Иондалған сәулелер-гамма саулелерін тері былғары, жүн, мамық, сұйық қиды залалсыздандыру үшін қолданады.
Көлікті дезинфекциялауды тиімді өткізу үшін қажетті шарттар
Көлікті дезинфекцияға алдын ала дайындаса, ол химиялық заттың әсерін жақсартып, тездетеді: беткейлердің механикалық тазартылуы және жақсылап жуылуы көліктегі санитарлық өңдеудің технологиялық үрдісінде ыстық сумен (60-700С) жуылуы қарастырылады.
Жуу ағыны микробтардың 80% және одан көп мөлшерін шайып жібереді, сонымен бірге органикалық заттардың мөлшері азаяды. Бұл факторлар өткізілетін дезинфекцияның тиімділігін жоғарылатады.
Химиялық дезинфекциялағыш заттарды сұйық түрінде, сулы ерітінді, эмульсия және суспензия түрінде қолдану. Дезинфекцияға арналған препараттың сапасын анықтағанда, ең негізгі қойылатын талап – еру қасиеті, әсіресе суда еруі. Судың фазасының негізінде дезинфекциялағыш зат клеткада тез өтеді. Жұмыс ерітінділері бірқалыпты, ыдырамаған және тұнбаға түспейтін болуы керек.
Дезинфекцияға тұнбасы бар ерітіндіні қолдануға болмайды, себебі ерітіндінің концентрациясы бұзылады.
Жұмыс ерітінділерін дайындағанда әркайсысының еріткіш қасиетін білу қажет: кейбіреулері суық суда, біреулері ыстық суда ериді. Тез буланатын ұшпалы ерітінділерді жұмыс алдында жасап, тез пайдаланады және жабық ыдыста ұстайды.
Дезинфекциялық препаратты химиялық бақылаудан өткізгенде жұмыс концентрациясын қатаң сақтаған жөн.
Дезинфекция тәжірибесінде қолданылатын негізгі және жұмыс ерітінділерінің концентрациясын бақылау жүйесі түрінде зертханада өткізеді.
Дезинфекция тиімді болу үшін дезерітіндінің пайдаланатын мөлшері айқындалуы тиіс. Бұл көрсеткіштерді эксперименталды түрде қояды: ол патогенді микробтардың тұрақтылығына, нысанда органикалық қосылыстардың бар болуына, нысан сипатына байланысты. Шығын нормалары қатаң түрде тәжірибеде сақталуы тиіс.
Залалсыздандыру уақытының ұзақтығына температура, ерітінді концентрациясы әсер етеді, ал дезинфекция үрдісінің жылдамдығына және тиімділігіне ортаның реакциясы әсер етеді. Глутар альдегидінің әсері ортаның рН жоғары болғанда күшейеді, ал хлорлы препараттардың әсері нейтралды және қышқылды ортада күшейеді.
Көліктегі санитарлық өңдеуді өткізу үшін дезинфекциялық заттар келесі қасиеттерге ие болу керек: олар суда жақсы еріп; аз концентрацияда және ең қысқа мерзімде нысандарды залалсыздандыруы қажет; органикалық қосылыстар болса да, бактерицидттік қасиетін жоғалтпауы тиіс; сақтауға тиімді болу керек.
30-Кесте. 2-ші категория бойынша өңделетін вагонға дезинфекциялық заттардың шығындалу нормалары
Вагондар түрі
|
Ауданы, м2
|
|
|
Шығын, л (NaOH)-кг
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мал вагоны алтай зауытының жүйесі
|
89
|
88
|
15
|
17
|
-
|
209
|
7
|
103
|
319
|
160
|
3,2
|
|
Малға арналған
«Лаврик» жүйесі
|
74
|
64
|
13
|
17
|
-
|
168
|
7
|
77
|
252
|
125
|
2,5
|
|
Жабық вагон,
ауданы106м3
|
74
|
65
|
13
|
-
|
-
|
152
|
7
|
78
|
237
|
120
|
2,4
|
|
Жабық вагон,
ауданы120м3
|
76
|
77
|
16
|
-
|
-
|
169
|
7
|
93
|
269
|
135
|
2,7
|
|
Изотермиялық АРВ
|
85
|
74
|
13
|
-
|
46
|
218
|
7
|
87
|
312
|
155
|
3,1
|
|
Изотермиялық 20
вагонды поезд
|
74
|
67
|
13
|
-
|
40
|
194
|
7
|
80
|
281
|
140
|
2,8
|
2800
|
Изотермиялық 10
вагонды поезд
|
82
|
74
|
13
|
-
|
45
|
214
|
7
|
87
|
308
|
155
|
3,1
|
1550
|
Изотермиялық, 5 вагонды секциядағы 1,4,5 вагондары
|
74
|
66
|
13
|
-
|
40
|
193
|
7
|
79
|
279
|
140
|
2,8
|
640
|
Изотермиялық 2,3 вагондар 5 вагонды секцияда
|
50
|
46
|
13
|
-
|
30
|
139
|
7
|
75
|
221
|
110
|
2,2
|
640
|
Ванналардың көлемі, м2
|
|
|
|
Тірі балыққа
арналған
|
71
|
79
|
14
|
36
|
-
|
200
|
7
|
93
|
300
|
150
|
3,0
|
|
Тіркемелер: 1. Жабық вагондар екінші санына 2,3,4, көлемі 106м2, ал екінші саны 5,6,7,-120м2 2. Хлорлы әк ерітіндісін 0,5л/м2 қолданады.
31-кесте. 3- категория бойынша өңделетін вагонға дезинфекциялық заттардың шығындалу нормалары
Вагон түрі
|
Алғашқы дезинфекция
|
|
|
Екіншілік дезинфекция
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Малға арналған алтай зауытының жүйесімен
|
10
|
89
|
89
|
15
|
17
|
103
|
312
|
156
|
209
|
209
|
103
|
7
|
55
|
430
|
Малға арналған «Лаврик» жүйесі
|
10
|
74
|
64
|
13
|
17
|
77
|
245
|
128
|
168
|
168
|
77
|
7
|
42
|
350
|
Жабық, ауданы 106м3
|
10
|
74
|
65
|
13
|
-
|
78
|
230
|
115
|
152
|
152
|
78
|
7
|
78
|
320
|
Жабық, ауданы 120м3
|
10
|
76
|
77
|
16
|
-
|
93
|
262
|
131
|
169
|
169
|
93
|
7
|
50
|
360
|
Сурет-28. Дезинекцияны іске асыруға арналған құралдар
Сурет-29. ШКВББ автокөліктерді дезинфекциялау тәртібі
Инсинираторы (кремотории)
Сурет-30. Үш тоннаға дейін ауру жануарларды, жарамсыз жануартекті өнімдерді өрттеуге арналған инсиниратор-крематорий "Hurikan-3000"
Сурет -31. Крематорийге арту барысы
Сурет -32. Өрттелу кезі (3 тонна жануар ұшасы жанғаннан кейін 1015кг күл қалады)
Бақылау сұрақтары:
Сілтілер тобына қандай препараттар жатады?
Қышқылдар тобына қандай препараттар жатады?
Сілтілерді сақтау тәртібі.
Дезинфекция үшін ерітінділерді дайындау ережесі.
Құрамына хлор кіретін препараттарды атаңыз.
Күйдіргіш натрды қандай жағдайларда қолданады?
Құрамына альдегиді бар препаратарды атап беріңіз.
Физикалық дезинфекциялық заттарға не жатады.
11 Тарау
КӨЛІК ЗАТТАРЫН ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ ӨҢДЕУ
ЖҰМЫСТАРЫН ӨТКІЗУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Жануарларды, ет, шикізат мал өнімдерін тасымалдағаннан кейін вагондар міндетті түрде санитарлық өңдеуге жіберіледі: тазалау, ыстық сумен жуу және қажетті жағдайда дезинфекциялау өткізіледі.
Ветеринарлық телімнің негізгі міндеттері: жануар, басқа өнімдер және жануартекті шикізаттарды тасымалдауға арналған вагондардың қажетті ветеринарлық-санитарлық жағдайын қамтамасыздандыру, адам мен жануарға ортақ жұқпалы аурулардан қорғау. Көрсетілген міндеттерді орындау үшін ветеринарлық-санитарлық телім ауруға шалдыққан, ауруға күмәнді және жұқпалы ауруды жұқтырғанына күмәнді жануарларды, сонымен қатар жоғарыда айтылған жануарлардан алынған ет, басқа өнімдер мен жануар текті шикізаттарды тасымалдаудан кейінгі вагондардың дезинфекциясын ұйымдастырып, өткізеді. Бұған қоса, мал шаруашылық жүктердің арнайы тасымалдауға арналған вагондардың алдын алу дезинфекциясын жүргізеді.
Ветеринарлық-санитарлық телім бақылауды жүргізеді:
А) теміржол көлігінің жұмыскерлерімен ветеринарлық заң және АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетімен хабарландыру жолдар министрлігінің вагондарды ветеринарлық-санитарлық өңдеуі бойынша шығарылатын бұйрықтар, нұсқамалар, өкімдер, ережелер, нұсқаулықтар орындалуын;
Б) Дезинфекциялық жуғыш стансалары (ДЖС), дезинфекциялық жуғыш пунктері (ДЖП) қондырғылардың, аумақтың ветеринарлықсанитарлық жағдайын, қоқыс пен қидың пайдалануын залалсыздандыруы мен өрттеу дұрыстығын, тазартқыш қондырғылардың жағдайы мен ағынды сулардың зиянсыздандыруын;
В) Алынатын ақпаратқа сәйкес, ветеринарлық-санитарлық өңдеуге жөнелтілген вагондардың (ДЖС, ДЖП) уақыты мен келуін және де вагондардың ДЖС ДЖП-іне уақытында келмеген жағдайда, оларды іздестіру шараларының қолданылуын;
Г) ДЖС, ДЖП-іне түскен барлық вагондардың уақыттылы және сапалы тазалануы мен жуылуын;
Ветеринарлық-санитарлық бекеттер вагондарды ветеринарлықсанитарлық өңдеуден кейін ДЖС, ДЖП аумағынан шығарылу жөнінде бекітілген формадағы "Тағайындау" құжатына белгі қояды.
Ветеринарлық-санитарлық телімнің меңгерушісі вагондардың түсу бағыты, түсірудің дұрыс ұйымдастырылуына және ветеринарлық санитарлық өңдеудің сапалығына; ветсантелімдегі еңбек тәртібінің жағдайына, сонымен қоса оның қарамағындағы қаражаттары мен мүліктік материалдық құндылықтардың сақталуы дұрыс жұмсалуына жауапты.
ДЖС, ДЖП ветсанучаскесінің қызметінің маңызы ерекше зор. Егер жануар, ет және ет өнімдері, жануартекті шикізаттардың темір жол көлігімен тасымалдау жоғарыласа, соған сәйкес олардың маңыздылығы да жоғарылай түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |