Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Ветеринарлық-санитарлық жағдайға сәйкес вагондардың сипаттамасы



бет135/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   172
Байланысты:
index

Ветеринарлық-санитарлық жағдайға сәйкес вагондардың сипаттамасы


Жануарлар, ет, жануартекті шикізаттарды түсіргеннен кейін, босатылған вагондар тазалауға, жууға және дезинфекциялауға жіберіледі. Вагондарды санитарлық өңдеудің 3 категориясы берілген. Сонымен қоса, жүк вагондарды ветеринарлық-санитарлық өңдеудің сипатына қарай тағы да үш категорияға бөледі: бірінші, екінші, үшінші.
Бірінші категориялы өңдеуге тасымалдаудан кейінгі мына вагондар жатқызылады, жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау бекеттерден шығарылған клиникалық сау жануарлар, құстар басқа да жануарлар түрлері; сау жануарлардан алынған ет, ет өнімдері, жануартекті шикізаттар; сібір жарасына тексерілген тері шикізаты және де жұқпалы аурулардан сау бекеттерде өндірілген сойыс емес шикізаттары; отандық жүн жуғыштарында ыстықтай жуылған импортты жүндер, шұжықтық және асханалық, құрғақ сүйектер тасымалданған вагондар.
Екінші категориялы өңдеуге тасымалдағаннан кейінгі мына вагондар жатқызылады: тасымалдау кезінде арасында жұқпалы аурулармен зақымданғанына күмәнді немесе ауруға күмәнді, ауру жануарлар, құстар (үшінші категориялы вагондарда көрсетілген аурулардан басқа); жөнелту кезінде немесе түсіру кезінде жануарлардың арасында табылған өлекселер (үшінші категориялы); ет, тері немесе басқа жануартекті шикізаттар егер споратүзетуші микроорганзмдерден туындайтын аурулардан басқа, жұқпалы ауруларға сау еместігі анықталған жағдайда сойғаннан кейінгі түскен ірі импортты тері шикізаттары; жалпы негізінде қайта өңделетін экспорттаушы елде өңдеуден өткен импортты жүндер тасымалданған вагондар.
Үшінші категориялы өңдеуге мына вагондар жатқызылады: жүру жолында және түсіру кезінде анықталған және келесі ауруларға күмәнді жануарлар: сібір жарасы, қарасан, маңқа, сіріспе, эпизоотиялық лимфангит, секіртпе, везикулярлы стоматит, шошқаның везикулярлы стоматиті, ІҚМ, ҰҚМ обасы, контагиозды плевропневмония, ІҚМ жұқпалы тұйінді дерматит, Рифт алқабының қызбасы, жылқы мен шошқаның африкандық обасы, шошқаның классикалық обасы, құстардың жоғарғы патогнендік құс тұмауы, Ньюкасл ауруы, орнитоз, қойлардың брадзот ауруы не болмаса бұл аурулардан өлген жануарлар; сібір жарасына тексерілмеген сойыс емес тері шикізаттары; құрама сүйектер, өңделмеген импортты жүндер тасымалданған вагондар, Орта Азия, Африка және Оңтүстік Америкадан келген барлық жануартекті шикізаттар жатады; дезинфекциялық өңдеуден өтпеген, жуылмаған жүн, мамық, қыл, қауырсын; ветеринарлық жолдамалық құжатсыз шикізаттар.
Дезинфекцияға жатпайды: жұқпалы аурулардан сау жануарлардан дайындалған, қатты орамада оралған тез бұзылатын өнімдер, қорытылған май және мұздатылған тұрде дайындалған өнімдер тасымалдаған вагондар.
Вагондардың ветеринарлық-санитарлық өңдеуін дезинфекциялықжуғыш станциясы (ДЖС), дезинфекциялық-жуғыш пунктері (ДЖП) жүргізеді. Бөлек жағдайларда вагондардың бірінші категориялы ветсан өңдеу ДЖС, ДЖП жоқ бекеттерде ветеринарлық-санитариялық қадағалаудың бақылауымен өткізіледі осы кездегі қойылатын шарт, егер оларды сол жерде бұл операцияларды орындауға қажетті жағдайлар, сонымен қоса қиды төгуге арналған оқшау жерлері болғанда ғана жүргізіледі.
ДЖС санитарлық өңдеуге барлық үш категориясы бойынша вагондар жатқызылады, ал ДЖП тек бірінші және екінші категориялы өңдеу жүргізеді.
Жануарларды, құстарды түсіргеннен кейін жүк алушы вагондардың есік аралық кеңістікте төсеніштің қалдықтары мен қидың тазалауын жүргізуге міндетті (үшінші категориялы өңдеуге жатқызылатын вагондардан басқа). Көліктегі мемлекеттік ветсан қадағалаудың нұсқауымен екінші категориялы өңдеуден өтетін вагондарда да өткізілмеуі мүмкін.
Вагондарды санитарлық өңдеуге жіберу үшін түсіру кезінде болған көліктегі ветеринарлық-санитариялық қадағалаудың өкілі бекетке қолхат бойынша бекітілген формадағы бағытты тағайылымның екі данасын береді. Бір данасын теміржолдық құжаттарға салынады, ал екіншісі көліктен ветсан бөлімінің іс қағаздарында қалдырылады.
Кедендік одақ мүшелерінің мемлекеттік уәкіл етілген органы
__________________________________________________________
Темір жол бекеті, елді-мекен, әуежай, айлақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет