Изотермиялық вагондарды дезинфекциялау
Тез бүлінетін өнімдерді тасымалдау үшін изотермиялық вагондар қолданылады. Вагон кузовтары толық металды, гофрирленген қабырғалы. Сыртқы қабырғалары және төбесі қалыңдығы 2 мм болатты гофрирленген қабат (лист). Ішкі бөлігі қалындығы 2 мм көлденең гофрирленген алюминді пласттар. Едені резеңкелі амортизаторы бар алюминді қоспадан жасалынған торша.
Изотермиялық қозғалмалы поезд секцияларына автономды рефрежераторлы вагондар жатады. Олар тез бүлінетін жүктерді, ет, ет өнімдері, балық, балық өнімдері, көкөніс, сүт және тағы басқаларын темір жолмен тасымалдау үшін қолданылады. Изотермиялық вагондарды тасымалдағаннан кейін, босатып, жүк қалдықтарынан тазалап, көліктік ветеринарлық бақылау барысында жууға, дезинфекциялауға жібереді. Жануар текті өнімдерді тасымалдағаннан кейін вагондарды бірінші, екінші және сирек үшінші дәрежелі өңдейді.
Изотермиялық вагондардың торларын мұқият тазалап, ыстық сумен жуады.
Вагондарды жылы және суық сумен жууға (рұқсат етілмейді) болмайды.
Дезинфекциялау үшін металдарды залалсыздандыратын ерітінділер қолданылады.
Материалдардың конструкциясының коррозиясы тазалау және дезинфекциялау процесін нашарлатады. Сондықтан күйдіргіш натрий, сілті ерітіндісін, формальдегидті, хлорлы әкті изотермиялық вагондарды өңдеу үшін жіберілмейді (Бутко,1985).
Изотермиялық вагондарды екінші дәрежелі дезинфекциялау үшін кальций гипохлорид және құрамында 3% активті хлоры бар гипохлор немесе 2% формальдегид ерітінділерін 0,5л/м2 шығынымен қолданады, экспозициясы 1сағат. 5% глутар альдегид ерітіндісі, шығымы 0,75/лм2, экспозициясы 1сағат, 02% концентрациялы ГЛАК ерітіндісі, шығымы 0,5л/м, экспозициясы 3 сағат.
Бір рет қолдану үшін: 3% концентрациялы парасад және фоспар препараттары, шығымы 0,5л/м2 және экспозициясы 3 сағат. Экспозициясы аяқталғаннан кейін ыстық сумен жуып, кептіреді.
Изотермиялық вагондарды үшінші дәрежелі дезинфекциялау, жабық вагондар сияқты өткізіледі. Изотермиялық вагондарды дезинфекциялау үшін басқа да препараттар қолданылады. 4% концентрациялы дезантикор препараттарын екінші категориялы өңдеу үшін қолданады. Ол 520-567 есе өткір натрий ерітіндісіне қарағанда коррозиялығы аз. (1915 ерітінді қатынасында Т, АМ 22Н, АМГ 31/2А, 24 БСТЗКП және басқалары; изотермиялық вагондарды өңдеу үшін ).
ДМП-2 2% концентрациялы препарат сапалы дезинфекция мен қатар, күшті тиімділік береді. ДМП жуғыш дезинфекциялы препараты құрамында
5,5-6% белсенді хлоры бар.
Достарыңызбен бөлісу: |