Бақылау сұрақтары:
1.Жануарлардың, жануартекті өнім және шикізаттың экспорты кезіндегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалау.
ҚР мемлекеттік шекарасында жүргізілетін жалпы ветеринарлық санитарлық шаралар.
Экспортқа арналған жануарлар 1 ай бойы карантинде ұсталады. Осы кезде қандай өңдеулер жүргізіледі?
Жануар текті өнімдерді импорттаған кездегі ветеринарлықсанитарлық талаптар.
Жануарларды, жануартекті өнім және шикізатты қадағалау кезінде жүктерді ҚР кіргізу және шығару, ҚР арқылы тасымалдау уақытындағы шаралар.
Қазақстан Республикасының жануартекті жүктердің импорт және экспортын рәсімдеу тәртібі.
Импортты рәсімдеу тәртібі.
Экспортты ресімдеу тәртібі.
Экспорт және импорт кезінде жануартекті өнім мен шикізатқа қойылатын ветеринарлық санитарлық талаптар мен ережелер.
6 Тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ТАСЫМАЛДАНАТЫН (ОРНЫ АУЫСТЫРЫЛАТЫН) ЖАНУАРЛАРДЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІН ТАСЫМАЛДАУ КЕЗІНДЕ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
ЖАНУАРЛАРДЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІН ТАСЫМАЛДАУҒА
ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ
ТАЛАПТАР
Қазақстан Республикасының ветеринария заңы бойынша темір жол, әуе, су, автокөлік арқылы тасымалдау тек қана жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтан алынған, клиникалық тексерістен өткен жануарлар ғана, ал табындық және қолданылатын жануарлар, диагностикалық зерттеулерден, өңдеуден өткеннен соң жіберіледі. Басқа аудандарға сатылуға жіберілетін табындық жануарларды профилактикалық оқшауға қояды, ол мерзімде диспансеризация өткізіледі, 3 күннен кем емес аралықта жануарлар тасымалдау кезіндегі азықтандыру режиміне бейімделу қажет, ал союға дайындалатын жануарларды 4-5 күннен кем емес аралықта транспорттық режимге ауыстыру керек.
Темір жол, су, авто көлік, әуе жолдары арқылы жұқпалы аурулар кездескен шаруашылықтан әкелінген жануарларды тек клиникалық тексерістен өткізген соң тасымалдауға болады.
Транспорттық ветеринарлық қадағалау тасымалдауға дейін жануарларды тексеріп қараудан өткізіп, келесі ауруға зерттеулер өткізілуін қадағалау керек: ірі қара малды бруцеллез, туберкулез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, хламидиоз, паратуберкулез, трихомоноз ауруына; қойларды – бруцеллез, листериоз, вирустық іш тастау; ешкілерді – бруцеллез, лептоспироз, инфекциондық эпидидимит, туберкулез, меди-висна, аденоматоз, энцефалит-артрит, листериоз, блутанг, паратуберкулез, хламидиоз; шошқаларды – классикалық шошқа обасы, репродуктивті-респираторлы синдром, бруцеллез, туберкулез, лептоспироз, Ауески ауруы, хламидиоз, вирусты трансмиссивтік гастроэнтерит, шошқа тұмауы, атрофиялық ринит, парвовирусты инфекция, шошқаның везикулярлы ауруы; жылқыларды – маңқа, киеңкі, сурру, пираплазмоз, инфекциондық метрит,бруцелез, инфекциялық анемия, туберкулез, лептоспироз, везикулярлы стоматит, вирусты артерит; есек пен қашарларды – маңқаға; түйелерді – бруцеллез, туберкулез, маңқаға, су-ауру, блутанг, паратуберкулез, контагиозды плевропневмония, африкандық обаға; бұғыларды – бруцеллезге, некробактериозға,туберкулезге; құстарды (тауық) – пуллороз, туберкулез Марек ауруына қарсы егілу керек; ит және мысықтарды-ет қоректілердің обасы, құтырық, гепатит, вирусты энтерит, лептоспироз; түбітті аңдар (қара түлкі) алеут ауруына; қояндарды – эймериозға; араларды – варроатоз, акарапидоз, браулез, іріңді ауруға, аскофероз; балықтарды- тұқы балықтың геморрагиялық септицемиясы, описторхоз Басқада зерттеулерді мемлекеттік ветинспектор келісімімен атқарады. Бруцеллез ауруы кездеспеген шаруашылықтың малдарын, (ірі қара малдар, қой, ешкі, шошқа, түйе, бұғыларды) бруцеллезге аглютинация реакциясы (АР), комплементті байланыстыру реакциясымен (КБР), ал соған қоса қой ешкілерді аллергиялық реакциямен зерттейді. Нәтижесі теріс болса, сол жануарларды тасымалдауға рұқсат беріледі. Ал осы айтылған малдардың 4 айға дейінгі төлдерін бруцеллезге зерттемейді.
Бруцеллез ауруы кездескен шаруашылықтарда ірі қара малды, қой, ешкі, шошқа, түйе бұғыларды, олардың төлдерін арасына 30 күн салып 2 рет зерттейді. Бруцелезге қарсы вакцинацияланған ірі және ұсақ қара малдардың сау төлдерін тек аудан, облыс, шаруашылық ішінде тасымалдауға болады, тасымалдау барысында оларды бөлек ұстау қажет. Ветеринарлық сертификатта немесе анықтамада міндетті түрде төлдердің бруцелезге қарсы вакцинацияланғанын және мерзімін жазу қажет.
Ірі қара малды, түйелерді, шошқаларды және құстарды тері ішіне туберкулин егу арқылы туберкулез ауруының бар жоғын анықтау қажет. Ірі қара мал және шошқаларды 2 айлық жасынан, түйелерді 12 айлық, құстарды 6 айлық жасынан бастап зерттеуге болады.
Басқа ветеринарлық өңдеулер өнімді сату кезінде жүргізіледі. Жануарларды тексерістен өткізгеннен кейін 30 күн өтсе, қайтадан зерттеулер әдістері өткізіледі.
Аусыл ауруымен ауырып шыққан, ауру малмен қатынаста болған жануарларды тек 12 айдан кейін (яғни ауру кездескен бекеттен оқшау алынған уақытта) тасымалдауға болады. Аусылға қарсы вакцинацияланған жануарларды, аусыл ауруы кездеспеген шаруашылықтан, 21 күннен кейін тасымалдауға болады.
Қойлар міндетті түрде креалинді негізінде жасалған қышымаға қарсы гексахлоран ерітіндісінде немесе басқа препараттарда өнделінуі керек.
Ірі қара малды тасымалдау алдында «бұзаутаз» трихофития ауруына қарсы ЛТФ-130 вакцинасын егеді. Осы ауруға шалдыққан малдарды тасымалдауға болмайды.
Соңғы жылдары түбітті жануарлар жиі тасымалданады, сондықтан көліктік ветеринарлық қадағалау олардың етқоректілер обасына қарсы вакцинациялануын және күзендерді ботулизмға қарсы вакцинациялануын тексеру қажет.
Шошқаларды алдыңғы жыл мерзімінде аурумен ауырса да, ауырмаса да 10 күннен кем емес аралықта тасымалдау алдында «оба» және «тілме» ауруына қарсы вакцинациялау керек.
Табындық жануарларды тасымалдау алдында капрологиялық зерттеулер өткізеді, яғни ірі қара және ұсақ малдарды –фасциелез, дикроцелиоз, диктиокаулез, монезиоз, шошқаларды аскаридоз және метастронгилез, жылқыларды – параскаридозға, құстарды –аскаридозға және гетероакидозға тексереді.
Жөнелтуші жануарларды клиникалық тексерістен өткізу керек. Жануарлардың дене қызуы төмен не жоғары болса, әлсіз және арық, соған қоса жануарларда әртүрлі жарақаттар болса, тасымалдауға рұқсат берілмейді. Тасымалдау кезінде жануарларды күтіп бағып, жұмыс істей білетін жол серіктерін дайындау керек.
Тасымалдау алдында жануарлар санына, тасымалдау уақытына, қашықтығына байланысты азықтар мен суды, төсеніштерді, суаратын ыдыстарды, шелектерді, күректерді т.б. есептеп дайындап қою керек.
Шөп пен сабанға №3 ветеринариялық сертификат немесе анықтама беріледі, анықтамада азықтардың сапасы мен зертханалық нәтижелері жазылады. Жөнелтуші, жануарларды тиеу орнына апарар алдында, 3 күн ішінде тасымалдауға рұқсат беретін ветеринарлық сертификатты немесе анықтаманы алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |