Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Жолаушылар кабиналарында ұсақ жануарларды тасымалдау



бет84/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   172
Байланысты:
index

Жолаушылар кабиналарында ұсақ жануарларды тасымалдау. Ұсақ үй жануарларын, ит, мысық, құстарды тасымалдайтын азаматтарда міндетті түрде халықаралық паспорт, ветеринарлық сертификат және тасымалдаушының келісімі болу керек.
Жолаушылар кабиналарында тасымалданатын ит байлаулы және тұмсығына мұрындық кигізіп, ал қалған жануарлар қапта, торларда тасымалданады.
Тасымалдау кезінде жануарлардың қауіпсіздігіне олардың иесі жауапты, ал аэрофлот ешбір жауапқа тартылмайды.
Зертханалық жануарларды тасымалдау. Ұсақ зертханалық жануарларды (тышқан, егеуқұйрық, теңіз шошқасы) ғылыми мекеме мекенжайлары бойынша, температурасы 10-150С арнайы көліктік торларда әуе көлігімен тасымалдайды. Торлардың негізін көлемі 20х20см жонылған ағаш құрайды, қақпағы және екі қабырғасы 3-4 миллиметрлік фанералардан жасалған. Бүйір бөліктерін ұяшықтары 6х6 металл торлардан жасайды. Торлар көлемі 100х450х400х200мм. Олар бір реттік қолдануға жарамды.
Ұсақ зертханалық жануарларды ұшақтың ұшуынан белгіленген уақыттан 2 сағат бұрын әкеледі. Жаз уақытында арту нормасы 300 кг, күзде-қыста -400кг.
Зертханалық жануарларды бақылаушының қарауында ғана тасымалдайды. Тікелей рейстермен жеткізіледі, бұл рейстер болмаған жағдайда басқа рейстермен жіберіледі.
Жануарларды жолаушылардан бөлек бөлімдерге артады. Зертханалық жануарларды жолаушылар ұшақтарында бақылаушы рейстермен, сонымен қатар изоляцияланбаған бөлімдерде тасымалдауға болмайды.
Жөнелтуші жүк алушыға жөнелтілген жүк жөнінде, күнін, рейс нөмерін, орын көлемін, жануарлар салмағы жөнінде жеделхат (факс) арқылы хабарлайды. Зертханалық жануарларды тасымалдағаннан кейін бөлімдерді жинап, тазартып, жуып, желдетеді.
Медициналық сүліктерді тасымалдау. Сүліктер тірі жүкке жататындықтан, тез тасымалдануды қажет етеді. Медициналық сүліктерді белгіленген орынға бір жыл ішінде белгіленген мөлшерде тасымалдайды. Олардың көлемі аса көп емес.
Медициналық сүліктерді жыл мезгіліне қарай ылғалдылығы нормаға сәйкес сазды шымтезектерде тасымалдайды. Шымтезек қоспасын медициналық сүліктермен бірге таза тығыз қапшыққа салады, қапшық көлемін тасымалданатын сүлік санына қарай ескереді. Қапшықты қағазға орап, ағаш жәшікке салады. Жәшік қабырғалары тақтайдан, ал түбі мен қақпағы фанерадан жасалған. Жәшік көлемі тасымалданатын сүлік көлеміне сәйкес келуі керек, себебі қапшықтар жеңіл салынып, тұрақты орналасқан жөн. Ағаш жәшіктердің көлемі 14х16х21 см, салмағы 1,5-2 кг.
Бір ағаш жәшікке 20-дан-2000-ға дейін медициналық сүлік салынады. Қыс жағдайында және жоғарғы температура кезінде сүліктерді екінші ағаш үгінділері бар сыртқы жәшікке орналастырады, бұл жағдай суық немесе жоғарғы температурадан сақтауға негізделген.
Медициналық сүліктерді қысқа қашықтық жерлерге кәрзенкемен тасымалдайды, корзина ішіне әрқайсысына 500 сүлік орналасқан 9-10 қапшықтар сияды. Кәрзенкелерді әуежай қоймаларында және тасымалдаған кезде тігінен орналастырады, ал жәшіктерді-кез келген жағдайда орналастырады, себебі медициналық сүліктер көлденең жағдайдағы қозғалысты өздері реттейді.
Жәшік немесе ккәрзенкелерді жүк алушының және жөнелтушінің мекен жайы және өзге мәлімет жазылған этикеткалар жабыстырылады мәселен, «Абайлаңыз-лақтыруға болмайды-тірі зат», «Сұйық пен ыстықтан сақтаңыздар», «Медициналық сүліктер».
Ауа температурасы қалыпты жағдайда 5-160С температурада жәшіктерде сақталған медициналық сүліктер бір айға дейін өздерінің биологиялық құрамдарын сақтайды, ауырмайды, өлмейді. Бірақ олар жоғарғы және төменгі температураға, әсіресе әртүрлі ауытқуларға өте сезімтал болып келеді.
Сүліктерге улы заттар, бензин, керосин, қышқыл әсер етеді, сондықтан сүліктерді артар алдында бөлмелерді осы заттар түрлеріне зерттеу жұмыстарын жүргізген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет