Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІКТЕРІМЕН ЖАНУАРЛАРДЫҢ БАРЛЫҚ



бет71/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   172
Байланысты:
index

ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІКТЕРІМЕН ЖАНУАРЛАРДЫҢ БАРЛЫҚ
ТҮРІН ТАСЫМАЛДАУЫНДА ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-
САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Темір жол көлігімен ауылшаруашылық жануарлар мен құстардың барлық түрлерін (бағалы аңдарды, зертханалық, хайуанаттар бағының жануарларын, теңіз аңдарын, араларды, балықтарды қоса, бұдан әрі - құстар) тасымалдауға ұсыну «Жөнелтушінің коса берілген құжаттары» деген бағанында көрсете отырып, жүкқұжатқа қосымшасымен және ветеринарлық қадағалау саласындағы тиісті уәкілетті органдар берген ілеспе құжаттар болған кезде жүзеге асырылады. Вагондап жөнелтілімдермен жануарларды тиеу, түсіру кірме жолдарда жүргізіледі.
Жануарларды тасымалдау алдында ветеринарлық бекеттің вет инспекторы 2-3 күн бұрын жүк жөнелтуші шаруашылығына барып, келесі шараларды өткізеді: аймақтық саулығын; құжаттардың дұрыс ресімделуін тексереді; жануарларды клиникалық қарап, термометрия өткізеді; азықтар, төсеніш, суару жабдықтарын, сапалы болуын тексереді; жолсеріктермен әңгіме кеңес өткізеді. Осы зерттеу нәтижелері бойынша акт толтырылып, жануарларды арту стансасына жөнелтуге рұқсат беріледі.
Жөнелтуші 3-5 күн бұрын жануарларды көліктік азық режиміне көшіреді. Жануарларды экспортқа әзірлеу 3-ай бұрын «Экспортқа жөнелтілетін жануарлар мен құстарды таңдау, ветеринарлық өңдемелеу ережелеріне» сәйкес өткізіледі. ТМД және алыс шетелдерден келетін жануарлар «ҚР жануарларды, жануартекті өнімдер мен шикізаттарды импорттау кезіндегі ветеринарлық санитарлық шаралар туралы нұсқаулыққа» сәйкес жұргізіледі, және індеттік аурулармен ауырған, не күдікті жануарларды шет елдерінен енгізу, шығару және біздің ел арқылы транзиттеуге қатаң тыйым салынады. Жөнелтілетін жануарларға №1 ветеринарлық сертификат беріледі.

Жануарларды вагондарға арту, қабылдау кезіндегі ветсанбақылау


Жануарларды тиеуге таза, ал асыл тұқымды жануарларды тиеуге - жуылған және залалсыздандырылған вагондар беріледі. Вагондардың жануарларды тасымалдауға жарамдылығын жүк жөнелтуші мемветинспектормен бірлесіп белгілейді. Мұндай тасымалдау үшін улы химикаттар мен минералды тыңайтқыштарды тасымалдаудан кейін босаған вагондар беруге тиісті өңдеусіз рұқсат етілмейді. Жануарларды арту орны мен уақыты жайлы мәліметті алған соң көліктегі ветеринарлық санитарлық бекеттің ветеринарлық инспекторы келесі шаралар өткізеді: станса өкілімен және жөнелтушімен бірлесіп вагондар жарамдылығын тексеріледі; қажетті азық мөлшері анықталады; клиникалық қарау мен термометрия жүргізіледі. Аға жолсерік шаруашылықтан азықтар мен төсеніштерді барлық жол бағытына жеткілікті етіп алуға міндетті. Азықтар мен төсеніштерді тасымалдау үшін, бір вагон әр 10-16 вагондағы жануарларға есебінен беріледі, жануарларды күту үшін бір вагонға 1 жолсерік, ал асыл тұқымды жануарларға 2 жолсерік бекітіледі.
Жануарларды және құстарды вагондарға арту, мал тиеу алаңы бар, жануарларды тиеуге арналған баспалдағымен тиегіштері, бүйірлік қабырғалары бар стансаларда өткізіледі. Бірден автокөліктен артуға болмайды (2 Сурет).

Сурет-2. Ірі қара малды вагондарға арту платформасы арқылы тиеу көрінісі.
Зертханалық, хайуанаттар бағының жануарларын тасымалдау мамандандырылған вагондарда немесе осындай тасымалдау үшін жабдықталған жабық вагондарда жүргізіледі (2 сүрет). Жануарларды тасымалдау үшін жалға алынған мамандандырылған вагондарды пайдалану тәртібі жалға алу шартымен реттеледі.
Артарға дейін жануарларды көлемі, салмағы, жынысы бойынша топтап сұрыптайды. Арту кезінде айқай-шу, ұрып-соғу болмауы тиіс, жануарларды тиеу, түсіру тәуліктің жарық уақытында жүргізіледі, жануарларды тәуліктің қараңғы уақытында тиеуге, түсіруге жеткілікті жарықтануы болғанда ғана рұқсат етіледі.



Сурет-3. Жануарларды тасымалдайтын вагондар түрлері
Стансада жұқпалы ауру не күдікті жануар анықталғанда, барлық жануарларды тасымалдануына тыйым салынады, олар шаруашылыққа қайтарылады немесе белгіленген тәртіпте сойылуы үшін еткомбинаттарына жіберіледі. Вагондарда тасымалдауға керек құралжабдықтары темiр жолмен немесе жүк жiберушi (жүк алушы) келiсiмiмен жабдықталады.
Жiберiлген малдарға, құстарға, араларға және өсiру, тiрi балыққа, балық өсiретiн материалдарға, ұрықтандырылған уылдырықтарға, жүк жiберушi мiндеттi түрде, бақылаудағы жүктердiң шыққан жерiнен, аумақтық ветеринариялық мекемесi берген ветеринариялық сертификатын көрсетедi. Ветеринариялық сертификатсыз жануарлар мен құстар тасымалдауға жiберiлмейдi. Ветеринариялық сертификат әрбiр вагонға бөлек берiледi, оны тасымалдау құжаттарына қосады. Малдың саны 5 дейін болса, бір сертификатты беруге болады, онда кесте ретінде әр малдың құлағының ені, таңбасы, түрі, аты, салмағы көрсетіледі, егер малдың саны 5 бастан асса, олардың тізімі болу керек, ол тізімге шекара бекетінің ветеринарлық инспекторы қол қояды және сол тізім осы сертификаттың ажыратылмас бөлігі болып табылады. Егер жүкті жүк жiберушiмен бiр стансаға және бiр жүк алушыға жолдаса, бiрнеше вагонға бiр сертификат берiледi. Жануарлар және құстар шет елдеріне жiберiлгенде, ветеринариялық сертификат әрбiр вагонға берiледi. Ветеринариялық сертификаттың жұру мерзімі- ол берiлген күннен бастап жеткізілетін бекетке дейін жарамды болып саналады.
Станса бастығы, жүк тасушы мен мемлекеттiк ветеринарлық қадағалау мекемесіне мал мен құсты тиеуге 24 сағат уақыт бұрын хабар бередi. Жануарлар мен құстар станса бастығы тағайындаған уақытта стансаға жеткiзiлiп, тиеуге дейiн бүкiл вагондар ветеринарлық инспекторымен қаралуы керек. Жануарлар мен құстарды тиеуге рұқсат етiлсе, ол туралы ветеринарлық сертификатта белгi қойылады, ал тиеуге тыйым салынса, ветеринарлық сертификаттың алынғаны туралы акт жасалынады, бұл туралы станса бастығына хабар берiледi. Тиеуге ветеринарлық инспекторы тыйым салса, жүк жiберушi мiндеттi түрде 2 сағат аралығында тиеуге жiберiлмеген жануарларды және құстарды станса аумағынан алып кетуi керек.
Бір төрт діңгекті вагонға арту нормасы жануар түріне, жасына, көлеміне, салмағына байланысты анықталады. Асыл тұқымды жануарларды арту нормасы жүк жөнелтушінің көліктегі мемветқадағалау орындарымен келісімі бойынша өзгертіле алады.
2 Кесте
Төрт діңгекті вагонға әр-түрлі жануарларды тиеу нормасы

Жануарлардың түрі мен жасы

Бір вагонға тиеу саны, бас

Сойылатын ІҚМ Ересек ІҰМ

16-24

ІҚМ төлдері

24-28

350-500кг салмақты бордақылау өндірісіндегі төлдер

10-12

Бұзаулар

30-50

Жоғары өнімді және асыл тұқымды ірі қаралар: Сиырлар

8

Ересек бұқалар

4

Тайыншалар, бұқашықтар, құнажындар

10-12

ҰҚМ:
Қойлар мен ешкілер

8-110

Шошқалар:
30-60 кг салмақты

60-80

60-80 кг

50-60

80-100 кг

44-50

100-150

28-44

150

20-28

Жылқылар:
Сойылатын жылқылар

14 көп емес

Асыл тұқымды және атжарыс жылқылары

10-12 көп емес

Түйе

8

Бұғы

12-16



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет