Жылқыларды вагондарда көлденең бойы қатар бастарымен есiкаралық кеңiстiкке қарай орналастырады. Жолсерiк жүріп тұруы үшiн ортаңғы қатарда шеткi қатарға қараған бiр жылқыға аз орналастырылады. Жылқылар тек қана тағасыз түрде тасымалданады. Қысқа бағыттар болса, рационнан дәндесін азықтар алынады.
Iрi қара мал вагонда ұзын бойы және көлденең түрiнде орналастырылады. Көлденең бойы артылғанда, тиеу алдында вагонның көлденең қабырғасының алынбайтын тақтайына бұрандамен мал байлауға темiр шығыршықтар жапсырылады, 1-2 малға бiр шығыршық. Вагонның екi басына, әрқайсысы екi тақтайдан құралатын, вагонның алынбайтын тақтайына, вагонға көлденең, вагонның беткi қабырғасына тiреп сөрелер орнатады. Iрi қара мал тиелiп болғаннан соң, есiк жақтауларына тор қойылады. Iрi қара малды көлденең орналастырылғанда вагонды жылқыларды орналастырылғандай жасалынады, тек есiкке қойған тақтай орнына тор қойылады. Қой, ешкi, шошқа және iрi қара малдың төлдерi вагондарға бос артылады.
Вагондарға бұқа мен сиырды, қой мен қошқарды, шошқаның ұрғашысы мен аталығын және жануарлар мен құстың әр түрлерiн бiрге тиеуге болмайды. Егер жануар мен құстың әр түрлi жыныс және түрiмен тасымалдауға бөлек вагондар болмаса, оларды мiндеттi түрде мықты шарбақпен бөлiп тасымалдауға болады.
Бұзау, қой, ешкі, шошқалар, қашарлар бос артылады. Шошқаларды қыс уақытында сыртқы ауа температурасы 25°С төмен болса, ал жаз уақытында 25°С жоғары болса, үлкен семiз шошқалар (салмағы 100 кг көп) тиелiнбейдi және тасымалданбайды.
Ұсақ жануарлар тор жәшiкте бiрнеше қабатта тасымалданады. Үстiңгi тор мен төбенiң және вагонның қабырғасының аралығы 0,2 м болуы керек. Жәшiк пен торлар қабырғаны бойлап орналастырылып, ортасынан малдарға қарау, жүру және ауа ағымы болуы үшiн орын қалдырылады. Тор және жәшiктердiң түбi бүтiн болып және тиелген соң жақсылап бекiтiлуi керек.
Бағалы аңдар, олардың түрлерiне қарамастан темiр жол немесе мықты ағаш, есiгi темiрмен торланған торларда тасымалданады. Тор есiктерi мықты есiктiң иегiмен және құлыпқа жабылуы керек. Жеткiзудiң белгiленген уақытына байланысты, жүк жiберушi мал мен құсқа жеткiлiктi түрде жол бойына азықпен және төсенiшпен қамтамасыз етедi (3-кесте). Қыс уақытында ауаның сыртқы температурасы 15°С төмен болса, қыспақ, барда, сүрлеммен жануарларды азықтандыруға болмайды.
3-Кесте. Жануарларды темір жол көлігімен тасымалдағанда азық және төсенішпен қамтамасыз етудің тәуліктік нормасы
Жануарлар
|
Пішен (шөп)
|
Құрама азықтар
|
Төсеніш
|
Асыл тұқымды, жұмысшы жануарларға, кг/басына
|
1,5 жастан кейінгі сиырлар мен бұқалар
|
10-12
|
2-3
|
2
|
Ірі қара мал төлдері
|
6-10
|
1,5-2
|
2
|
Қойлар мен ешкілер
|
3
|
0,5
|
0,3
|
Ересек шошқалар
|
-
|
3-4
|
1,6-2
|
6 айлыққа дейінгі шошқалар
|
-
|
2-3
|
1
|
Асыл тұқымды
жылқылар
|
12-14
|
3-4
|
2
|
Жұмыс жылқылары
|
10-12
|
2-4
|
2
|
Қояндар
|
0,1-0,15
|
0,1-0,15
|
0,1
|
Союға жіберілетін жануарлар, 1ц кг салмаққа
|
Ірі қара малдар
|
4,5
|
-
|
1,5
|
Қойлар мен ешкілер
|
5,5
|
-
|
0,5
|
Шошқалар
|
-
|
2,5
|
1
|
Достарыңызбен бөлісу: |