Вагондарды дезинфекциялау
Вагондарды дезинфекциялау үшін коррозиялық белсенділігі аз дезинфектанттар қолданылады. Гипохлор ерітіндісі әкті ерітіндіге қарағанда коррозиялығы аз. Коррозиялық белсенділігі аз ерітінділерге: глутарлы альдегид, тексанит, ниртан, парасод, фоспар
(Бутко,Тарасенко,1983) жатады.
Дезинфекцияның ылғалды әдісі. Дезинфекцияның ылғалды түрі беткейлердің үстін дезинфицирлеуші ерітінділермен бүркуге негізделген. (Поляков, 1942,1956,1965).
Жануар мен жануартекті шикізаттарды тасымалдағаннан кейін вагондарды дезинфекциялау: платформалар, жануарлардың қоршаулары, карантинді базалар, жануарларды артатын және түсіретін жолдар, суаратын пункттер аумағы, жануарларды ұстайтын орындар, жануарлардың өлексесін жерлейтін орындар, қоймалар, жануартекті шикізатты сақтайтын орындар, территориялар, нәжісті түсіру және сақтау орындары, түрлі инвентарлар (күрек, айыр, шелек, суару легендері, кормушкалар), жол серігінің киімдері және аяқ киімдер дезинфекцияланады.
Вагондарға екінші дәрежелі дезинфекция жасау, дезинфекциялық жуғыш станцияда (ДЖС) және дезинфекциялау пунктерде (ДП) жүзеге асырылады. Тазалау және жуудан өткен вагондарда бүрку құралы бар аппаратпен дезинфекцияланады.
Дезинфекциялау алдымен еден, кейін қабырғалары, төбесі, содан соң қайтара еденді өңдеу түрінде жүргізіледі.
Дезинфекциялық ерітіндіні алдымен бұрыштарына, кейінен барлық вагондарға шашыратады. Әсіресе бұрыштарына, саңылауларына, жақсылап дезинфекция жүргізеді. Кейіннен вагонның сыртын, тормозды алаңдарын, аяқшаларын дезинфекциялайды. Вагондарды гипохлор ерітіндісімен немесе құрамында 2-3% белсенді хлормен, хлорлы әк ерітіндісімен, 2% формальдегид ерітіндісімен, ыстық каустикалық сода (60-70ºС) 3-4% ерітіндісімен, құрамында 1-3% каустикалық содасы бар сілтілі формальдегид ерітіндісімен және 2-3% формальдегидпен дезинфекциялайды. Дезерітіндінің шығыны 0,5л/м2 алаңға, экспозициясы 1 сағат. Одан басқа дезинфекциялау 0,75л/м2 үшін аумағына 5% глутар альдегид ерітіндісін, экспозициясы бір сағат немесе 3% ыстық нитрат ерітіндісін, шығыны 1л/м2 және экспозициясы бір сағат немесе құрамында 5% белсенді хлор ерітіндісі бар тексанит ерітіндісін (шығыны 0,5л/м2 және экспозициясы 3 сағат) қолданылады. Парасад және фоспар дезинфектанттарын бруцеллез, шошқа тілмесі, листериоз, колибактериоз, сальмоноллез, шошқа обасымен ауырған жануарларды тасымалдаған вагондарды концентрациялы дезинфекциялау үшін қолданылады. (шығыны 05л/м2, 3сағат экспозициясы).
Аусыл және туберкулезбен ауырған жануарларды тасымалдаған вагондарды дезинфекциялау үшін Н.П.Любаков (1976) құрамында белсенді хлоры бар гипохлорид ерітіндісі және 0,7% сілтіні немесе 5% ыстық демп ерітіндісін қолдануын ұсынды. Ю.И.Андрюнин және В.Е.Зуев (1984) көлікті дезинфекциялау үшін Ньюкасл ауруы, инфекциялық ларинготрахеит, инфекциялық бронхит, тұмау, созылмалы респираторлық микоплазмоз, пуллороз құс пастереллезі, американдық және еуропалық паралич ауруларымен ауырған жануарларды тасымалдағаннан кейін дезинфекциялау үшін жоғарыдағы ерітінділердің 0,5% л/м2 және 1л/м2 қолдануды ұсынды. Бактериоцидтік қасиеті жоғарылау үшін сутегінің асқын тотығына органикалық қышқылдарды (сірке, сүт, құмырсқа) 0,5-3% дейін қосады. Сутегінің асқын тотығының жұмыс ерітінділері қоздырғыш түріне байланысты 2-7% концентрацияда пайдаланады. Вагондарды екінші дәрежелі дезинфекциялауға концентрациялы 3% гипохлорид кальций 1л/м2 қолданылады және экспозициясы бір сағат.
Нейтральді кальций гипохлориді – суда жақсы еритін, өткір иісті ақ ұнтақ. Құрамындағы белсенді хлор мөлшері 24-35% вирустық індеттерден сау емес жануарларды және жануартекті шикізаттарды тасымалдайтын вагондарды ыстық 3-4% натрий ерітіндісімен немесе гипохлор ерітіндісімен немесе хлорлы әк ерітіндісімен дезинфекциялайды. Шығыны 0,5л/м2, 3 сағат экспозициясы сағат. Туберкулезбен ауырған жануарларды және жануартекті шикізаттарды тасымалдаған вагондардың құрамында 3% формальдегид және 3% натрий гипохлор ерітіндісі бар сілтілі формальдегид ерітіндісімен немесе құрамында 5% белсенді хлоры бар хлорлы әк ерітіндісімен өңдейді. Шығыны 0,5л/м2, экспозициясы 1 сағат.
Вагондардың ішін, құрылымын, суыту орнын т.б. дезинфекциялағаннан кейін ыстық сумен жуып, кептіреді. Құрамында формальдегиді бар препараттарды бейтараптандыру үшін аммиак ерітіндісін қолданады. Глутар альдегид қалдығын инактивациялау үшін 0,5-1% биосульфид ерітіндісін қолданады (экспозициясы 10 мин,1% глицин ерітіндісі және т.б.).
Дезинфекциялаушы ерітінділерді бейтараптандыру үшін сірке қышқыл ерітіндісін қолданады. Барлық ДЖС-да вагондарды дезинфекциялау үшін өткір натрий ерітіндісін қолданады және вагондардың коррозиялы зақымдалған бөліктерін өңдеу үшін қолданады. Осыны есептей келсе, Бутко,Тарасенко (1982) тетраборлы қышқылды бурыл натрий ерітіндісін қолдануды ұсынады. Бұл ерітінді рефрежераторлы вагондарды сілті ерітіндісімен өңдегеннен кейін коррозиялы әсердің болмауы үшін қолданылады.
Вагон беткейін дезинфекциялағаннан кейін 0,1-0,2% бурыл ерітіндісімен 0,3-0,5л/м2 есебінде бүркеді, содан кейін сумен шаяды. Бұндай технология өткір натрий қалдықтарының коррозиялық әсерін жояды.
Вагондарды үшінші дәрежелі өңдеу тек қана ДЖС аумағында өтеді. Онда ағынды суларды өңдейтін құралды изоляторлық сектор және нәжісті өртейтін пеш болу қажет.
Үшінші дәрежелі дезинфекциялауға жататын вагондардың қалдықтардан және нәжістерден тазартып, дезинфекциялайды, жуады және екінші қайтара дезинфекциялайды. Ішкі қабырғаларын, еденді нәжістен тазалау алдында, алдымен дезинфекциялық ерітіндімен бүркеді. Керексіз заттарды жағады. Барлық құрал-жабдықтармен бірге, ішінсыртын: гипохлор ерітіндісімен, хлорлы әк ерітіндісімен немесе кальций гипохлорид ерітіндісімен немесе 4% формальдегид ерітіндісімен өңдейді. Ерітіндінің шығыны 0,5л/м2. Дезинфекциялағаннан кейін 30 мин соң вагонның ішін-сыртын ыстық сумен жуады. Вагондарды жуғаннан кейін ішкі бөліктеріне дезинфекциялық ерітінді шашыратады. Шығыны 1л/м2 кейін вагон есіктерін жауып, сол ерітіндімен аяқшалары мен тормозды 0,5л/м2 шығынымен дезинфекциялайды. А.А.Поляков ұсынысы бойынша, ерітіндіні 3-4 атм қысымымен ұсақ ағынмен шашыратады, ол ерітіндінің залалсыздандыру беткейі бірқалыпты ағуына мүмкіндік береді. Шашыратылған ерітінді тез арада еденге түспей, қабырға бойымен ағады. Екінші қайтара дезинфекцияланғаннан соң, 30 мин, вагондарды ыстық сумен жуады. Кейін оны бекеттен шығарып, белгілі формалы куәлік береді. Үшінші дәрежелі вагондарды дезинфекциялау үшін 5% сулы глутар альдегид ерітіндісін бір рет, шығыны 1л/м2 және экспозициясы 3сағат, құрамында 5% белсенді хлоры бар тексанит ерітіндісін 0,5л/м2 3 рет, арасы 1сағат, экспозициясы 3 сағат. Содан кейін вагондарды ыстық сумен жуады. 7,5% ыстық парасад ерітіндісін 2 рет 0,25 л/м2 экспозициясы екінші рет қолданғаннан кейін 3 сағат; 7,5% ыстық фоспар ерітіндісімен, параформның құрғақ қоспасымен, натрий карбонаты және үшнатрий фосфат 0,25 л/м2, экспозициясы 3сағат, содан соң вагондарды ыстық сумен жуады. Ішкі беткейін антикоррозиялық материалмен жабылған вагондарды ветеринарлық-санитарлық өңдеу белгілі тәртіппен өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |