Физикалық дезинфекциялағыш заттар
Жарық. Металдан жасалған беткейлерді, бір ай бойы күн сәулесі түскенде, микроорганизмдер саны 300000 есе жойыла, ал 2 ай өткен соң, беткейдегі барлық споралар жойылады.
Жасанды жарық көздерінің ішінен дезинфекция үшін ең маңыздысы-газжарықты сынапты лампалар. Ұшатын жәндіктерді жою үшін жарық ұстағыштарын пайдаланады, ол максималды тиімділік береді.
От-жалыны – көліктің ішіндегі 3 категория бойынша санитарлық өңдеуге қиды, құрал-жабдықтарды, төсеніш және т.б. жою үшін пайдаланады. Өрт арқылы қауырт, жұқпалы аурулардан өлген жануарлардың өлекселерін жойғанда қолданады.
Күйдіру үшін жалын лампаларын пайдаланады, олар бензинмен, керосинмен, соляркамен жұмыс істейді.
Температура. Көліктерді дезинфекциялау тәжірибесінде ыстық су, ауа, бу, өрт жатады. Ыстық суды 960С сүт тұрба өткізгіштер, пышақ мускат және т.б. құралдарды залалсыздандыру үшін пайдаланады.
А.А.Поляков, Ф.А.Терентьев бойынша, сібір жарасының қоздырғышы қайнаған суда 5-15 минуттан кейін өледі. 60-700С дейін қыздырылған суда патогенді микроорганизмдердің көбісі 30 минуттан кейін өледі, ал қайнап тұрған суда бірнеше минутта жойылады.
Қаныққан сулы буды 1000С, булы залалсыздандырғыштарда құралжабдықтарды, шұжық өндейтін қондырғыларды, сүт тұрба өткізгіштерін және басқа нысандарды дезинфекциялау үшін қолданады.
Ысытылған буды 109-1300С автоклавтарда құралдарды, орталарды дезинфекциялау үшін қолданады.
Ыстық құрғақ ауамен 1600С кептіргіш шкафтарда, зертханалық ыдыстарды, киімдерді залалсыздандыру үшін қолданады.
Ультрадыбыс - микроорганизмдердің құрамын бұзады (кавитация арқылы). Оны ет май цехтарында қолданады. Ол үшін ультрадыбыс генератор және 5% кальцинирленген сода ерітіндісі арқылы қолданылады. Ультракүлгін сәулелер- күн сәулесі көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғыштарына әсерін тигізеді. Бірақ ластанған жердегі немесе күн сәулесі жетпейтін, тасадағы микроорганизмдер ультракүлгін сәуленің әсерінен жойылмайды. Сондықтан нысандардың беткейлерін немесе төбесі ашық қашарларды, қораларды, жақсылап ластанымдардан механикалық тазарту және жуу керек.
Жасанды УФЛ-ол ультрокөгілдір лампалар (БУВ-15,30,60 Вт) .
БУВ –бактерицидтті увиол шам. Оны ет өңдейтін комбинаттарда ауаны, суыту бөлмелерін, етті бөлшектеу, етті сүйектен ажырату цехтарын залалсыздандыру үшін қолданады және пастерленген консервілерді өндіру кәсіпорындарында жиі қолданады. Сондай-ақ ашытқы дайындағанда бактериологиялық зертханаларда және ауа тартқыш желдеткіш жүйелерін залалсыздандыру үшін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |