Шаяхметова А. Е. Бт 20-01к Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы



бет5/8
Дата07.02.2022
өлшемі63,71 Kb.
#92557
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№1 СӨЖ

Қожа Ахмет Яссауи – көрнекті орта ғасыр ақыны, діни қызметкер, сопылық ілімнің негізін қалаушы,тірі кезінің өзінде-ақ әулие болып саналған діни философ Сайрам (Испиджаб) қаласында туған. Нақты туған жылы белгісіз. Аңыз бойынша Ахметтің рухани жетекшісі мен тәрбиешісі әйгілі шейх арыстан-баб. Ұстазы қайтыс болған соң, Ахмет Яссауи Бұқараға көшіп кетеді. Онда әйгілі шейх Қожа Жүсіп Хамаданидан дәріс алып, өзі де діндардар ұстазы болып, «шындықты таныту жолын» үйрету құқығына ие болады. Бірқатар уақыт бойы Бұқара сопылары қоғамының басшысы болады, бірақ сенімі оны Ясы қаласына әкеледі. Ол мұнда діндарлық қызметін кеңінен жүргізеді. Ясы қаласы 16ғ. бастап Түркістан болып аталған. Ясыдан шыққан Қожа Ахметтің аты бүткіл мұсылман әлеміне кең тарады. Оны қарапайым адамдар қадір тұтқаны соншалық, оның қайырымды болуға, сараңдық пен екі жүзділікке қарсы дәрушілік философиясын құрған өлеңдері дала халықтары арасында кеңінен танымал басқа да жерлерге таратты. «Даналық кітабы» - «Диуани хикмет» ислам дінін уағыздайды, осы уқытқа дейін мұсылман заңдарын әлі толық сіңіріп бітпеген қарапайым халыққа бұл діннің мәні мен мағынасын түсіндіреді. Бұл кезде де түркі тайпалары тәңірлік дінді ұстанатын еді. Араб-парсы тілдерінде жазылған кітаптар дала халықтарына түсініксіз болатын. Даналық кітабы арқылы халықтар ислам әлемімен, сопалық ағымның ой-пікірлерімен танысты. Адамның рухани өмірінің таза болуы, аққатты іздеп табуды, ізгілік, адамгершілікке шақыруы арқылы әділдіктен үлкен ештеңе жоғын айтады. Сондықтан Қожа Ахмет өз өлеңдерін түркілер, дала халықтары сөйлейтін-оғыз қыпшақ тілінде жазды. «Даналық кітабының» негізгі тақырыптары төртеу, біріншісі – шариғат деп аталатын ислам заңдары мен дәстүрлерінің жиынтығы, екіншісі – тарихат, философиялық ілім ретіндегі сопылықтың идеяялық мәні мен мақсаты, үшіншісі – марифат, бір ғана құдайдың діні ретінде исламды зерттеу мен мәнін танудың қажеттілігі, төртіншісі –хақиқат, құдайды идеалды тану мен оган шындыққа секілді жакындауга ұмтылу. Аңыз бойынша, құдайға шын сенген адамға бұл дүниеде ұзақ өмір сүрудің керегі жоқ, сондықтан, Қожа Ахмет 63 жасқа жеткен соң мешіт жанындағы жерасты қылуетке түсіп, өмірінің қалған уақыт сонда өткізеді. Жер астында Мұхаммед әулиенің нағыз шәкірті тағы да 63 жыл өмір сүрді деседі. Жерасты қызмет жанында оның көптеген шәкірттері, сонымен бірге отбасыда бірге өмір сүрген. 1116 ж. өлген соң, ол әулие ретінде, арнайы тұрғызылған мавзолейге барлық сән- салтанатымен көміледі, кейініректе бұл жер мұсылмандардың зиярат ететін қасиетті жеріне айналды. 14 ғасырда монғол шапқыншылығынан кейінгі қираған қалалар қалпына келтіріле бастады, соның ішінде Ясы қаласы да, онда жерлеген Қожа Ахметтің қызы Гауһар мен күйеу баласы Әли Қожа, Баба-Араб мешіті және басқа да көптеген ортағасырлық ескерткіштер қайта жаңғырды. Қожа Ахмет кесенесі зиярат етушілерінің көптеген сыйлары мен таратуларының арқасында сол уақыттың ең бай кесенелерінің біріне айналды. Әмір Темір (Темірлан) бұл киелі жерлерді өзінше қастерледі. 1395ж. Тоқтамысты жеңген соң, жеңіс құрметіне ескірген Ахмет Яссауи кесенесінің орнына үлкен ғажайып мемориалды кешен тұрғызады. Бұл ескерткіш әлі күнге дейін біздерді ортағасырлық архитектураның ғажайып туындысы ретінде тамсандырып келеді. Ғұлама ақын, адамдарды рухани тазалыққа, имандылыққа, хақ жолына адалдыққа, өмір бойы жете түсуге, дін ережелерін меңгеруге, мейірімділікке, қанағаттыққа шақырады. Сондықтан, келешек ұрпақты ғұламалардың ғылыми еңбектерін оқып, оны ары қарай дамытуға жол ашуымыз керек. Егеменді еліміздің келешегі жарқын болуы үшін жастардың бойына имандылықты, отансүйгіштікті ұялату керек.
Қорыта келе, тарих ғылым мен пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің, ата-бабаларының тарихын біліп, оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы тиіс.
Дүниежүзінің атақты ойшылдары мен ғалымдары тарихтың қоғамдағы алатын орнына жоғары баға берді. Мәселен, Әбу-Насыр әл-Фараби: «Тарихты білмей - өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын», - десе, Н. М. Карамзин: «Тарих әрбір ұлттың ең басты кітабы», - дейді. Ал Н. Г. Чернышевский: «Тарихты ақыл-иесі толық дамымаған адам ғана сүймеуі мүмкін», - десе, бұл ойды XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ ғылымы мен білімінің хан тәңірісі А. Байтұрсынов былай деп жалғастырады: «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы – тарих».
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында оның мемлекеттік мүддесіне сай халықтың тарихи санасын қайта қалыптастыру елдің айқын келешегі мен ұрпақтар сабақтастығы үшін аса маңызды екені белгілі. Бұл тұрғыда тарих ғылымының атқарар рөлі де, көтерер жүгі де, елдің ұлттық нышанын, тарихи дәстүрі мен мәдениетін сақтап, келер ұрпаққа жеткізу жауапкершілігі де зор.
Кеңес дәуірі жылдарында Қазақстан тарихын зерттеп, жазудың мақсаттары мен тақырыптық жүйесі КСРО тарихының мүддесіне бағындырылып, таптық қоғам мұраттарына сәйкес белгіленген шеңберде ғана жүргізіліп келді. Қазақ халқының, кала берді, бүкіл Республиканың тарихы, әлемдік тарихи эволюция үрдісінен тыс, көш соңында қалған шалғай елдің тарихы ретінде қарастырылды. Қазақ халқының аса бай мәдени және тарихи мұрасы, көшпелі өркениеттің дүние жүзілік тарихта атқарған рөлі жете бағаланбады. Дүние жүзілік мәдениетінің дамуы тек отырықшы өмір салтына және шаруашылық жүргізуге байланыстырылды. Адамзат тарихы мен техниканың барлық жетістіктері европалық өркениетке ғана телінді. Екіншіден, Қазақстан тарихын шындап зерттеу тек кеңес дәуірінде ғана қолға алынды деп саналып келді. Сөйтіп, тоталитарлық СОКП идеологиясының ыңғайына қарай бейімделіп, қазақ қоғамының тарихи ой-жүйесінің дамуындағы сабақтастық жасанды түрде бұзылды. Осының нәтижесінде орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың тарихына байланысты жазылған шығармалар, XVIII-XIX ғасырлардағы авторлардың жазғандары, тіптен бертінде өмір сүрген, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың зиялы қауымы өкілдерінің шығармалары есепке алына бермеді. Қазір ол еңбектер бағзы заманды бүгінгі күннің терең өзгерістерімен байланыстыратын дәнекер есебінде бағаланады.
Тарих дегеніміз - халықтың зердесі. Ол болып өткен, оны түзете алмайсың және оның бір түсін екіншісімен ауыстырып, жаңадан жаза алмайсың. Біз оны бүкіл қайшылықтарымен және қайғылы беттерімен қоса, ол қандай болса нақ сондай, бүкіл алуан түрлі, тұтас күйінде қабылдауға тиіспіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет