Үй құстарын, тәуліктік балапанды және асыл тұқымды жұмыртқаларды тасымалдау. Құс, тәуліктік балапан және асыл тұқымды жұмыртқаларды әуе арқылы тасымалдауға ветеринарлық куәлік, асыл тұқымдандыру куәлігі және жүк жөнелтушінің үстемелік құжаттары болған жағдайда қабылдайды. Бұл жүк түрін жолсеріктің қатысуымен арнайы рейстермен тасымалдайды.
Асыл тұқымды жұмыртқа және тәуліктік балапандарды тасымалдау үшін тақтай, фанера немесе қатты қағаздан жасалған, жоғарғы қақпақ бөлігінде және бүйір қабырғаларында қуысы бар жәшіктерде тасымалдайды. Сипаттамасы (11-кестеде) келтірілген.
Авиациялық тасымалдау және әуежай қоймаларында уақытша асыл тұқымды жұмыртқа және тәуліктік балапандарды сақтау барысында температура көрсеткіштерін, ылғалдылық және ауа жылдамдылығын сақтаған жөн, (12-кесте).
12-Кесте. Тәуліктік балапандар мен жұмыртқаларды тасымалдайтын ыдыс-қорап түрлері және олардың көлемдері
Халықаралық әуе жолдары бойынша тәуліктік балапан және асыл тұқымды жұмыртқаларды тек қатты қағаздан жасалған жәшіктерде тасымалдайды.
Әрбір жөнелтуші орында жөнелтуші таңбасы болған жөн, яғни «Асыл тұқымды жұмыртқа», «Тәуліктік балапандар», «Жоғары», «Жедел жеткізу», «Тастамау», сонымен қатар құс тұқымы, балапан санын немесе ыдыс-қораптағы жұмыртқа санын және жүк жөнелтуші мен алушының мекен-жайы жазылады.
Тәуліктік балапан және асыл тұқымды жұмыртқаларды ереже бойынша тікелей рейстермен тасымалдайды.
Транзитті әуежайларға жеткізілген балапандарды түсіріп, арнайы алдын ала дайындалған ұшақтарға артып, келесі белгіленген бөлімге жеткізеді.
Лажсыз кешігу жағдайы. Жөнелтуші әуежай немесе аралық әуежайларда қажетті кешігу жағдайлары кезінде асыл тұқымды және балапандарды ұшақтан түсіріп, жабық автокөлікпен, жоғарғы да көрсетілген ережелерді ұстана отырып, жабдықталған қоймаларға апарылады. Қысқа уақытты мерзімде ұшақтан түсірмей-ақ күзетшілер бақылауында қалдыруға болады, жөнелтуші әуежай жолсерігін сыртқы ауа температурасы шектеулі, арту есіктері немесе люктар ашық болған жағдайда тағайындайды.
Жүктің кешігу уақыты шектеулі болу керек. Жолда тәуліктік балапандарды азықтандырып, су беруге болмайды. Метеорологиялық және тағы да басқа себептерге байланысты жүк жөнелту мүмкін болмаған жағдайда, оны қайта жүк жөнелтушіге тапсырыс еткен жөн, аралық әуежайларда - жөнелтуші шаруашылық өкімі бойынша, жүк тұрып қалған әуежай, телеграф арқылы жөнелтушіден нұсқама алады.
Ірі құс партияларын, балапан, асыл тұқымды жұмыртқаларды тасымалдау кезінде зоогигиеналық талаптарды ұстана отырып, жолаушылар ұшағының жүк бөлігінде немесе жүк ұшақтар бөлімінде тасымалдауға болады. Жүкке арналған орындарды жылу жүйесінен және жылы ауа жоқ жерде орналастырып, тор, белбеу мықты арқандармен байлайды. Тәуліктік балапан және асыл тұқымды жұмыртқаларды соңында артып, жүк люктеріне жақын орналастырып, жүкті түсірген кезде алдымен түсіреді.
Жүк жөнелтуші жеделхат арқылы жүк алушыға жүкті жөнелткені жөнінде хабар береді, ал жазғы экипаж командирі жүкті белгіленген әуежайға жеткізген уақытта ескертеді.