Мемлекеттік ветеринарлықсанитарлық инспекторлардың
іс-әрекеті
Қолданылған шаралар
Бақылауға алынған тауарларды одақтың ішінде Бір Жақтың аумағынан Екінші Жақтың аумағына шығару барысында бақылаудағы тауардың Жақтардың құзыретті органымен және Екі Жақтың құзыретті мүшелері – экспорттаушылармен берілген (ветеринарлық және дәрілік препараттардан, азық және азық қоспаларынан басқа өнімдерге) ветеринарлық сертификаты болу керек.
Бақылаудағы жүктер індет аурудан таза бекеттен (елден) шығуы қажет, құжаттары дұрыс ресімделген, таңбалары анық қойылған, тасымалданатын көлік түрі мен маршрут бағыты белгіленген, және де ветеринарлық сертификаттар орыс тілінде және әкелуші елдің (экспорттаушы мемлекеттің) тілінде (ешсіз жөндеусіз) толтырылған болу керек. Экспортерттаушы импортерттаушы елдің ветеринарлық заңнамасының талаптарын ескеріп, сақтауы тиіс.
Бақылаудағы жүктерді Кеден одағы шекарасынан шығару және ветеринарлық сертификатты беруді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тауарларды бақылау, ветеринарлық тексеру ветеринарлық сертификат пен көлік тіркеме қағазы көрсетілгеннен кейін ғана жүргізіледі. Жануарлар арту алаңына 3 сағаттан кем емес уакыт аралығында жеткізіледі және ветеринарлық тексерістен өтеді. Инспектор жануарлардың күйін және оларды тасымалдау мүмкіндігін анықтайды. Жануарларды және құстарды тасымалдау алдында жіберуші авиакомпаниямен келіседі:
-жануарларды тасымалдауға қолданылатын самолет түрі;
-қандай жүк бөлімінде және қандай температуралық режимде артылады, тасымалданады;
-жануарлар мен құстарды тасымалдауда қосымша жабдықтың қажеттілігі ескеріледі ( құстарға, аңдарға арналған торлар, төсеніш материалдары,
Мемлекеттік ветеринарлықсанитарлық инспектор жолдамалық-
ветеринарлық құжатарымен
танысады
Бақылау тауарларын қараудан өткізеді.
Жануарларды ветеринарлық қарау:жануарлардың сәйкес номері тексеріледі (чиптар, құлағындағы биркалар, таңбалар және т.б), ветеринарлық сертификатта көрсетілген номерлермен салыстырылады және де тасымалдау шарттары, жануарлардың күйжайлары тексеріледі. Барлық талаптар орындалса, жолдамалық ветеринарлық құжаттарда инспектор өзінің мөр таңбасын және қол таңбасын қояды, журналға тіркейді.
Ветеринарлық құжатқа «Выпуск разрешен»
мөрін басып
оны өз мөр-
таңбасымен растайды және ветеринарлық инспектор қол қояды.
азықтандыру құралдары)
Жылқыларды темір жол көлігімен тасымалдағанда вагондарда көлденең бойы қатар бастарымен есікаралық кеңістікке қарай орналастырады. Жолсерік жүріп тұруы үшін ортанғы қатарда шеткі қатарға қараған бір жылқыға аз орналастырады. Жылқылар тек қана тағасыз тасымалданады.
Ірі қара мал вагонда ұзын бойы және көлденең түрінде орналастырылады. Көлденең бойы артылғанда, тиеу алдында вагонның көлденең қабырғасының алынбайтын тақтайына бұрандамен мал байлауға темір шығыршықтар жапсырылады, 1-2 малға бір шығыршық.
Егер бір-бірінен бөлетін берік қоршау болса, бір вагонда әртүрлі жануарларды тасымалдауға рұқсат етіледі.
Ұсақ жануарлар тор жәшіктерде бірнеше қабатта тасымалданады. Үстінгі тор мен төбенің және вагонның қабырғасының аралығы 0,2 м болуы керек. Жәшік пен торлар қабырғаны бойлап орналастырылады, ортасынан малдарға қарау, жүру және ауа ағымы болуы үшін орын қалтырылады.
Бағалы аңдар, олардың түрлеріне қарамастан темір жол немесе мықты ағаш, есігі темірмен торланған торларда тасымалданады.
Су жануарларын (тірі балық пен балық өрбіту материалдар, уылдырықтарды) арнайы жабдықтарған аэрацияланған вагондарда тасымалдайды, ондағы су таза, мөлдір, зиянды қоспалары жоқ, өмір сүруіне қажетті концентрацияда оттегі бар суда тасымалдайды.
Араларды омартада фанер жәшіктерінде тасымалдайды. Жабық вагондарда тасымалдағанда, омартамен жәшіктерді бірнеше қабатта орналастырады, желдету тесіктері жабылмайды, әрі-бері жүріп тұру үшін орын қалтырады.
Егер жүктер бөлек партиямен енгізілсе, онда жүктің көлемі, салмағы қадағаланып отырады. Жүктің салмағы Комитеттің рұқсаты берген нормадан аспау керек, егер асатын болса, онда бұл бұзулық болып саналады.