СУ КӨЛІКТЕРІМЕН ЖАНУАРЛАРДЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІН ТАСЫМАЛДАУЫНДА ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ
БАҚЫЛАУ
Өзен, теңіз көліктерінде жануарларды тасымалдауды ұйымдастыру және бақылау
Cу көліктерімен аурудан сау шаруашылықтан шыққан, жұқпалы ауруларға қарсы егілген, ветеринарлық сертификат бар жануарлар тасымалданады.
Жануарларды арту алдында ветеринарлық байқаудан өткізеді. Ауру және әлсіз малдарды тасымалдауға жібермейді. Жануарлар мен құстарды тасымалдауға тек жолсерігінің бақылауында ғана жібереді.
Бір жолсерік 20 ірі қара мал басына немесе 30 бас шошқа, бұзау, 60 бас қой, ешкі, 10-15 жәшік құс, қоян, 10 бас жылқы, бұқа, сауын сиырларға есептеліп тағайындалады. Егер 100-ден артық мал, 200-бас шошқа немесе 400 бас қойды бір тәуліктен артық тасымалдаған жағдайда ветеринарлық дәрігерді қосымша тағайындайды.
Жануарларды жөнелтушінің өтініші бойынша 10 тәуліктен кем емес уақытта тасымалдайды. Порт-айлақ қызметі жөнелтуші- шаруашылықты және көліктегі ветеринарлық санитариялық қадағалау қызметін жүктеуге бір тәулік қалғанда жағдаймен толық таныстырады. Тасымалдауға арналған кемені алдын-ала капитанның рұқсатымен жануарларды еркін орналастыру және қараудан өткізу мақсатында кемеден айдау және жануарларды орналастыратын орын дайындалады. Қоршау және мал тұратын орын ауданын 1 мал басына есептеп шығарады (14 кесте)
14-Кесте. Су көлігімен тасымалдағанда 1 жануар басына бөлінген орын ауданы, м2
Жануар түрі
|
Ені
|
Жануар түрі
|
Ені
|
Асыл тұқымды жылқылар
|
2,5-3,0
|
Қойлар, ешкілер
|
0,5-0,75
|
Жұмыс жылқылары
|
2,0-2,25
|
Шошқалар (ірі)
|
1,0-1,5
|
Бұқалар, өгіздер
|
2,25-2,5
|
Шошқалар (орташа)
|
0,5-0,75
|
Сиырлар
|
1,8-2,25
|
Торайлар
|
0,3-0,5
|
Жануарлар тұратын металдан жасалған бөліктерін ағашпен бекітеді. Еденді 50мм биіктікке көтеріп, планкалар қағады (жануарларды аяғы мықты орнығу мақсатында). Палубада таза емес сұйықтарды шығаруға арналған құрылғылар орналастырады.
Асыл тұқымды және өнімділігі жоғары бағалы жануарларды жекежекеден орналастырады. Тұратын орын ұзындығы жылқы мен ірі қара үшін 2,2-3м, ені 0,8-1,2м, биіктігі 1,2-1,9.
Жануарлардың басын кеменің диаметралды жалпақтығына қарай орналастырады. Қой мен шошқаларды арнайы 20-25 басқа есептелген қоршауларда тасымалдайды. Қойларды тығыз орналастыруға болмайды, себебі тұншығу жағдайлары болуы мүмкін.
Жануарларды теңізде палубаның жоғарғы бөлігінде тек жылы уақытта, шектелген және жаңбыр мен толқыннан сақталатын жағдайда тасымалдайды. Төбесін тығыз тақтаймен жабады. Бөлім биіктігі кем дегенде жылқылар үшін 2,4м, ірі қара мал үшін 1,9, ұсақ малдар үшін 1м. Орындарды кеменің борт жағынан және шеттерін тақтаймен бекітеді.
Жануарларды жүк люктарында тасымалдауға рұқсат етілмейді, Твиндельген люктерде тек ұсақ малдар мен құстарды тасымалдауға рұқсат етіледі.
Қоршау мен орындар арасына ені-45см жол қалдырады, әрбір орында оттықтар болу керек. Сонымен қатар кемеде жеткілікті мөлшерде шелек, қол шам, жылжымалы шұңғыл ыдыстар болу керек. Кемелерді жабдықтау жүк иесіне жүктеледі.
Жануарлармен құстарды 12 сағат тасымалдау есебінде, жөнелтуші су қорын және бір басқа арналған тәуліктік су мөлшерін дайындау керек.
15-Кесте. Су көлігімен тасымалдағанда бір жануар басына шаққандағы су, азық, төсеніш нормасы
Жануар түрі
|
Шөп, сабан
|
Концентрленген азық, кг
|
Су, л
|
Төсеніш (сабан, ағаш үгінділері), кг
|
Жылқылар
|
8-12
|
2-4
|
30
|
1,5
|
ІҚМ
|
8-12
|
2-4
|
30
|
1,5
|
Қойлар, ешкілер
|
2
|
1
|
3
|
1,5
|
Шошқалар
|
-
|
4
|
3
|
1,5
|
Тауықтар
|
-
|
1,5
|
0,1
|
-
|
Үйректер
|
-
|
16 кг ұйрек салмағына
|
0,3
|
-
|
Қаздар
|
-
|
-
|
0,5
|
-
|
Шошқалар мен ұсақ малдарға бидай фуражын ұсақтаған түрде береді. Азық пен төсеніштерді бөлек сақтап, үстіне брезент жабады.
Фураж ақысыз тасымалданады, егер нормадан жоғары болған жағдайда, тариф бойынша ақысы төленеді.
Тірі құс, торай, лақ, қоян, ұсақ жануарларды (теңіз шошқасы және т.б) жәшік, корзина, торларда тасымалдайды, иттерді бос етіп, мұрындық кигізіп тасымалдайды.
Жануарлдарды арту капитанның қатысуымен жүргізіледі. Жануарларды тыныш жағдайда артқан жөн. Ірі жануарларды байлап, ал ұсақ малдарды байлаусыз артады, бірақ аз партияларда (қоршау 20-25 басқа есептелген) жарақаттану, тыншығудан сақтау керек.
Сыртқы ауа температурасы 25С төмен немесе одан жоғары болса, салмағы 100кг артық шошқаларды тасымалдауға тиым салынады.
Жарақаттануларды төмендету үшін, әлсіз және ұсақ жануарларды ірі малдар басып тастамау үшін, трюмде қоршаулар жасайды, бір қоршауға жынысы бір, салмақтары сәйкес келетін жануарлар орналастырылады. Бұқа, айғырларды трюм қабырғасына қарай мықтап байлайды. Арту жұмыстары аяқталысымен шешіледі. Ветеринарлық санитария қадағалау өкілі, капитан және аға жолсерігі жануарлардың дұрыс орналасуын, азық қорын тексереді, жолсеріктерін тағайындайды. Жолсеріктері жануарларды арнайы орындауға орналастырып, азықтандырып, суаруға, тазалауға сонымен қатар үнемі оларды байқап отыруға міндетті. Мал қиын күніне бір рет шығарып отырады. Малдарды күніне 3 рет азықтандырады: шөп және концентрленген азықтарды салар алдында сумен сініріп, ал ұн және кебекті қамыр түрінде береді. Азықтарды жануарлар толығымен жей алатындай көлемде таратады. Суаруға арналған су температурасы 9-15С, суық суды жылы сумен араластырады. Күніне 3 рет суару оптималды болып табылады.
Тасымалдау барысында желдетілуге аса мән берген жөн, зиянды газдардың (аммиак, күкіртті сутек т.б) болуы кері әсерін тигізеді.
Жолда ауру немесе өлген мал анықталса жолсерік кеме әкімшілігіне бұл жөнінде хабар беруге міндетті. Ауру немесе өлген жануарларды жақын маңда орналасқан порттың ветеринарлық санитариялық қадағалау өкіліне тапсырыс етеді, өкіл жолсерікке жасалатын шараларға бұйрық жасап, кемеде дезинфекцияның өтуін қадағалайды. Жолда ауырған немесе жұқпалы ауруларға күмән туған жануарларды порт территориясынан шектейді.
Өлекселерді, сонымен қатар лас суларды канал, шлюз өтетін санитарлық аймақтарда лақтыруға, төгуге тыйым салынады.
Кеменің портқа келуі жөнінде әкімшілік жүк алушыға және көліктегі ветеринарлық санитарлық аймаққа хабар береді. Жануарларды ветеринарлық дәрігер байқаудан өткізеді. Ветеринарлық қадағалаудың өкілі болмаған жағдайда немесе ауру анықталмаған болса, әкімшілік шешімі бойынша жануарлар жүк қабылдаушыға тапсырыс етіледі.
Жолсеріктер барлық инвентарьді жинап, малдарды түсіруге дайындық жасайды. Аға жолсерік жүк құжаттарын көрсеткеннен кейін, жолсеріктің қатысуыменен ережелерді сақтай отырып, малдарды түсіреді. Жануарларды түсіргеннен кейін жүк құжаттарына белгі жасап, акт толтырылады. Жүк алушыға азық қалдықтарын және барлық инвентарьды тапсырыс етеді.
Тасымалдаудың қолайлы жағдайында, кемені қайта сол жүкке жөнелтеді. Орындарды, қоршау, палуба, трюмдерді тазартып, жуады. Ветеринарлық-санитарлық қадағалау талаптары бойынша, хлорлы әк ерітіндісімен немесе басқа да ерітінділермен дезинфекция жұмыстарын өткізеді. Егер жануарлар мен құстар осы кемелерде қайта тасымалданбаса, орындар мен қоршауларды жинап, жүк алушыға тапсырыс етеді, кемені тазалап, жуып, жүк алушының есебінен дезинфекция жұмыстарын өткізеді.
Кемеде ауру малмен жанасқан заттар болса дезинфекциялайды. Мал қиын және азық қалдықтарын жергілікті малмен жанаспайтын орындарға түсіріп, аймақтық ветеринарлық қызметтің нұсқауымен жояды.
Достарыңызбен бөлісу: |