Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық



бет131/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   172
Байланысты:
index

Глутар альдегиді - сарғыш түсті немесе қоныр түсті сұйықтық, әлсіз иісі бар. Әсер етуші белсенді заты 20% құрайды. Ол спора түзбейтін микроорганизмдерге қарсы әсер етеді, коррозиялық әсері жоқ, аз уытты, бактерицидтті, бір рет мұздатылғаннан кейін әсері жойылмайды.
Арнайы киімдерді 0,5% ерітіндімен 3 сағат дезинфекциялайды, сондай-ақ оны аэрозольді күйінде пайдаланады, бұл үшін 25% концентрациясын 24 сағат қолданады. Сулы ерітінділерін 0,3-0,4% концентрациясында қолданады.
Парасод – кальцинирленген сода және параформ (ТУ 6-05-930-73) негізінде дайындалған қоспа, сілтілігі 26% кем емес. Оны мал шаруашылығында және құс шаруашылығында дезинфекциялау үшін қолданады. Парасод 30 кг резеңке дорбада шығарылады, оны қойманың құрғақ бөлмелерінде сақтайды. 1 жылға дейін жарамды болады.
Фоспар – техникалық параформ (ТУ 6-05-930-73) және техникалық үшнатрийфосфат қоспасы, қатынасы 50:50. Параформға қарағанда бұл препарат күшті дезинфекциялық қасиеттерге ие.
Фоспар ақ түсті ұнтақ, әлсіз формальдегид иісі сезіледі. Құрамында формальдегид 45,0±3,0% және сілтілер 15% кем емес. Парасод препараты сияқты фоспар шаруашылықтарда дезинфекция үшін пайдаланады.
ГАН – ветеринарлық нысандарды дезинфекциялау үшін қолданылатын препарат. Препараттың құрамына 5% глутар альдегиді, 5% глиоксаль, 10% катаПАВ (септаПАВ), индикатор-бояу (метилен сарғышқызыл), дистилденген су және активатор (дезинфекциялаушы заттың белсенділігін арттыру үшін қосылатын зат –натрий карбонат және гидрокарбонат натрий 1:9). Ган препаратын ветеринарлық нысандарды (жануарлар, құс, аңшылық фермаларын және ғимараттарын, құралжабдықтарды, мал сою цехтарын, бекеттерін, ветеринарлық зертханаларды, жұмыртқа сақтайтын қоймаларды, тара, арнайы киімдерді т.б) дезинфекциялау үшін, алдын ала дезинфекцияға және ауру қоздырғыштарының көзі пайда болған кезде қолданады.
Фенолдар
Фенолдар – хош иісті көмірсутектің гидроксилді туындылары. Фенол –қатты кристалды зат, түссіз немесе әлсіз қызғылт түсті, өзіне тән иісі бар. Сақтағанда фенол көміртегімен әрекеттесіп қызыл түске боялады. Төменгі температурада суда аз ериді, қыздырғанда тез еріп кетеді, улы болып табылады, теріге түссе, күйікке әкеледі. Балқу температурасы 40430С, 10% ылғылдықта болса, ол сұйық фенолға айналады, оны көбінесе тәжірибеде қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет