқу орындарына мектеп бітірушілерді білім алуға шақыру мақсатында 5 сәуір күні Қоссейіт, 9 мамыр күні Достық, Сүткент, 15 мамыр күні Қызылқұм, 22 мамыр күні Көксу, 8 маусым күні Алатау батыр ауыл округтерінде 6 кездесу, сонымен қатар, 23 мамыр күні Ұзын ата ауыл округіндеоблыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен "Серпін-2050: Мәңгілік ел жастары индустрияға" әлеуметтік жобасын мектеп бітіруші түлектер арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік жобаны кеңінен ақпараттандырып таныстыру мақсатында 1 кездесу болып өтті. Кездесу барысында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бас маманы Раушан Ғалымжанқызы аталған бағдарламаны кеңінен түсіндіріп, ақпараттар берілді.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысында ұсынылған бос жұмыс орындарын жастарға таныстыру, Оңтүстіктен солтүстік өңірлерге қоныс аударушыларды таңдау бойынша және 2017 жылы ауданда ашылатын өндірістік кәсіпорындармен құрылыс орындарына аудан жастарын жұмысқа тарту мақсатында 18 қаңтар мен 22 ақпан күндері аралығындабарлық ауыл округтерде кестеге сәйкес 22 кездесу өткізілді.

Жастар арасында «Дипломмен ауылға», «Жұмыспен қамту 2020», т.б мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында 19 наурыз күні Қызылқұм, Сүткент ауыл окрутерінде 2кездесу өткізілді.

«Өркен» бағдарламасын жастарға түсіндіру мақсатында Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінде 1 кездесу, «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасын насихаттау мақсатында 9 маусым күні №16 колледжде «Жасыл желек жайқалсын» атты 1 кездесу өткізілді. Сонымен қатар, жастар арасында жұмыссыздықтың алдын алу, олардың бос уақытын тиімді пайдалану, ауданды көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына тарту мақсатында«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша еңбек жасағы құрылып, 15 жас тартылып, жұмыс жасауда.



Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу. Қазақстанда БҰҰ, ЕО, ШЫҰ, ТМД, ЕҚЫҰ, АӨСШК және басқа да халықаралық ұйымдардың негізгі мақсат міндеттерін жастар арасында кеңінен насихат түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында 1-23 ақпан күндері аралығында «Әлем таныған Қазақстан!», «Жастар ауыл тірегі» атты тақырыптарда 12 рет жастар диалог алаңы, жастардың патриоттық сезімін ояту, қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатында «Жастық, Күш, Жігер»,"Жастар–Отанға жастардың жетістік жолы", «Қазақстан туған елім!» атты тақырыптарда 1 дөңгелек үстел мәжілісі, 2 семинар-тренинг,1 кездесу және жастардың ой-өрісін жетілдіру, олардың өз пікірлерін ашық білдіру қабілетін дамыту мақсатында 24 ақпан күні №1 М.Әуезов жалпы орта мектебінде «Қазақстанның саяси жүйесі: кеше, бүгін», «Болашаққа үміт – жастарға сенім» атты тақырыптарда 2 пікір сайыс турнирі өткізілді.

ХХVІІІ Қысқы Универсиадаға қатысатын ел спортшыларын қолдау мақсатында 31 қаңтар мен 4 ақпан күндері аралығында «Қанатыңды кең серпі!», «Елім деп соғады жүрегім!», «Менің сүйікті Қазақстаным» атты тақырыптарда4 рет жастардың би флешмобтары ұйымдастырылды.

1 наурыз –Алғыс айту күніне орай үлкен-кішіге деген сүйіспеншілік, сыйластық қарым-қатынастарды дамыту мақсатында «Алғысым шексіз» атты адрестік жұмыстар ұйымдастырылды.Аудандағы барлық ауыл округтердің бір топ өзге ұлт жастары мен белсенді жастары ауылдың құрметті азаматтары, ардагер ұстаздары, ауыл билері, тыл ардагерлері т.с.с азаматтардың үйлеріне барып, мерекеге байланысты құрмет көрсетіп, алғыс айтып қайтты.

Жастарды отансүйгіштікке баулу, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, азаматтық-патриоттық тәрбиені дамытудың сапасын арттыруға ықпал жасау, жастар арасындағы өзекті мәселелердің шешімін табу мақсатында 10-17 наурыз күндері аралығында Достық, Сүткент, Қызылқұм, Алатау батыр, Ұзын-ата, Ақшеңгелді ауылдық округтерінде «Жастар – жарқын болашаққа» атты тақырыпта ауыл әкімдерінің жастармен кездесулері ұйымдастырылды. Нәтижесінде Алатау батыр ауылдық округінде жарамсыз болып қалған жастар жаттығатын стадионды су алып кеткен, ауыл жастары тарапынан стадионды қалпына келтіру жөнінде ұсыныс тастап, шешімі табылып, аудандық мәслихаттың депутаты Е.Қарабаевтың демеушілігімен ауыл жастары стадионға арнайы 40 см. құм төсеп, шешімі табылды.

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына және Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай, соғыс зардабынан қайтыс болған жауынгерлердің отбасыларына барып, құран бағыштап, жастар тарапынан құрметтер көрсету мақсатында 13-15 ақпан күндері аралығында «Ерлік-ұрпақ ұраны» атты акция,ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, «Ауғанның – от жалыны» атты тақырыпта 3 ашық сабақтары ұйымдастырылды.

Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай, 2-15 мамыр күндері аралығында «Ардагерім - ардағым» атты тақырыптарда бекітілген кестеге сәйкес, акциялар, «Үлкенге құрмет», «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат», «Еңсесі биік-ұлы Жеңіс!» тақырыптарында 3 кездесу, «Ескерткіштер – ел тарихы» атты тақырыпта 2 рет жастардың қатысуымен сенбілік ұйымдастырылды.

9-мамыр Жеңіс күніне орай, Достық ауылдық округінде «Жеңіс рухына тағзым» атты монументке гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.Іс-шарада жастар Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлер мен батырларды еске алып, гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай, жастардың патриоттық сезімін ояту, рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында 18-26 мамыр күндері аралығында «Рәміздерім-мақтанышым» атты 2 флешмоб, «Рәміздер-тәуелсіздік мақтанышы» атты 2 интеллектуалды танымдық сайыс «Рәміздер-тәуелсіздік белгісі» атты 1 дөңгелек үстел мәжілісі, «Рәміздерім- елдігімнің белгісі» атты шығармашылық байқау өткізілді.

Облыстық, аудандық тарихи-мәдени орындармен жастарды таныстыру мақсатында26-27 мамыр күндері «Менің елімнің кіндігі» атты тақырыпта өңіраралық саяхат ұйымдастырылды.

Жастардың еліне, өңіріне деген сүйіспеншілігін арттыру және туған өлкенің тазалығына көңіл аудару мақсатында «Менің таза аулам, таза көшем, таза ауылым!» атты тақырыпта барлық қала, ауыл округтерінде 70 жастар сенбіліктері ұйымдастырылды.



«Табиғат сұлулығын сақтайық!» акцисы аясында аумақты қоқыстан тазарту, абаттандыру және санитарлық тазарту мақсатында 26 маусым күні «Мен қаламды сүйемін» атты Шардара қаласында 2 сенбілік өткізілді.

Жұмыссыздықты жою бойынша және кәсіпкерлікті дамыту. Кәсіпкерлікпен айналысамын деуші жастарға қаржыны қайдан алу керек, кәсіпкерлік мектебінде оқу курсынан өтіп несие ала алмай қалған жастарға кәсіпкерлігін ашу үшін қаржы алу жолдарын түсіндіру мақсатында 13 қаңтар күні аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мәжіліс залында «Жас кәсіпкер» атты кездесу өткізілді. Іс-шараға кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Шардара аудандық филиалы, халықты жұмыспен қамту орталығы, «Өрлеу» жобасы – шарттық ақшалай көмектің мемлекеттік бағдарламасы, «Ырыс» микро қаржы мен қаржылай қолдау қоры ұйымдарының мамандары шақырылып, жастардың несие алу жолындағы туындайтын қиындықтары талқыланып, мемлекет тарапынан кепілсіз несие беру ұсыныстары қабылданады деп күтіліп жатқаны туралы хабарлады.

Облыс әкімі Ж.Түймебаевтың «облыстағы индустриялық аймақтарда жастарға «Ашық есік күнін» ұйымдастыру» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ауданда жұмыс жасап жатқан кәсіпорындардың жұмыстарымен таныстыру мақсатында 18 қаңтар-5 мамыр аралығында «Серманизов и К» ЖШС-не, «АқЖол-2008 ЛТД» ЖШС-не, Қызылқұм ауыл округінің «АИГ Қазақстан» мақта зауытына 4 рет жастар экскурсиясы ұйымдастырылды.

Жастарды шағын және орта бизнеске баулу мақсатында 2 ақпан- 30 шілде күндері аралығында Алатау батыр, Сүткент, Қызылқұм, Ақшеңгелді, Достық ауыл округтерінде «Талпынған табысқа жетеді», «Кәсіпкерлік мол табыс көзі», «Жастар еліміздің ертеңі» атты тақырыптарда 6 кездесу өткізілді.

Мектеп бітіруші түлектерге кәсіби мамандықтарды насихаттау мақсатында 10-21 сәуір күндері аралығында білім беру мекемелерінде бекітілген кестеге сәйкес, 12 кездесу және облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Мамандық таңдау маңызды қадам» атты 1семинар-тренинг өтті.

Алатау батыр а/о салынып жатқан 900 орындық мектеп құрылысын жүргізіп жатқан «Ұлы Орда» ЖШС-де 8 жас жұмыс атқаруда

Жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу. Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушы балаларға профилактикалық және диагностикалық көмек көрсету, олардың жасаған қылмысы неге алып баратынын өздеріне тікелей сезіндіру мақсатында жасөспірімдерді түзету мекеме орындарына алып барып, көрсету жұмыстары ұйымдастырылды. Жасөспірімдер «қолайсыз камераларды» көріп, полиция тіршілігімен танысты.

Жасөспірімдерді өз құқықтарымен таныстыру, олардың заңды мүдделерін қорғау, консультативтік кеңестер беру мақсатында 9 ақпан 25 шілде күндері аралығында ішкі істер бөлімімен бірлесіп, «Өз құқығынды біл», «Қылмыс және жасөспірім», «Қылмысқа жол жоқ», «Қоғамдағы нөлдік төзбеушілік» атты тақырыптарда 8 кездесу, адам саудасының құрбаны болмаудың жолдарын түсіндіру бойынша 1 семинар, тәрбиесі қиын жасөспірімдердің даңқты спортшыларымен 1 кездесуі өткізілді.

Жазасын өтеу мекемелерінен босатылған жастарды әлеуметтік бейімдеу, олардың девианттық мінез-құлығын азайту, дене және рухани-адамгершілік денсаулығы мәселесін қолға алу және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 17 ақпан күні «Сотталған адам және оның әлеуметтік бейімдеу негізгі проблемалары» атты кездесу өткізіліп, пробация есебінде тұрған 14-29 жас аралығындағы сотты болған 17 жасқа сотталған жастардың еңбек әрекетін ұйымдастыру, оларды кәсіби мамандандыру жолдарын қарастыру, денсаулық мәселесін қолға алу бойынша жазасын өтеп келген жастарға толық ақпараттар берілді.

Ішкі істер бөлімі қызметкерлері мен психолог мамандармен бірлесіп, құқықтық көмекке мұқтаж, құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдер мен тәрбиесі қиын 4 жасөспірімнің үйлеріне арнайы барып, құқықтық және психологиялық кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

Түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында және тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген жасөспірімдерді анықтау, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында құқық қорғау органдары, ішкі саясат, білім бөлімдерімен бірлесіп 14 рет түнгі рейд ұйымдастырылып, рейд барысында ата–анасыз жүрген 2 жасөспірім анықталып, олардың ата–аналарына әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, «Еріктілер мектебінің» жобасын жандандыру мақсатында барлық ауылдық округтерде, осы мақсатта ауыл жастарынан 50 адамнан тұратын еріктілер жасағы құрылып, бүгінгі таңда, ерікті жасақтармен 91 түнгі рейд ұйымдастырылды.



Сыбайлас жемқорлықтың кез–келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімімен біргелікте аудан жастары арасында 15 ақпан күні «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта семинар өткізілді. Жиын барысында жастарға сыбайластыққа жол бермеуді және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңы түсіндіріліп, семинар соңында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа жастар өкілдерін шақырды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Есіктен есікке» бағдарламасы аясында 16 маусым күні аудандық мешітте аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты акция өтті.

Есірткіге қарсы зиянды психотроптық, улы заттардан қорғау, жынысқа тиіспеушіліктің алдын алу бойынша 10-21 сәуір күндері аралығында білім беру мекемелерінде бекітілген кестеге сәйкес, «Адам болып қалайық!» атты 10 кездесу өткізілді.

ОҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен құқықбұзушылықтың және есірткіге қарсы зиянды әдеттерден, нашақорлықтан арылту және түрлі кереғар діни ұйымдардың іс-әрекеттерінен қорғау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінде жасөспірімдер арасында 1 кездесу ұйымдастырылды.

Аудандық ішкі саясат бөлімі мен "Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен нашақорлықтың қоғамға келтіретін кеселін, оның денсаулыққа тигізер зардаптарын жастардың санасына сіңіру, қоғамға жат, жаман әдеттерден қашық болуға тәрбиелеу мақсатында 24 мамыр күні Шардара қаласы мен Алатау батыр ауыл округінде "Жастар нашақорлыққа қарсы", «Болашақ есірткіге қарсы!» атты тақырыптарда 2 акция өткізілді.

Құзырлы құқық қорғау органдарымен бірлесіп, отбасы жағдайындағы балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың алдын алу, жастар мен жасөспірімдерге өз құқықтарын түсіндіру, балаларға, әйелдерге, қарттарға барлық адамдарға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру мақсатында ата-аналардың қатысуымен 26 мамыр күні Қызылқұм ауыл округінде «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын!» атты тақырыпта 1 кездесу, нашақорлық, қылмыс пен құқықбұзушылық, қаңғыбастық, әлімжеттіктің алдын-алу мақсатында «Қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі отбасы және бала тәрбиесі: өзекті мәселелер мен шешу жолдары» атты жобасы аясында 29 мамыр күні Ұзын ата, Қызылқұм ауыл округтерінде «Қылмыс және жасөспірім», «Жастарды қылмысқа итермелейтін не?» атты тақырыпта 2 кездесу, профилактикалық есепте тұрған, «қауіпті топтардың» ішіндегі жасөспірімдердің атақты спортшылармен 1 кездесуі ұйымдастырылды.

Жазғы маусымда суға түсудегі қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында Шардара қаласы мен Алатау батыр, Ұзын ата ауылдық округтерінде Төтенше жағдайлар бөлімі, судан құтқару станциясы, және ішкі істер бөлімімен бірлесіп, тыйым салынған орындарда шомылып жүрген жасөспірімдерге ескету және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.



Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, тәрбиесі қиын жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, қоғамдағы жүріс-тұрысын қалыптастыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында 26 маусым күні «Қылмыссыз қоғам» атты тақырыпта Көксу ауылдық округінің кітапхана қорымен таныстыру бойынша көрме ұйымдастырылды.

Діни эстремизм мен терроризмнің алдын алу. Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмге қарсы насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында 27 қаңтар мен 20 шілде аралығында «Ислам діні-ынтамақ дін», «Кереғар діни ағымдардан сақтанайық», «Дін және жастар», «Дін және ұлт» атты тақырыптарда барлық ауыл округтерде 20 кездесу өтті. Кездесулерге дінтанушы, ауыл имамдары қатысып, терроризм мен экстремизмнің алдын алу жолдары айтылып, «Ханафа мазһабы» туралы түсінік берілді.

Аудан жастарын және жас отбасыларды әлеуметтік қолдау. Қыздар арасында ертежүктіліктің алдын алу, АИТВ/ЖИТС пен мектеп оқушылары арасында көп кездесетін жұқпалы аурулардың (тұмау, гепатит, туберкулез) алдын алу мақсатында 1-10 ақпан күндері аралығында «Денсаулық - зор байлық» атты тақырыпта білім беру мекемелерінде 14 профилактикалық кездесу өткізіліп, кездесуге салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері, аудандық емхананың эпидимиологы, психологы,гинеколог дәрігері қатысып, жастарды өзін-өзі күте білуге, оларды гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға шақырып, қыздар мен ұлдарға дәрігерлік кеңестер беріп өтті.

Жалпы тәрбиелік ұғымдарды насихаттау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің тапсырысымен «Оңтүстік жастары» жобасы аясында түсірілген «Жанұя» фильмі Шардара ауданының №1 жалпы орта мектебі мен Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектептерінде жастар арасында көрсетіліп, бейнетуындының тәрбиелік мәні туралы түсіндірілді.



Жастардың бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыру мақсатында 7 ақпан-21 шілде күндері аралығында «Кемел болашаққа – келелі тәрбиемен», «Тәрбие – тал бесіктен», «Бала тәрбиесі-баршамызға ортақ» тақырыптарында 1 кездесу, 6 дөңгелек үстел мәжілістері өткізілді.

Жастар мен жас отбасыларға отбасының негізі-өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту мақсатында 25 ақпан-26маусым күндері «Отбасы тіршіліктің бастауы», «Отбасы бақытың» атты 2 кездесу,«Отбасының заман талабына сай мәселелері» тақырыбында 1 семинар, «Отбасындағы қарым-қатынас» атты 1 семинар-тренинг, Қызылқұм, Ұзын ата ауылдық округтерінде «Мықты отбасы-мықтымемлекет» атты семинар-тренинг,1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мүмкіндігі шектеулі және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балаларға көрнекі көңіл күй сыйлап, өмірге деген құштарлығын арттыру мақсатында «Бар мейіріміміз балаларға» атты акция өткізілді.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою тәртіптерін түсіндіру мақсатында 16 наурыз күні «Жылы баспана» атты 1дөңгелек үстел мәжілісі және жас отбасыларға құқықтық, психо-педагогикалық, ақпараттық кеңес беру мақсатында 25 наурыз күні «Жанұя жарасымы» атты 1 семинар-тренинг өткізілді.

Жастар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету. Аудан жастары арасында әлеуметтік әлсіз топтарға жататын азаматтардын психологиялық көзқарастарын белсене өмірге бағыттау мақсатында 17-18 ақпан күндері «Шектеулі жағдайдағы шектеусіз мүмкіндіктер» атты кестеге сәйкес 3 рет адрестік жұмыстар мен «Жан және тән саулығы» атты 1 семинар өтті.

Жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті оқиғалардың алдын алу бойынша 15 наурыз бен 20 маусым күндері аралығында «Өмірің өз қолыңда»,«Мен өз өмірімді құнды деп бағалаймын», "Менің асқақ арманым", "Өз жұлдызыңды тап!" атты тақырыптарда5семинар-тренинг, бала мен ананың арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Балаүшін қымбат жан ата-ана» тақырыбында 1 тренинг,жастар арасында белсенділікті арттыру мақсатында "Мен өз елімнің мақтанышымын", "Жастар – Отанға жастардың жетістік жолы", «Бәрі өз қолыңда», «Мені қоршаған орта» атты тақырыптарда 4 семинар-тренинг және облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында «Келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардан зардап шеккен жастарға психологиялық көмек көрсету және алдын алу» атты тақырыпта 1 семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Мәдени іс-шаралар. Жастардың бойында адамгершілік, имандылық тәрбие беру, ұлттық салт-санасын дамыту, мәдениетін қалыптастыру мақсатында 11 ақпан мен 27 маусым күндері аралығында «Мәдениет әлемі», «Әдептілік-әдемілік әлемі» тақырыптарында 2 кездесу, жастарды достыққа адал болуға, имандылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу мақсатында «Достық қымбат қазына» атты тақырыпта 2 кездесу, мемлекеттік тілдің өркендеп оянуына, мәртебесін биіктетіп маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлттар арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру мақсатында «Тіл ұлттық мұра»,«Татулықты сақтаған-тектіліктің белгісі» атты 2 кездесу, 1 мамыр - бірлік күніне орай, жастардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту мақсатында «Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта» атты 1 дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді.

М.Шахановтың 75 жылдық мерейтойына орай М.Шахановтың өмірі мен шығармашылығын үйрету, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қазақтың ұлы ақындары мен зиялы қауым өкілдерінің өмірін танып білдіру арқылы халқымыздың ұлттық құндылықтары, әдет-ғұрыптарын жастардың бойына сіңіру мақсатында мамыр-шілде айларында жастарға мақсатында «Тағдыр тарихы-ел тарихы» атты 1 ток-шоу, "Шаханов әлемі", «Болашағымыз жастар» атты 2 поэзиялық кеш, «Кітап-өмір ұстазы», «Кітапхана-ұлттық тәрбиенің көзі», «Салт-дәстүр асыл қазына» атты тақырыптарда 5 дөңгелек үстел мәжілістері өткізілді.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, нәзік жанды арулардың қоғамдағы алатын рөлі мен өлшеусіз еңбегін бағалай білу мақсатында 6 наурыз күні «Мерекемен асыл жандар!» атты,6-7 наурыз күндері Сүткент, Қызылқұм, Достық ауылдық округтерінде «Ана – өмірдің шуағы», «Сыйынар едім ана деген тәңірге!», «Анашым шалқып күлсең!» атты тақырыптарда қыз-келіншектер мен апа-әжелерге арналған талантты жастардың мерекелік бағдарламалары ұсынылып, Көксу, Ақшеңгелді ауыл округтерінде демеушілерді тарта отырып, жалғызілікті және батыр аналардың үйлеріне арнайы барып, жастар тарапынан сый-сияпат жасалды.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, мақсатында Қ.Тұрысбеков, Алатау батыр, Достық ауылдық округтерінде

«Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» мейрамына орай, талантты жастарды қолдау, жастарға салт-дәтүріміз бен әдет ғұрыптарымызды насихаттау, олардың патриоттық сезімдерін ояту және өнерлерін шыңдау мақсатында 18 наурыз күні Төменгі тоғай аумағында (әуежай алаңы), 20 наурыз күні Қ.Тұрысбеков, Алатау батыр, Достық ауыл округтерінде «Алтыбақан аясында» атты жастар кештері өткізілді. Іс-шарада дәстүрлі және халықтық әндер, билер, күйлер орындалып, ұлттық, интеллектуалды, жайдарман ойындары, қазақ халқының салт-дәстүрі мен жоралғылары бойынша қойылымдар көрсетілді.

Жастарды өнер мәдениетіне баулу арқылы танымдық қызығушылығын, сахна мәдениетін қалыптастыру, талантты жастарды қолдау мақсатында Жайдарман «Маусымашар2017» сайысының іріктеу кезеңі, 22 мамыр күні «Маусымашар 2017» атты КТК сайысының 1/2 іріктеу кезеңі, Қоссейіт ауылдық округінде ақтық сайыс өткізілді. 

Махаббат пен ізгілік мерекесі «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ғашықтар күніне орай, жастарға салт-дәстүрімізді насихаттау, талантты жастарды қолдау мақсатында 12 сәуір күні Сүткент ауылдық округінде «Бозбала мен Бойжеткен» атты аудандық байқау ұйымдастырылды. Іс-шараға 9 жұп қатысып, байқау ережесіне сәйкес, өз өнерлерін көрсетті.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы мен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай жастарды ғылыми жобаларды жасауға ынталандыру мақсатында 23 мамыр күні «ЭКСПО-2017-болашақ энергиясы» тақырыбында ғылыми жоба байқауы өткізілді.Байқауға 6 жас өзінің ғылыми жобасын ұсынып, жоғарғы деңгейде жасалған жұмыстарға арнайы орындар беріліп, дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, дарынды, талантты жастарды қолдау мақсатында «Тұңғыш Президент саябағында» әр айдың сенбі күндері «Жастардың көңілді кештері» атты тақырыпта жастар кештері өткізілуде. Сондай-ақ, Астана күніне орай 6 шілде күні «Менің сүйікті Астанам» атты тақырыпта жастардың ойын-сауық кеші ұйымдастырылды.



Жасөспірімдердің жазғы демалыстағы уақытын тиімді пайдалану, ойлау қабілетін арттыру, ой-өрісін дамыту және жан-жақты танымдық белсенділігін арттыру мақсатында 14 шілде күні «Сыр самалы сауықтыру» лагерінде «Тапқыр болсаң озып көр!» интеллектуалдық сайыс өткізілді.

Өскелең ұрпақтың бойында талантты, дарынды жастарды қолдау, ел ішіндегі таланттардың ән, орындаушылық өнерін дәріптеу мақсатында 20 шілде күні Мәдениет үйінде облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен «Оңтүстік жұлдызы» байқауы өткізіліп, жеңімпаз болған Әшірбек Жандос облыстық байқауға жолдама алды.



Спорттық іс-шаралар. Қазақ елінің көк туын желбіреткен қазақтың спорт саңлақтарынан үлгі алуға үйрету мақсатында 3-26 ақпан күндері аралығында «Спортшылар ел - мақтанышы» атты тақырыпта әлем чемпиондарымен 2 рет жастардың кездесулері,салауатты өмір салтын ұстану, спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ», «Спорт-денсаулық кепілі» атты тақырыпта 6 ашық есік күні өткізілді.

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 24 ақпан мен 3 наурыз күндері аралығында «Спортпен біргеміз!» атты тақырыпта үстел теннисінен аудандық біріншілікке жарыс өткізілді. Іріктеуде жеңіске жеткен жеңімпаздар ақтық сайысқа түсіп, өзара бақ сынасты. Сонымен қатар, 3 шілде күні Алатау батыр ауылдық округінде «Салауатты ұлт-салауатты ұрпақ» атты үстел теннисінен жарыс өтті.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай, ұлттық ойындарымызды дамыту, халқымыздың атадан балаға жалғасып келе жатқан өнерін бүгінгі ұрпақ бойына сіңіру мақсатында 19 наурыз күні Төменгі тоғай аумағында (әуежай алаңы) жастар арасында қазақтың ұлттық «Теңге ілу» мен «Бәйге» ат ойындарының сайысыөткізілді.

Жастардың бойында патриоттық рухын, сезімін дамыту, өз Отанын құрметтеуге, ерлік, батырлық ұғымдарының мәнін тереңінен түсінуге баулу мақсатында 28 сәуір күні мектепаралық «Мен отан қорғаушысымын» атты әскери-спорттық жарыс өткізілді.



Жас отбасылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында 5-25 мамыр күндері аралығында «Үлкен ел-үлкен отбасы» атты 4 рет спорттық сайыс, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануды насихаттау мақсатында ауыл округтерде мен спорттық алаңшаларда «Спорт-денсаулық кепілі», «Спорт біздің-серігіміз»,«Шынықсаң-шымыр боласың» атты тақырыптарда волейбол, футбол ойындары мен ашық есіктер, «Салауатты ұлт - салауатты ұрпақ» атты жарыс, сондай-ақ, Ақтөбедегі № 6655 әскери бөліміне жасалған қарулы шабуылдан қаза тапқан Сапар Досбол Еркінбекұлын еске алу мақсатында туған жері - Шардара ауданы, Көксу ауылдық округінде волейболдан жастар арасында турнир өткізілді.

26 маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында "Болашақ - есірткіге қарсы!" атты тақырыпта Көксу ауылдық округінде жастар арасында футбол ойынынан 1 жарыс, 1 жүгіруден жастар марафоны ұйымдастырылды.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен 28 шілде күні «Аққала» демалыс аймағында «Бұқаралық спорт – жастар үшін!» атты тақырыпта Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Кубогына «Шағын футбол», «Жағажай волейболы» және «Арқан тарту» бойынша командалық спорт түрлерінен жарыс өткізілді.

Жастар саясатына қатысты жүргізілген әлеуметтік зерттеулер туралы.

2017 жылдың 10-11 қаңтар күндері аралығында аудан тұрғындары арасында (Қоғамдық-саяси ахуал, ауыл әкімдерінің жұмысына мониторинг) әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік зерттеу жұмыстарына 200 респондент қамтылды.

Бөлімнің «Жастар ресурстық орталығы» КММ тарапынан 2017 жылдың ақпан айының 10-15 күндері аралығында жастар арасында «Мақсат.Еңбек.Сенім» атты жастардың ой-пікірін зерделеу мақсатында зерттеу жүргізді.

Зерттеуге қала, ауыл жастары арасынан 200 респондент қамтылды.



Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындыларына сәйкес, қала, ауыл әкімдеріне, мекеме басшыларына тиісті ұсыныстар жолданды.

Ауданда өткізілген әлеуметтік зерттеулер туралы. 2017 жылдың 10-11 қаңтар аралығында аудан тұрғындары арасында 2 тақырыпта (Қоғамдық – саяси ахуал, ауыл әкімдерінің жұмысына мониторинг) әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік зерттеу жұмыстарына 200 респондент қамтылды.

Жүргізілген әлеуметтік зерттеу жұмыстарының қорытындыларына сәйкес қала, ауыл әкімдеріне, мекеме басшыларына тиісті ұсыныстар жолданды.


Шардара ауданы әкімдігі

ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Шомпиев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет