Оқу тәжірибелік участокта бастауыш сыныптарының бөлімі болу қажет.
Бұл бөлім 1-4-ші сынып оқушыларының табиғат, ауыл шаруашылық жөніндегі
алғашқы білімдерді жақсы меңгеруіне, және кейбір арнайы еңбек дағдыларын
үйренуге, сонымен бірге олардың еңбекке деген творчестволық қатынасының
дамуына мүмкіндік тудырады. Белгі бір ауыл шаруашылық мәдениетін тањдап
алу белгілі бір жергілікті жағдайлар мен оқу бағдарламалары арқылы
анықталады. 1ші сынып оқушылары гүлді және буршақ өсімдіктерді
отырғызып, олармен қарапайым тәжірибелер жүргізеді.
Ал 2-ші сынып оқушылары сәбіз, қызымша сияқты тамырлы жемістер мен
1жылдық сәндік-гүлді өсімдіктерді отырғызып, олармен тәжірибе жүргізеді.
Сонымен бірге, қарақат және басқа да өсімдіктердің бутақтарын дайындауға
үйреніп, оларды күтіпбаптайды. 3ші, 4ші сынып оқушылары болса, көкөністі
және гүлді сәндік өсімдіктердің көшеттерін отырғызып, жемісті ағаштарды
және жидекті буталарды бағыпкүтіп көп жылдық өсімдіктермен жұмыс
істейді. Олар өсімдіктерді сулатпалы шыбық пен буталарды бөлу арқылы
көбейтуге үйренеді. Оқу тәжірибелік участок оқушылардың табиғатты
тануында, олардың өз отанының табиғатына деген қызығушылығын оятуда,
табиғатқа деген олардың сүйіспеншілігін қолыптастырып, оны аялай білуінде
маңызды орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: