Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Келу стансасында жануарларды ветеринарлық санитарлық бақылау



бет74/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   172
Байланысты:
index

Келу стансасында жануарларды ветеринарлық санитарлық бақылау


Келіп жету стансасына келген соң, жануарларды ветмаманы қарап, ветеринарлық сертификатта нәтижелерін тіркейді. Түсірілген асыл тұқымды жануарлар күйі жайлы акт толтырылады. Жануарларды көліктегі ветеринарлық бақылау мамандары қарап, қорытынды жасаған соң жібереді де, стансадан 12 сағат ішінде алып кетеді. Жануарлар мен құстар тиелген вагондар стансаға түсiрiлуге келсе, онда станса бұл жөнiнде мемлекеттiк ветеринарлық қадағалаудың ветеринарлық инспекторына және жүк алушыға немесе экспедиторлық компанияға, егер жүк солар арқылы тасымалданса, хабар бередi. Жануарлар мен құстар мемветқадағалау ветинспекторымен түсiрiлуге белгiленген мерзiмде зерттелуi тиіс. Жалғыз келген мал мен құс стансада ветеринарлық бақылау бекетi болса тексерiледi, болмаған жағдайда жүк алушыға тексерусiз берiледi.
Жануарлар мен құстар түсiрiлiп болған соң, жүк алушы нәжiс пен төсенiштiң қалдықтарын вагонның есiкаралық кеңiстiгiне жинауға мiндеттi (вагондардың 3-категориясы өндеуден басқа). Вагондар санитариялық өңдеуге жiберiледi. Келiп жатқан вагондардың санының көптiлiгiне және жергiлiктi жағдайларға байланысты нәжiс және төсенiш қалдықтарын жинау үшiн станса бастығы жүк алушының сұрауы бойынша қосымша уақыт белгiлей алады. Бұл уақыт жаз айында 30 минут, ал қыс айында 1 сағаттан аспауы керек.
Егер орнатылған тәртiпке қарай карантин туралы хабарландырылса, темiр жол бастығы мал мен құсты белгiленген тәртiпке байланысты тиеуге және тиеуін шегеру туралы хабар бередi. Жануарлар мен құстарды басқа жерге жiберуге ҚР АШМ ветеринария мекемесінің келiсiмi керек.
Жануарлар мен құстарды шетелден алып келу және шетелге шығару тек қана белгiленген талаптарға сай, экспортер мемлекеттiң ветеринариялық мекемелердiң берiлген ветеринариялық құжаттарымен (ветеринарлық сертификат, ветеринарлық-санитариялық тұжырымдама) келуi тиiс. Станса бастығы мал мен құстардың келгенi туралы хабар берген соң, сырттан келген, сыртқа шығатын және транзиттегi мал мен құсты шекара және көлiктегi аумақтық басқармасының шекаралық ветеринарлық бекетiнiң ветеринарлық инспекторымен зерттейдi. Ветеринариялық сертификат жол құжаттарына қосылады.
Тексеру кезінде ауру және жұқпалы ауруға күмәндi жануарлар мен құстар табылса, ветеринарлық жiберу құжаттарында көрсетiлген мәлiмет дұрыс болмаса немесе бұл құжаттар мүлдем болмаса, шекарадағы ветеринарлық бекеттiң ветеринариялық инспекторы станса және кеден өкiлдерiмен бiрге ветеринарлық-санитарлық ережелердің бұзылуы туралы Акт жасап, ал мал мен құстарға шекарадағы ветеринарлық бекеттiң ветеринарлық инспекторы нұсқауымен ветеринарлық-санитарлық шаралар қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет