Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Изотермиялық вагондарды зеңге қарсы өңдеу



бет139/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   172
Байланысты:
index

Изотермиялық вагондарды зеңге қарсы өңдеу
Вагондарды зеңнен өңдеу, тасымалдау кезіндегі еттердің жақсы сапасын сақтау үшін, әсіресе вагондарды салқындатылған еттерді тасымалдау үшін дайындайды. Егер изотермиялық вагондарда ет және т.б. өнімдер зеңделсе немесе ет бүлінген болса, онда оны зеңнен айыру үшін дезинфекциялау процесін өткізеді.
Изотермиялық вагондарды зеңденуге қарсы өңдеуді (Пенициллиум, Мукор және Аспергиллиус) глутарлы альдегиді препараттарын және сірке үсті қышқылын аэрозол түрінде қолдану жақсы нәтиже береді (Н.А.Шалуев): глутарлы альдегид (ДВ бойынша 25%) шығыны 65 мл/м2 және экспозициясы 2сағат; сірке үсті қышқылы (ДВ бойынша 5%) шығыны 50 мл/м2 және экспозициясы 1 сағат.
Изотермиялық вагондардың залалсыздандырылатын беткейін жақсылап сулануы үшін дезинфицирлеуші заттардың ерітінділеріне беткейлі активті заттардан (ОП немесе сульфонат) қосады.
Зеңмен күресу үшін П.Г.Песков (1969) хлорлы әкті (2-3% белсенді хлор) хлорлы қышқылдың кальцийлі (гипохлорит кальций) тұздық қоспасында шығыны 0,5 лм2 пен экспозициясы 30 минут қолданылуын ұсынады. Зеңді жою үшін ыстық (55ºС) 5% сода мен жасыл сабын немесе формальдегид ерітіндісін қолданады, ол біржола дезинфицирлеуші және дезодорирлеуші заттар ретінде марганец асқын тотығының гидраты
(Окуневский,1933), сонымен қоса натрий оксидифенолятын
(Поляков,1964) пайдалануға кеңес береді.

Тірі балықтарды тасымалдау үшін вагондарды дезинфекциялау


ДЖС (ДЖП) дезинфекцияға тірі тауарлық балықтарды, тасымалдағаннан кейін, сонымен қоса балық шаяндарға; ұрықталған уылдырық, шаяндарды өсіруге және акклиматизацияға арналған вагондар жатады. Бөшке, чан және т. б. қоймалар сумен толтырылып, оған балықтарды салардан бұрын олар міндетті түрде мұқият жуылып, дезинфицирлендіріледі және қайтара жуылады, себебі дезинфицирлеуші заттардың қалдықтары балықтарға зиян келтіруі мүмкін. Тірі балықты вагондар мен олардың қондырғыларын тазалайды және мұқият ыстық сумен шаяды. П.Г.Песков (1969) тірі балықты вагондарды тазалап жуғаннан кейін оның ішкі және сыртқы жақтарын шығыны 1 л/м2 болатын 20% жаңа дайындалған сөндірілмеген әктің ерітіндісімен дезинфекцияландыру қажет деп жазады. Л.Э.Фих (1982) тір балықты вагондарды жаңа дайындалған әкті сүттің 10-20% ерітіндісімен өңдеуді ұсынады. Алайда хлордың балық пен балық отырғызғыш материалға, олардың өліміне дейін әкелінетін кері әсері бар екені белгілі, сондықтан аталған препараттар тек шұғыл жағдайларда қолданылуы мүмкін. ДЖС (ДЖП) да өңделген вагондарды арту бекетіне дезинфекция жүргізілгені жайлы куәлікпен бірге жібереді. Балықтарды вагондарға арту бекетінде куәлікті береді және ол көліктегі бақылау ветпунктың мал дәрігерімен алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет