Альдегидтер-көміртегінің асқын туындылары, олардың құрамында сутегі атомы альдегидтің функционалды тобымен алмастырылған. «Альдегид» сөзі сутегінен айырылған спирт деген мағынаны білдіреді.
Альдегидтердің химиялық қасиеттері олардың құрамында функционалды тобының элементтері барымен сипатталады. Олар: карбонил тобы >С=О және сутегі атомының қосындысы: карбонил тобы >С=О екі еселенген байланыста (көміртегі және оттегі атомдары) болады.
Формальдегид (құмырсқа қышқыл альдегиді - түссіз альдегид, өткір иісті газ, улы, суда жақсы ериді. Қайнау температурасы 190С. Ұзақ уақыт төменгі температурада сақтағанда формальдегид полимерленеді, ақ тұнба пайда болады, оны қыздырғаннан соң, формалин бөліп ериді. Формальдегидтің дезинфектанттық әсері бар, ол микробтарға қарсы, верулентті, фунгицитті, дезодорантты әсердегі препарат.
Формальдегид ерітіндісін ылғалды және аэрозольді дезинфекциялау үшін қолданады. Ол металл карозиясын тудырмайды, теріге, былғарыға, маталарға резеңкеге кері әсерін тигізбейді.
Формальдегидті технологиялық құрал-жабдықтарды, бөлмелерді, ауаны аэрозольді дезинфекциялау үшін қолданады. 1-6000 концентрациясында формальдегид ерітіндісі сібір жарасы, шошқа тілмесінің қоздырғыштарын себебеленуін тоқтатады және 1 сағат ішінде спораны жояды.
Формальдегид буын жұмыртқа инкубаторларын, арнайы киімдерді, құрал-жабдықтарды, тарыларды дезинфекциялау үшін эмальді немесе шынылы ыдысқа 45 бөлік формалин+25 бөлік су+30 бөлік калий перманганат ерітіндісін қосу керек, сонда қоспа қайнап бу бөледі.
Формалин –мөлдір сұйықтық, өткір иісті. Формальдегидтен басқа құрамында метил спирті бар. Үлес салмағы -200С болғанда -1,081-1,086 су және спирттен кез келген мөлшерде араласады. Препаратты салқын және қараңғы жерде сақтау қажет, 3 ай бойы жарамды болады.
Формалин бактерицидті, вирулицидті, спороцидті, фунгицидті қасиеттерге ие. Формалин металды коррозияға ұшыратпайды, оның активтілігіне органикалық заттар әсер етеді. Судағы формалин ерітіндісінде дезинфекциялық қасиеттері бар.
Көлікте формалинді ылғалды, аэрозольді, парафармалинді дезинфекцияны жүргізу үшін қолданылады.
Майлы альдегид – бутанол, бутир-альдегид майлы түссіз сұйықтық, тәтті иісі бар. Қайнау температурасы 750С. Негізгі заттың мөлшері 98%, тығыздығы 0,8г/см; суда ерімейді, спиртте, диэтил эфирде жақсы ериді. Препарат су ерітіндіде тұрақты болады, олардың қатынас эталоны -1:1. майлы альдегид пластмасс өндірісінде, фармацевтикалық өндірісте қолданылады. Майлы альдегид құрамында басқа альдегидтерге қарағанда жоғары мөлшерде белсенді заттар бар және оның токсикалық әсері шамалы (ПДК 5 куб мг/м).
Достарыңызбен бөлісу: |