Жүсіп Баласағұни – орта ғасырдағы Шығыстың ұлы ойшылы, философы, энциклопедист-ғалым, қоғам қайраткері, XI ғасырдағы ірі ақын. Жүсіп Баласағұн 1015 немесе 1016 жылы Баласағұн қаласында туды. Ол кездері Баласағұн қаласы Күз-Орда болып аталатын. Жүсіп бай, белгілі түркі отбасынан шыққан, сол уақыт өлшемі бойынша өте терең білім алған, парсы-тәжік және араб поэзиясын тамаша білген, олардың әсері ақын шығармаларынан байқалып отырады. Жүсіп Баласағұнидың есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құдадғу біліг» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды. Философия, математика, медицина, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, т.б. ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Ақынның өмірі туралы деректі поэмада және оның шығармасындағы екі алғысөзден, оның бірі – прозада, ал екіншісі - өлеңдерден алынған бірнеше үзінділерден байқауға болады. Жүсіп қолдағы бар деректерге қарағанда Баласағұн қаласында туған. Бұрын бұл қаланы «Күз Орда» деп атаған. Бұл қаланың орналасқан жерін Жетісу бойынан, Шу алқабынан, қазіргі кездегі Тоқмоқ қаласының маңынан іздеу қажет. Ақынның нақты туған жылы да анықталған жоқ. Қолдағы бар деректерге көз жүгіртсек, шамамен 1005-1018 жылдар аралығы деп алынады. Жүсіп Баласағұн сол кездегі мәдени орталықтар - Фараб, Қашқар, Бұхара қалаларында білім алды. Сол кездегі зиялы қауым өкілдері жан-жақты дарынды болуларымен ерекшеленеді, философия және ғылыммен қатар поэзия әрі саясатпен айналысқан, шахмат ойнаған. Олар араб және парсы тілдерін толық меңгерген, әртүрлі білім салалары бойынша философиялық және ғылыми шығармалар жазған. Ақьн, ойшыл, ғұлама Жүсіп Баласағұн Қашқарда тұрып, шығармашылық жұмыспен айналысады. Түркі тіліндегі энциклопедиялық шығарма болып табылатын "Құтты білік" поэмасын он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында жазып шыққан. Түрік философы Р.Р. Араттың деректері бойынша, автор поэманы аяқтаған кезде шамамен 54 жаста болған. Егер бұған 10 сенетін болсақ, онда Жүсіп Баласағұн 1015-1016 жж. туған. «Құтты білік» поэмасы Орталық Азия мен Шығыс халықтарының өміріндегі және тұтас әлемдік мәдениеттегі айрықша құбылыс болып саналады. Шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым мен мәдениет салаларын қамтиды. Онда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарға қатысты көптеген проблемалар: әлеуметтік-тұрмыстық, жалпы философиялық, эстетикалық, саяси, құқықтық мәселелер баяндалған. Шығыстың перепатизмінің арнасында (Әл Фараби, Беруни, Ибн Сина) Баласағұнда қоршаған әлемге пантеисттік көзқараспен қарайды. Оның терең түсінігі бойынша, бұл дүниені құдай жаратқан және өзінің ішкі заңдылықтары бойынша дербес дамиды. «Құтты білік» этикалық формалардың және феодалдық қоғамды жүргізу ережелерінің өзіндік кодексін білдіреді. Оның дүниеге деген көзқарастарында бірқатар материалистік идеялар қамтылады, ойшыл ғалым аспан денелерінің және ғаламшарлардың орналасуы мен қозғалысының заңдылықтарын зерттейді. Ж. Баласағұн аспан әлемін, 12 шоқ жұлдыздар белгісін зерттеді. Баласағұнның жаратылыс туралы түсініктері Аристотель-Птолемей жүйесімен жалпы сәйкес келеді. Алайда ойшыл ғалым өз кезіндегі жаратылыс тану ғылымдарының жетістіктеріне байланысты өз осін айналып тұратын Жер шар тәріздес дөңгелек емес деген тұжырымда болды. Жүсіп Баласағұн ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет – от, су, ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып, ойшыл әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Осындай тағы бір төрттаған Жүсіп Баласағұнның қоғам туралы ойларында, яғни қазіргі түсініктегі әлеуметтік философиясында әділет, бақыт, ақыл және қанағат ретінде бейнеленіп, “Құтты біліктің” төрт кейіпкерінің бойына жинақталған. Ғалам мен микроғаламның тұтастығы, барабарлығы туралы ой Жүсіп Баласағұн дүниетанымының өне бойынан байқалады. Бұл жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына да сенген ғұлама әлемдік үйлесімділік негізінде әділетті адамзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген. Жүсіп Баласағұн жалпыға ортақ парасаттың танымның нәтижесі ретіндегі білімге көшуі адам мүмкіндігінің жүзеге асуы деп біледі. Ғұлама білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге қарсы шығып, оған парасатты іс-әрекеттің нәтижесінде қол жеткізуге болатынына сенеді. Білімге молынан сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Оның пікірінше, білім – даналық, денсаулық және жан толысуы. Жүсіп Баласағұнның ойынша, қоғам құрылымындағы кемелдіктің өлшемі әлеуметтік тәртіп бұзылғанда ғана көзге түсе бастайды. Сол кезде жаңа мұраттар мен ұрандар пайда болып, халық қолдауына ие болады. Ол қоғамдық құрылымның кемелдігін жеке адамның бостандығы, тәуелсіздігі анықтайды деп санады. Жүсіп Баласағұн өзінің әлеуметтік философиясында қоғамдағы кемелдіктің негіздері мен іс жүзіндегі көріністерін өзара тығыз байланыста қарастырады. Жүсіп Баласағұн өз еңбегінде зердеге айрықша тоқталған. “Құтты білікте” ол, ең алдымен, даналық яғни қазіргі түсініктегі теориялық зерде 11 туралы ой толғап, даналық табиғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім жинақтаудағы адамның өз рөлі, таным процесінде ақиқатқа ұмтылу және т.б. мәселелерді қарастырады. Егер сезім алдамшы болса, онда оған толық сенуге болмайды, ал ақыл, зерде әрқашан адамға қызмет етеді, оның жалғандығы жоқ. “Құтты біліктің” негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Оның пікірі бойынша мемлекеттік аппарат жақсы ұйымдасқан болуы тиіс: сыртқы басқыншы күштерге қарсы тұра алатындай қуатты болуы тиіс; жергілікті халықтың мүдделерін қорғайтындай икемді болуы тиіс; ел арасында салықты жинау мен оны реттеу үшін жеткілікті дайындалған болуы тиіс. Түркі мәдениетінің нәрлі бұлағынан сусындап, мұсылман өркениетінің қуатты ықпалымен толысқан ойшыл өз шығармашылығында адамның қоғамдағы орны мен қызметін түсінуге ұмтылып, мінсіз қоғам жайындағы өзінің биік философиялық мұраттарын, қоғамда болып жатқан процестерді терең пайымдауды, материалдық факторлардың маңызды ролін мойындауды баяндайды. Баласағұн Орта ғасырдағы прогресшіл ойшылдардың реалистік көзқарастарына да маңызды үлес қосты. Ақынның ой-толғамдары ХІ ғасырдағы Шығыс пен Батыстың мәдени жетістіктерінің синтезі болып табылады. Реалистік идеялармен толыққан, табиғат құбылыстарына рационалды үңіліп қараған әрі ойшыл ғалым дамытқан пантеисттік ілім теология мен идеализмнің объективті емес идеяларын теріске шығару үшін үлкен мүмкіндігі болды. Сонымен қатар көптеген философиялық және әлеуметтік мәселелер жөнінде көп толғанды, теология мен мистиканың әсерінде бірқатар кемшіліктер жіберді. Жүсіп Баласағұнның көзқарастарының шектелген сипатына қарамастан оның тұтас алғандағы адамгершілік дидактикасы сол кезеңдер үшін прогресшіл бағытта еді. Дастан оқырманына құт-берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады. Ондағы “өзіңді сақтау”, “өзіңді ұмытпау” қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиеті – адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағытталған. Баласағұн өзінің әлеуметтік-саяси көзқарастары арқылы қоғамның саяси жағдайын және феодалдық-крепосттық қатынастарды жақсарту мен нығайтуға деген ұмтылысымен, нақтылығымен, өміршеңдігімен сипатталады. Автор өз дастанында тарихи прогресшіл үрдістерді, өзі куә болған Қарахан қоғамындағы өзгерістер туралы толғанып, ой түйеді. Ойшыл мемлекетті басқару мен қоғамды жетілдіру мүмкіндігіне терең сенді, ол үшін ғылым мен ағарту жүйесіне сүйенді. Жүсіп Баласағұнның бұл идеялары Әл Фараби мен Ибн Сина көзқарастарымен үндес келеді Ол Фирдоусидің «Шахнамесін» жақсы білген, «Құтты білік» дастанында Фирдоуси кейіпкерлерінің аттарын атауы, жиі сілтемелер жасалуы осыны дәлелдейді. Бірақ атақты парсы-тәжік ақынының және басқа ойшылдардың Жүсіпке тікелей әсер етуі туралы айту қын. Ойшыл гуманист ретінде халықты аяусыз қанайтын сараң хандар мен ақымақ бектердің озбырлығын талқылайды. Феодалдар өздерінің жерлерін 12 кеңейту үшін өзара қырқысады, көршілес отырған халықты тонайды, олардың қалалары мен ауылдарын өртейді, адамдарды құлдықта ұстайды. Философ ақын феодалдардың әділ және қайырымды болмайтындығына күйінеді. Ол хандар мен бектерді кедейлерге қайырымды болуға, оларды киіндіріп, тамақ беруге, оларға жылы қарауға шақырады. Жүсіп келешекте әлеуметтік теңсіздік, кедейлер мен байлардың арасында қайшылық болмайтынына сенеді. Ол хандар мен бектердің шаруаларды, малшыларды, қолөнершілерді аяусыз қанауын сынайды, салықтарды азайтуға шақырады. Осылайша, ойшыл жарлылар мен байлардың арасын келістіруге тырысады. Ол хандарды өздерінен төмен тұрған халыққа әділ болуды, ал шаруаларды үстемдік етуші топқа шынайы берілген және адал болуға шақырады. Академик А.Кононовтың пікірі бойынша Жүсіп Баласағұнның қоғам қайшылықтарынан туындаған жаңа моральдық-этикалық негіздер құру қажеттілігі мүмкін. Тәңірі адамдарды жаратты, үздік етті Оған өнер, білім, ақыл, ой берді. Білім берді: адам бүл күндері шырқау биікке көтерілді. Ақыл берді: осының арқасында шешілмейтін түйін шешілді. Білімді — биік, ақылды — ұлық деп есепте Бұл екеуі таңдаулы құлдарын биікке шығарады Баласағұн бiлiм мен еңбекпен байлыққа қолың жетсе мақтанба, асып таспа, адамдық ардан аттама дегендi өсиет етедi. Әдiлет жолын қу, шыншыл бол, сараңдық пен ашкөздiктен аулақ бол дейдi. Ол тектiлiк туралы сөз қозғап ел билейтiн әкiмдердiң тектiлерден шығуын қуаттайды. Сондай-ақ ел билейтін азамат намысшыл болуы керек. Ел намысын, ел пайдасын көбiрек ойлаған азамат халыққа қадiрлi болады дей келiп: «Адам ба адам өз пайдасын күйттеген Адам нағыз – ел пайдасын дiттеген» – деп ой қорытады. «Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік». Философ егер мемлекетті сауатты хандар басқаратын болса, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заң шығарып, осы заңдар негізінде қызмет етеді, ел-жұртты басқаратын адам әділ болу керек деп санайды. «Құтты білік» дастанының келелі міндеттердің бірі үстемдік етіп отырған қоғамдағы әділетсіздіктер еді, ойшыл үстемдік құрып тұрған феодалдық- крепосттық қатынастарды әрі қарай нығайту үшін әділеттілікті қалай орнатуға болатыны туралы толғанды. Философ ақын идеалды мемлекетке өтуге мүмкіндік тудыратын мемлекетті басқару жолдары мен әдістерін әзірлеу міндетін ұсынады. Ақынның бұл утопиялық әлеуметтік-саяси көзқарастары белгілі бір дәрежеде халықтың сезімін, көңіл-күйін, тілегін, қоғамның тарихи даму қажеттілігін білдірді.