Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Тірі балық, ара, жануар ағзаларын, азықтық нысандарды жерсіндіру үшін тасымалдау



бет85/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   172
Байланысты:
index

Тірі балық, ара, жануар ағзаларын, азықтық нысандарды жерсіндіру үшін тасымалдау. Тірі балық, уылдырық, шаян және басқа да ағзаларды тасымалдаудың техникалық жағдайларын ұстана отырып, әуе көлігімен тасымалдайды. Сонымен қатар ветеринариялық қадағалау жұмыстары жүргізіледі.
Бұл организмдерді әуе көлігімен тасымалдау кезінде келесі жабдықтау түрлері кездеседі.
Изотермикалық контейнерлер, пенопластан дайындалған, тірі уылдырық тасымалдауға негізделген. Бос контейнер салмағы 8-11 кг, жүктелген 30-60 кг, көлемі 500х450х500 мм.
Уылдырықтарды алыс қашықтыққа тасымалдау кезінде контейнердің бүйіріне 3 рамка орнастылады. Контейнер бұл жағдайда 4 бөлікке бөлінеді: төменгісі бөлігі судың ағуына, төменгі мұзға арналған, екі орташа бөлігінде 15 см қабатта уылдырық орналасады.
Ұрықтандырылған уылдырықты 1,5-2 қабатта рамкаларға орналастырады. Контейнер бастырығының (стопки) үстіне мұз бөлігін салады.
Контейнерлерде жас балықтарды полиэтиленді пакеттерде тасымалдауға болады. Контейнерлерді жіппен байлап, бүйір жағынан ұстауға орын жасайды.
Сауыт қалыңдығы 8-10мм органикалық шыныдан дайындалған, жас балықтарды, әр түрлі азықтық организмдерді тасымалдауға негізделген. Әсіресе ұзақ тасымалдау кезінде ыңғайлы (2-3 тәулік).
Сауытқа көлемі 39-дан 60 л дейін су сыяды, сыйымдылығы 500х300х300мм, жүктелген кездегі салмағы 50кг. Сауыттарға су құйған жағдайда 10-15см кеңістік қалдырған жөн.
Су организмдерінің сауыттарда өміршеңдігін сақтау үшін су аэрациясын ауамен немесе оттегімен қамтамасыз еткен жөн. Аэрация үшін авияциялық баллон, редукторлар ыңғайлы, қысым 0,5 атмосфераға дейін төмендейді.
Мұндай баллондарды әуежайларға оттегімен толықтырады. Су және оттегі толықтырылған полиэтилен пакеттерінде (сеголет 1 жылдық балық), жас және азықтық организмдерді тасымалдайды. Герметикалық жабық пакеттерді картоннан жасалған көлемі 60х35х35 см, пакеті бар салмағы 20-22кг жәшіктерге салады.
Контейнер және пакеттерді ұшақтың және герметизирленген бөлімдерінде тасымалдайды. Сауыттарды ұшақ жүк тасымалдау бөлімінде тасымалдайды.
Өсімдік қоректі балықтардың балаңқұрттарын 20-250С оптималды температурада тасымалдаған жөн. Температураның 280С жоғарлауы немесе 200С төмендеуі балаңқұрттардың өліміне әкеледі. Коксерке, гарбуша балықтарының уылдырықтарын тасымалдау кезіндегі температура шамамен 60С болу керек.
Контейнер және пакеттерді жолсеріксіз жөнелтуге болмайды, сауыттарға міндетті түрде жолсеріктерді бекітеді, олар жүк жағдайын және суға оттегінің берілуін қадағалайды.
Сулы организмдерді тасымалдау барысында, жөнелтуші ветеринарлық куәлікті ресімдейді, ал экспорттаған жағдайда ветеринарлық куәліктен басқа ветеринарлық сертификат толтырылады.
Ұшақтағы жүк тасымалдау барысында ұзақ жолда тұрып қалатын жағдайда, жүкті ұшақтан түсіріп, балықтар үшін арналған оптималды температурасы бар қоймаларда сақтайды. Бұл жағдайда әуежай қызметкерлері әуежайлық баллондардың оттегімен толғандығын қадағалау, қоймадағы жүктің сақталу жағдайын бақылау сияқты барлық шараларды жасауға міндетті.
Араларды әуе көлігімен тасымалдау үшін жәшіктер қолданады (пакеттер). Ара – жанұяларын көлемі 320х520х420 немесе 475х290х360мм фанерден жасалған жәшіктерде тасымалдайды. Ара аналықтарын арнайы көлемі 135-40х40мм болатын сопақша келген ағаш жәшік торларда тасымалдайды. Тордың жоғарғы жағы фанерден жасалған қақпақпен жабылған. Торға 100-150 дана жәшіктер сыяды. Араларды брезенттен жасалған қаптарда және ауа өткізбейтін ыдысқораптарда тасымалдауға болмайды. Бір жүк орны 1000х500х500мм, салмағы -17кг аспаған жөн. Орама ешбір зақымсыз және рейка, планка, ұстайтын жері болу керек.
Араларды ішкі жабдықтау арашыларға жүктеледі. Жолда пакеттерді ашуға тыйым салынады. Әрбір пакетте жөнелтуші жөнелтушінің бекеті, жөнелтушімен қабылдаушының мекен жайы, сонымен қатар «Тірі аралар», «Жоғары», «Күннің көзінде ұстамау» сияқты ескертетін жазулар жазады.
Пакеттер әуежайға кем дегенде 2 сағат ішінде жеткізілу керек. Ауа райы ыстық кезінде араларды көлеңкелі жерде ұстап, ал ұшақтың ұшуына бір сағат қалғанда жүктеген жөн. Жалпы аралар әуежайда 12 сағаттан артық болмауы керек. Ыстық ауа райы кезінде (200С жоғары) аралар ұзақ күтуден өліп қалуы мүмкін, ал төменгі температурада суықтан қатып қалады.
Соққы, қатты вибрация аралардың қозуына әкеледі. Сондықтан арту, түсіру кезінде ережелерді ұстанған жөн. Ара сақталған жабдық зақымдалған жағдайда қуысты мақта, қағазбен жапқан дұрыс. Пакеттерді айналдыруға болмайды. Еркін ауа алмасу жағдайын ескереді. Пакет және торларға басқа жүктерді салуға болмайды. Пакеттерді ұшу барысында соққыдан сақтау үшін киіз, кенеп қолданады.
Ара салынған пакеттерді ұшақ кабинасына немесе жүк тасымалдау жеріне салады, бұл жағдайда оларды соңында артады.
Ара тасымалданатын ұшақ іші таза, жуылған, желдетілген болады. Онда химиялық материал, жағымсыз иісті заттар болмау керек, себебі, ара өлімі болуы мүмкін. Тасымалдау және уақытша қоймаларда сақтау кезінде температура 14-180С, ылғалдылық 85% болу керек. Ұшақ амалсыз тұрып қалған жағдайда ара салынған пакеттерді түсіріп, қоймаларға жеткізеді. Араларды жүк және жануарлар ұшақтарымен тасымалдайды, барлық жағдайда оларды экипаж бен жолаушылардан оқшаулау керек. Араларды үлкен партиялармен тасымалдаған жағдайда оларға арашы-жолсерік бекітіледі. Жолсеріксіз тек қысқа қашықтыққа және аз партиялар жіберіледі.
Арашы-жолсерік өзімен балшық, пластиллин алғаны жөн, олар пакеттер зақымдалған жағдайда қуыстарды бітеуге қажет. Балшық болмаған кезде кенеп және т.б. заттармен жабады, жолсерік өзімен бірге термометр, шелек, тор, шеге, балға, түтіндеткіш және басқа да ұсақ жабдықтарды алады. Араларды кем дегенде 20 күнге азық қорымен қамтамасыз етеді.
Таулы аймақтар, тайга және басқа да әуежайлары жоқ аудандарға араларды пакеттерге салып, ал ара ұяларын жинақы түрде (оларды сол орында жинайды) тасымалдайды.
Жөнелтуші қабылдаушыға жеделхат арқылы ұшақтың ұшқаны жөнінде, рейс нөмері, араларды жөнелткен күнін, уақытын хабарлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет