Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Түбітті аңдарды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері



бет76/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   172
Байланысты:
index

Түбітті аңдарды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері


Аңдарды тасымалдар алдында сальмонеллез, лептоспироз, обаға қарсы егіп, гельминттерден босатады (дегельминтизациялайды). Түбітті аңдарды вагондардағы торларда ересектерін жеке, ұсақтарын 2-3 тен тасымалдайды. Бір вагонға арту нормасы 11-кестеде көрсетілген.
7-Кесте. Түбітті аңдарды төртдіңгекті вагонға арту нормасы

Жануарлар түрі

Бір вагонға арту (бас)

Қояндар

400

Түлкі, ақ түлкі

160

Қара күзен, бұлғын

200

Саз құндыз

150

Торларды 3-4 қабатқа қояды. Еденге қара қағаз немесе өзге ылғал өткізбейтін материал төселеді (нәжіс, зәр). Есіктер мен люктарды темір тормен қаптайды. Қара күзен, бұлғын, түлкі, күміс қара түлкі, ақ түлкі күз қыс айларында, ал қояндар мен саз құндыз жыл бойы тасымалданады.
Негізгі азықтары: ет, дәндесін азық, көкөністер, ет бөлігін, етсүйек ұнымен айырбастауға болады, тасымалдаудың алғашқы тәуліктерінде жаңа мұздатылған фаршты қолдануға рұқсат беріледі. Саз қүзенді жаңа шабылған шөппен азықтандыруға тыйым салынады, 3 рет азықтандырады, су еркін беріледі. Түбітті аңдарды күту үшін әр вагонға жоғарғы білікті жолсеріктері тағайындалады.

Сурет-5. Түбітті аңдарды тасымалдауға арналған торлар
8-Кесте. Түбітті аңдарды темір жол көлігімен тасымалдағанда азық және төсенішпен қамтамасыз ету үлгілі тәуліктік нормасы

Аң түрлері

Пішендер

Жем, концентраттар

Шырынды
(сочные) азықтар

Ет (балық)

Түлкі, ақ
түлкі

-

-

-

0,5

Қара күзен, бұлғын

-

-

-

0,25

Су тышқан
(саз
құндызы)

0,15-0,25

0,2-0,3

0,2-0,4

-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет