Сабынды-карболды қоспа (крезолды) –жасыл сабынның ыстық ерітіндісіне кристалды фенолды қосқанда пайда болатын қоспа. Ерітіндіні дайындау: сабынды судың аз мөлшерінде ерітіп, балқытылған фенолды жақсылап араластырып қосады, одан кейін ыстық суды үстіне құяды.
Натрий оксидифиноляты- түссіз мөлдір ұнтақ, суда жақсы ериді, гигроскопиялы әлсіз, тұрақты емес иісі бар, адамдарға уыттылығы аз, металды коррозияға ұшыратпайды. Жылы, құрғақ жерде, герметикалық жабылған тарада сақталынады.
Натрий оксидифиноляты күшті фунгицидтті әсерге ие: 0,5-1% ерітінділер зеңді 1 минут ішінде жояды. Препаратты темір жол вагондарын санитарлық өңдеу үшін қолданады.
Электрохимиялық ерітінділер
Жуғыш католит және нейтралды анолит – бұл СТЭЛ, Эксперо, Бипарз құралдары арқылы дайындалған электрохимиялық белсенді ерітінділер.
Нейтралы анолитті және католитті ас түзы және қарапайым су арқылы дайындайды (анод катод камерасы арқылы).
АНК анолит құрамына пероксид қосылыстары кіреді (НО2 — радикал гидроксил; НО2- — анион пероксид; 1О2 — синглеттік молекулярлық оттегі; О2- — супероксид-анион; О3 — озон; О2 – атомарлы оттегі) және хлороттекті қосылыстар (НСlО — хлорноватистік қышқыл; СlO- — гипохлорит-ион; СlO2 - гипохлорит-радикал; СlО2 — диоксид хлор).
Анолит ерітінділері (0,01%, 0,03%, 0,06, 0,08%) бактериялды және саңырауқұлақ қоздырғыштарын (алтын стафилококк, ішек таяқшалары, В гепатит вирус, аденовирус, Кох таяқшалары, сальмонеллез, дермитомикоз т.б.) жояды.
Дезинфекциялау үшін дезинфекция алдында СТЭЛ аппаратын электр жүеге қосып, ерітіндіні даярлайды. Дезинфекциялау үшін 1м2 -250300мл/м2 ерітінді қолданады, ерітіндіні қолдану тәсілі: сүрту, беткейлерге шашу арқылы, немесе құрал-жабдықтарды ерітінділерде ұстау арқылы. Анолитпен дезинфекциялағанда әр түрлі экспозицияны қолданады. Католитті көбінесе дезинфекцияның алдында, майланған беткейлерді жуу үшін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |