Ауыл шаруашылық малдарын тасымалдау кезіндегі бақылау. Малдарды арнайы жүк таситын тік ұшақта немесе арнайы секциялы ұшақта унифицирленген контейнерлерде тасымалдауға болады.
Жүк тасуға арналған тік ұшақ бөлімдерін қажетті деген жабдықтармен жабдықтайды, яғни ондағы шетен бөлімдері дұрыс бекітілген, азық, су, құралдар, сонымен қатар жануарларды енгізетін және айдап шығаратын арнайы бөліктермен жабдықталғаны жөн.
Шетендер (стойла) жеңіл, бірақ мықты ұзындығы 20 см металдан, ені 80-150 және биіктігі 150 см жеңіл жиналатын, (съемные) іші сыртында үшкір заты жоқ (шеге, болт, және т.б.) металдардан жасалады.
Шетен қабырғасын киіз және резеңкемен қағып тастайды, еденін және бүйір қабырғаларын фюземент осі бойынша берік бекіту үшін жабдықтайды.
Шетендерде азық орындарын және малдарды бекіту үшін орын дайындайды. Оларды тік ұшақ осі бойынша бірнеше қатарда орналастырады, олардың арасында малдардың өтуіне жеңіл болатындай, азықты жеңіл беру үшін, суару, тазалау, төсеніштерді ауыстыру, қиды шығару үшін, пилот кабинасына кедергісіз, өту үшін арнайы кеңістік орнын қалдырады. Жүк кабинасының еденіне ағаш тақтайлар, үстіне пластинамен рифленген резеңке төсейді, оның үстіне ағаш үгінділерін тегістеп салады. Ағаш үгінділері сору қасиеті бар материал болып табылады, сондықтан оларды уақытында ауыстырып отырған жөн.
Тік ұшақтың жүк кабинасында ішетін су және шөптерге арналған жәшіктер, сонымен қатар жануарларды суаруға арналған шелектер, тазалау жұмыстарын жүргізуге қалақ, сыпырғыш және т.б. жабдықтар міндетті түрде болған жөн.
Үй жануарларын тасымалдауға негізделген ұшақтар ішінде жеңіл алынатын, бірақ мықты, беткейі гафрильденген резеңке немесе киіз төселген бір-бірінен қашықтығы 320 мм болатын саты орнату керек. Саты ені кем дегенде 1500мм, саты 1000кг дейін жануар салмағын және бақылаушы адамдардың 100кг салмағын, сонымен қатар динамикалық ауыртпалықтарды көтеру керек.
Жануарларды арту кезінде ветеринарлық маман қараудан өткізіп, тексереді, құжатта белгілейді.
Сурет-8. Ірі қара малдарын арту тәртібі, контейнерлер түрі
Жануарларды тасымалдау міндетті түрде бақылаушы адам, жүк жөнелтуші немесе қабылдаушы жағынан болса, мықты арқанды шетен, уақытында азық алдырылса, суарылса, шетен ішін жинап, төсеніштерін ауыстырып отыру жағдайы қамтылса рұқсат етіледі. Бақылаушы адамдарды алдын ала нұсқаумен таныстырады, бақылаушы адам әр түрлі шараларды ұшақ басшысының рұқсатымен ғана қабылдай алады.
Тасымалдау барысында күмән туатын жағдайлар болса, онда ұшақ басшысына (командирге) шұғыл түрде баяндап отырады және ережеге сай жұмыс жүргізеді. Бақылаушылар арасында медициналық жадығаттары бар ветеринарлық жұмысшы болады. Жолсеріктерінің саны, жануар санына байланысты болып келеді. Тасымалдау ұзақтығына байланысты қосымша азық, су болған жөн. Жануарларды аралық әуежайларда түсіруге тыйым салынады. Әрбір рейстен кейін жүк бөлімдері міндетті түрде тазалаудан өткізіліп, дезинфекцияланады.