1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ойын бизнесінің салығын, бекітілген салықты және бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін қызметкерлер саны бойынша критерий пайдаланылады.
2. Кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерінің жылдық орташа саны осы субъектінің филиалдарының, өкілдіктерінің және басқа айрықша бөлімшелерінің қызметкерлерін, сондай-ақ жеке кәсіпкердің өзін қоса есептегендегі барлық қызметкерлердің есебімен айқындалады.
3. Жылдық орташа табыс – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патен немесе жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлік субъектісінің жылдық орташа жиынтық табыстарының немесе үшке бөлінген соңғы үш жылдағы табыстарының сомасы.
Шағын, орта және ірі бизнеске жатқызу үшін қызметкерлер саны мен жылдық айналым көлемінің критерилері орнатылған.
Микро кәсіпорындарға қызметкерлерінің саны 15 адамнан аспайтын және жылдық айналымы 60 млн. рубльге (шамамен 197 млн. теңге) дейінгі ұйымдар жатқызылады.
Шағын кәсіпорындарға – қызметкерлерінің саны 100 адамнан аспайтын және жылдық айналымы 400 млн. рубльге (шамамен 1,3 млрд. теңге) дейінгі ұйымдар;
Орта кәсіпорындарға – қызметкерлерінің саны 250 адамнан аспайтын және жылдық айналымы 1 млрд. рубльге (шамамен 3,3 млрд. теңге) дейінгі ұйымдар;
Сәйкесінше, ірі бизнеске қызметкерлерінің саны 250 адамнан асатын және жылдық айналымы 1 млрд. рубльден жоғары ұйымдар жатқызылады. (3,3 млрд. теңгеден аса)