Сабақтар және сыныптан тыс жұмыстар бірін-бірі толықтырып дамытып
отыруы қажет.
Белгіленген жоспар бойынша жүргізілген сабақ кей уақытта оқушыларды
қызықтыратын, ойландыратын, экологиялық проблемаларды өз беттерінше
барлық жағынан ашып көрсете алмайды.
Сондықтан сабақта өткен материалды кеңірек оқып, үйрену үшін
сыныптан тыс экологиялық өлкетану жұмыстарын өткізудің маңызы зор.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын өткізу және оған дайындау барысы
оқушылардың бақылау жүргізуіне қарапайым тәжірибе қоя білуіне, белгілі
әдебиеттерді оқуына мүмкіндік береді.
Сыныптан тыс жұмыстар өз өлкесінің экологиялық жағдайы қоршаған
орта, дүние туралы ғылыми білім мен тұжырымдар құбылыстарды
сипаттайды.
Міне, осыған орайда сыныптан тыс экологиялық өлкетану жұмыстарында
оқушылар табиғатты қорғауға тәрбиелеу жұмыстарының мынадай
бағытына жүргізіледі.
1. Экологиялық өлкетану үйірмесі
2. Табиғи ортадағы жұмыстар
Жұмыстың мақсаты
Мектептік экологиялық өлкетану білімдерін тереңдету, дүниетанымды
дамыту, экологиялық тәрбие беру.
Қорытындылай келе, бұдан байқайтынымыз табиғатты қорғауда елінің,
тұған жерінің рухани байлығын , мәдениеті мен тарихын танып білуі,
өлкетанудағы іс-шараларды ұлттық сана-сезімімен шығармашылықпен, өзінің
тікелей қатысуын қажет деп санайтын жан-жақты дамыған өлкетану
белсенділігі бар жеке тұлға екенін корсететін нағыз азаматты тәрбиелей
аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: