Ветеринарлық тағайындау № «____»__________20___ж
____________________________________________________________
Көлік түрін, контейнерді көрсету
Түсіруден кейінгі босатылым ___________________
_______________________________________________________________ Жүк түрі Ветеринарлық –санитариялық өңдеуге жіберіледі категориясы бойынша дезинфекциялаушы-жуу станциясына_______________________
(ДЖС, санитарлық алаң (көрсету қажет)
(Темір жол бекеті, елді-мекен, аудан, әуе жолы, айлақ)
Уәкіл етілген лауазымды түлға_________________________________
___________________________________________________________
Қол таңбасы тегі, аты-жөні
МО
Бағытында жол бағдарын және жүк түсіретін бекетті, мерзімін, санитарлық өңдеуге жіберілетін вагондардың саны қандай жүк астынан, өңдеуі жүргізілетін вагон дәрежелері, түрі (екінші және үшінші дәрежелі өңдеуден өтетін вагондар үшін) вагондар өңделетін бекеті.
Барлық үш дәрежелі ветеринарлық-санитариялық өңдеуден өтетін вагондар басқа бекеттерге есіктері мен люктері жабық күйінде жібереді. Бірінші дәрежелі санитарлық өңдеуден өтетін вагондарды жіберілетін ведомстваларынан ветсан қадағалаудың тағайындалулары тіркеліп жөнелтеді; ал екінші және үшінші дәрежелі өңдеуге жатқызылатын вагондарды жіберуге толық жүк құжаттармен және оған тіркелген ветсан қадағалаудың тағайындалуын, стандартты мен биркалардың салынуымен, есіктің сыртқы жақтарына бормен сызады, «Дезинфекцияға» немесе сондай жазуы бар жапсырмалар жасалады.
Жүк құжаттарындағы (вагон қағазы, жол ведомості, тіркемелі) «Жүк түрі» бағанында міндетті түрде «Дезинфекиялау» деген белгі қойылады, сонымен қоса өңдеу дәрежесі көрсетіледі. Вагондағы бар қондырғыжабдықтары жөнінде мәліметтер вагон (парағында) қағазында жазылады.
ДЖС ветеринарлықсан өңдеуге вагондарды жөнелту жөнінде көліктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалаушы мен бекет бастығы жол жүру бағыты бойынша және баратын бекеттерге жеделхат жібереді, онда олар жөнелтілетін уақыты мен мерзімі, поездағы вагондар нөмерлері, өңдеу дәрежесін көрсетеді.
Егер түсіру кезінде ветеринарлық дәрігер жоқ болса және жүру бағыты кезінде ауруға шалдыққаны немесе жануар (құстар) өлімі жөнінде мәліметтер тіркелсе, онда вагондарды жөнелтпе ведомостпен (пересылочный ведомость) жүктің саулығы жөнінде белгісімен жібереді.
Жануарларды, құстарды, жануартекті шикізатты тасымалдағаннан кейін ветеринарлық инспекторлар тасымалданған көлікті, арнаулы құжатпен, «Дезинфекцияға» жабыстырмамен жібереді.
«Жүк атауы» деген графаға: «Дезинфекцияға» белгісін қоймайды. Бұндай вагондарды ветеринарлық-санитарлық өңдеу, екінші категорияға өткізіледі. Ветеринарлық-санитарлық аймаққа вагондардың келуін ветинспектор, келетін аймақтағы станса бастығы мен ветеринарлықсанитарлық бақылау бөліміне телеграф арқылы хабарлайды. Жіберілген вагондар дезинфекциялау стансаларына белгіленген уақытта келмесе, станса бастығы мен инспекторлары іздестіру жұмыстарын жүргізеді.
Вагондарды 2-ші және 3-ші категориялы өңдеуден өткенше дейін жіберген станса және қабылдайтын стансаның ветеринарлық-санитарлық бақылау бөлімі, толығымен өңдеуден өткенше дейін бақылауға міндетті.